Педагогика


Баланың фантазиясы һәм оның ѳркендеуі



Pdf көрінісі
бет35/64
Дата24.11.2023
өлшемі2.51 Mb.
#484394
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   64
Педагогика

Баланың фантазиясы һәм оның ѳркендеуі. Балада қиял
ерте 
оянады. 
Бірақ 
оның 
жанында 
суреттеулер 
аз
болғандықтан, қиялы да бай емес. Әйткенмен де бала
әсерленімпаз болғандықтан, оның аз, тайыз қиялы ашық,
жанды болады. Бала түсін ѳңім деп біледі. Балаға дүниедегі
бар заттың бәрі жанды сықылды кѳрінеді. Баланың түсінуінше
дүниеде мүмкін емес нәрсе жоқ. Бәрі мүмкін, бәрі болатындай.
Бала ертегінің бәрі шын деп ұғады. Жоғарғы ерні қыбырлап,
тѳменгі ерні жыбырлап Қобыландының Тайбурылы сѳйлейді
десең, кѳк ешкінің құйыршығы жұлынып қалған соң, бір
құйыршық бала болыпты десең, қотыр тай құрық салғанда
құнан болды, жүгендегенде дѳнен болды, ерттегенде бесті ат
болды десең, бала осылардың бәрін шын кѳреді.
Ертегі. Жан тұрмысы ѳркендеу үшін, яғни ойы, ақылы
86


кеңейіп, құлқы түзеліп, тілі баю үшін жас балаға ертегі – тым
қымбат нәрсе. Бала ертегіні жан-тәнімен тыңдайды. Ертекке
шын кѳңілімен нанады. Бала құрғақ ақылды ұқпайды.
Жандандырып, суреттеп алып келсең ұғады. Мысалы, балаға
ѳтірік айтпа деген құрғақ сѳзің желге айтылғанмен бірдей.
Егер сен балаға ѳтірікші туралы ертек айтсаң, сол ертекте
ѳтірікшінің ѳтірігінен қор болғанын, зиян кѳргенін суреттеп
алып келсең, міне, бала ѳтірік айтпау керек екендігін сонда
ұғады. Қысқасы, балаға ертегі – тым қымбат нәрсе. Бірақ
ертегінің ертегісі бар. Кейбір ертектер баланы бұзудан басқаға
жарамайды. Мысалы, дию, пері, жалмауыз кемпір, аруақ,
кѳрден кебінін жалмап шығатын обыр, жын- шайтан секілді
ертегілерді балаға айту тіпті дұрыс емес. Мұндай ертегілер
баланы бұзады, қорқақ, жасық қылады. Қазақтың баланы
«
бѳки келеді», «қызыл кѳз келеді» деп қорқытулары да тым-ақ
жарамайтын іс.
Бала ойыны. Баланың қиялы әсіресе ойыңда жарыққа
шығады. Ойын – балаға кәдімгідей бір жұмыс. Ойнағанда бала
әсерлерімен пайдаланады. Айналасындағы тұрмыста нені
кѳрсе, соны істейді. Мысалы, қазақ баласы біреуі ат болып
қашады, біреуі құрық салады. Шырпыларды тізіп-тізіп кѳш
жасайды. Балшықтан мал жасайды, қуыршақтан қыз жасап,
таныстырады, күйеу келтіреді, құда түсіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет