Педагогика



Pdf көрінісі
бет32/64
Дата24.11.2023
өлшемі2.51 Mb.
#484394
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   64
Педагогика

Есті ѳркендету жолдары. Естің ѳркендеуі үшін тѳмендегі
шарттардың орындалуы керек.
1) 
Әсердің күштілігі. Әсер күшті болса, есте ұзақ ұсталады.
Мысалы, қатты дауыл, сұрапыл боран сықылды күшті
кѳріністер тез ұмытылмайды. Қатты дауыс пен ашық
ұқтырылған сабақ баланың есінен шықпайды. Бір сабақтан
80


бала күшті әсер алу үшін баланың сол сабаққа құмар болуы
шарт. Баланы құмар қылу үшін мұғалім ѳзі құмар болу керек.
Мұғалім сабақ бергенде ѳзі есіней түсіп, ыңылдап тұрса,
шәкіртте құмарлық бола ма?
2) 
Сыртқы сезімдердің кѳбінің қатынасуы. Бір затпен
танысқанда сыртқы сезімдердің кѳбі қатынасса, ол зат
ұмытылмайды. Міне, балаға бір нәрсені білдіру керек
болғаңда, осы жолды ұстау керек. Яғни, мүмкін болғанынша,
баланың сыртқы сезімдерінің кѳбін қатынастыру керек.
Мысалы, бір заттың түрін де кѳрсет, дыбысын да естірт,
ұстатып та кѳр, иіскет, дәмін татқыз, сипат, суретін салғыз.
Баланың жаратылысының ѳзі осыны тілейді. Бала ѳзінің
кѳрген нәрсесін ұстағысы келеді, естіген нәрсесін кѳргісі келеді.
Ұстаған нәрсенің дәмін татқысы келеді. Міне, осы жолды
ұстағанда баланың білімі берік болмақ. Мысалы, дұрыс жазу
үшін құр ережелерді білу жетпейді. Қолдың, кѳздің, құлақтың
әдеттенуі шарт.
3) 
Жаңа білімді бұрынғы біліммен байлау. Бір нәрсенің еске
тез алынуы һәм естен тез шықпауы үшін ол нәрсенің бұрын
есте бар нәрсеге байлануы шарт. Мысалы, саудагер заттардың
бағасын есте ұстампаз келеді. Мұғалім осыны ескерту керек.
Яғни бір нәрсені бала есіне тез алсын һәм есінде ұзақ ұстасын
десе, балаға жаңа беретін білімді жат күйінше бермесін,
баланың бұрынғы таныс білімдеріне байлап берсін.
4) 
Пысықтау. Бала жаңа білімді неғұрлым кѳп пысықтаса,
есінде сонша берік болып қалады. Бұрынғы Рим елінен қалған
бір дұрыс мәтел бар «пысықтау – білудің анасы» деген.
Мұғалім балаға оқытқан нәрсесін кѳп пысықтату керек. Бірақ,
мұғалім, құрғақ жаттауға кірісіп, баланы бұзып алып жүрме.
Осы жоғарыдағы айтқан шарттар табылмаса, адам ессіз,
ұмытшақ болады. Бірақ психология пәні адамда біржола
ұмыту болмайды дейді. Яғни адам бір білген нәрсесін біржола
ұмытпаса керек. Тек кейбір нәрсені еске түсіру қиын болады
дейді.
81




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет