Педагогика


Адам ѳмірі үшін фантазияның керектігі



Pdf көрінісі
бет34/64
Дата24.11.2023
өлшемі2.51 Mb.
#484394
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   64
Педагогика

Адам ѳмірі үшін фантазияның керектігі. Фантазия
ѳмірдің гүлді, кѳрікті болуының түпкі діңгегі. Фантазиясыз
адам – тұсаулы есек. Фантазия ақылды кеңітеді. Фантазиясыз
жаңадан бір нәрсені ойлап табуға мүмкін емес, фантазия
құлықты түзейді. Біз құлықсыз адамның орнына ѳзімізді
қойып, құлықсыздықтан жиренеміз. Фантазия әдемілік сезімін
тереңдетеді. Біз неше түрлі әдеміліктерден фантазия арқылы
ғана ләззат ала аламыз.
Фантазиясыз адам ѳмірі үнсіз, түссіз бір нәрсеге айналмақ.
84


Мылқау ѳмірге үн беретін, сақау ѳмірге тіл беретін, жоқты бар
қылатын, барды гүлді, кѳрікті қылатын, бізді арсыға аяқ
басқызып, тәңірімен тілдестіретін – сол фантазия. Осы
фантазияны қазақтың ең терең сыршыл ақыны Шәңгерей
Бѳкеев мынадай деп суреттейді:
Таудағы тас ұядан,
Лашындай сарыққан қиядан
Шалқып сѳзім шығады,
Ойласам пікір-қиялдан.
Аспалап қиял кетеді,
Шыққан оқтай жаядан.
Жасындай барып жалт етіп,
Кѳк капусын ашады,
Жарығына алданып,
Дидарға қадам басады...
Баланың қиялын – фантазиясын тәрбие қылу жолдары.
Біз жоғарыда қиял деген жандағы бір суреттеулерден жаңа
суреттеу жасау дедік. Бұдан кѳрінеді: қиял терең һәм бай болу
үшін жанды суреттеулер кѳп болу керек екен. Адам неғұрлым
білімді, тәжірибелі болса, қиялы да сонша бай болсын десек,
оның білімді болуына ыждиһат қылу керек. Бала тұрмыспен
кѳзбе-кѳз таныссын. Оның есінде, жанында кѳп білім болсын,
жан-жануардың 
тұрмысын 
бақыласын. 
Жаратылыстың
тұрмысымен таныс болсын. Міне, сонда баланың қиялы ѳткір
һәм бай болмақ.
Қиялды ѳркендетудің екінші жолы – баланы қиялды аса
керек қылатын ғылымдармен таныс қылу: әдебиет, тарих,
жағрафия, жаратылыс сықылды.
Сѳз арасында арнап қазақ баласының қиялы туралы бір-екі
сѳз айтып ѳтейік. Жаратылыстың құшағында, меруерт
секілденген кѳк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем
үстінде күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге
жүгіріп, алдындағы малымен бірге ѳріп, сары сайран далада
туып, ѳсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, ѳткір, терең
85


болуға тиісті. Бірақ қазақ қиялы тәрбие кѳрген жоқ, әлі тағы,
әлі бала. Біз күндер, жылдар ѳткен соң қазақ қиялы тәрбие
алып, тереңдеп, адамзат дүниесін бастайтын бір жарық
жұлдыз болар деп иманымыз кәміл.
Тағы бір сѳз. Орыс учительдерінің аузыңда және солардан
сабақ алған қазақ оқығандарының аузында бір сѳз бар – қазақ
баласы әдебиет, тарих сықылды ғылымдарға зерек болмайды,
бәлки математика, есеп пәніне зерек болады деген. Мен бұл
пікірді қате ме деп ойлаймын. Менің ойымша, қазақ баласы
математикаға емес, әдебиет, тарих, жағрафия, жаратылыс
сықылды ғылымдарға зерек болуға тиісті. Дәлелім: қазақ
баласының жаратылысы осыны тілейді. Баланың атаға тартуы
рас болса, сиқырлы даланың баласы қазақ баласы да
қиялқұмар болуға тиісті. Яғни ол әдебиет, тарих сықылды
қиялды кѳп керек қылатын ғылымдарға ұмтылуға тиісті. Ал
енді 
орыс 
школасында 
оқыған 
қазақ 
баласының
математикашыл болуы: әдебиет, тарих сықылды ғылымдарды
сѳйлеуге, жазуға орыстың тілін білмеген соң бейшара қазақ
баласы 
тіл 
керек 
қылмайтын 
математиканы, 
есепті
айналдырмағанда қайтсін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет