оқығаннан да мұғалімнің сѳйлегенін тыңдағанда тез жаттап
алатын болады.
3)
Қозғалу есі яки мотор есі. Қозғалу есі күшті
адам заттың
қозғалуын есінде ұстайтын болады. Мысалы, кейбір адам
таныстарының жүріс-тұрысын ұмытпайтын болады. Адамда
осы ес түрлерінің біреуінің күшті болуы кѳбінесе тұқым
қуалайды. Мысалы, әнші,
домбырашы, ѳлеңшінің баласында
есту есі күшті болады. Және бір адам кѳңіл қойған нәрселеріне
есті болып, кѳңіл қоймағандарына ессіз болуға мүмкін.
Мысалы, ѳлеңші ѳлеңді тез жаттампаз болады. Атақты
жаратылыс ғалымы Линей ѳсімдік
аттарын жаттауға шебер
болған да, шет тілдерді үйренуге тым-ақ топас болыпты.
Адам ѳмірі үшін естің керектігі. Ес ѳмір үшін аса керек.
Ес болмаса, бүгін жаттағанын бүгін ұмытып тұрса, ѳмірінде
адамның білімі артпас еді. Адам адам да болмас еді. Ес болса
ғана адам білімді бола алады. Ес болса ғана адам дұрыс ойлай
алады. Ес неғұрлым мол, бай болса, ой да терең болады. Терең
ойлы адамдардың аса есті болғандығы бізге тарихтан белгілі.
Балада ес болмаса, оған ешбір нәрсе үйретуге мүмкін емес.
Сондықтан тәрбиеші баланың есті болуына аса кѳп күш
жұмсау керек.
Баланың есі. Жеткен адамның есіне қарағанда баланың есі
тым әлсіз. Бала тез ұмытады. 2–3
жасар бала аз уақыт ата-
анасынан айырылып тұрса, оларды танымай қалады. 9–12
жасар бала шетелде ана тілін біржола ұмытып қалады. Бала
ұмытып қалып, бір нәрсенің атын қайта-қайта сұрай береді,
бір кѳрген нәрсесін қайта-қайта қарай береді. Ес түрлерінен
балада есту есінен кѳру һәм қозғалу есі күшті.
Достарыңызбен бөлісу: