Педагогика



Pdf көрінісі
бет42/64
Дата24.11.2023
өлшемі2.51 Mb.
#484394
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   64
Педагогика

й шығару қалай жасалады? Біз бір ұғымды екінші
ұғымға байлап қойып, яғни хұкім жасап қана
қанағаттанбаймыз, бәлки осы хұкімді басқа хұкімдермен
салыстырып, 
осы 
хұкімді 
анықтаймыз. 
Мысалы, 
біз
«
Сәрсембай» һәм «ѳлу» деген ұғымды аламыз да, осы екеуінен
жасалатын «Сәрсембай ѳледі» деген хұкімді анықтау үшін
басқа хұкімдермен салыстырамыз, яғни «Сәрсембай һәм ѳлу»
ұғымдарын «адам» деген ұғымға байлап қараймыз, яғни
былай ой жүргіземіз: «Адам ѳледі. Сәрсембай – адам. Ендеше
Сәрсембай да ѳледі»,– дейміз. Осында біз «Сәрсембай ѳледі»
деген жаңа хұқімді ана бізге бұрыннан белгілі екі хұкімнен
шығардық, туғыздық. Міне, осы бір яки бірнеше хұкімдерден
жаңа бір хұкім туғызу ой шығару деп аталады.
Ой шығару үш түрлі жолмен болады: 1) дедукция, 2)
индукция, 3) аналогия.
Дедукция – ойдың бір жалпы заңнан дербес бір кѳрініске
кѳшуі, екінші түрлі айтқанда, жалпы ойдан жалқы бір ой
шығару дедукция деп аталады. Мысалы, жалпы адамзат
ѳледі деген ойдан Сәрсембайдың ѳлетінін шығарамыз. Кѳп
пәнді, әсіресе математиканы үйренгенде, дедукцияның кѳп
97


пайдасы тиеді. Жай тұрмыс үшін де дедукция кѳп
қолданылады. Мысалы, доктор әрбір аурудың жалпы
сындарын білген соң, ауырып жатқан бір адамның ауруы не
екенін табады.
Силлогизм – дедукцияның кѳп қолданылатын түрі.
Силлогизм бағыты – екі хұкімнен жаңа бір хұкім шығару.
Жаңа шығарылған хұкім нәтиже деп аталады. Нәтиже
шығарылған екі хұкім қазба деп аталады. Қазбалар һәм
нәтиженің ішіндегі ұғымдар термин деп аталады. Былайша
нәтиженің айтылысы – зор термин, нәтиженің иесі – кіші
термин. Ал енді қазбалардың ішінде болып, нәтиже болмаған
ұғым орта термин деп аталады. Орта термин зор термин мен
кіші терминді байлайды. Ал енді ішінде зор термин бар қазба
зор қазба деп, ішінде кіші термин бар қазба кіші қазба деп
аталады. Мысалы, «адам ѳледі, Сәрсембай – адам, ендеше
Сәрсембай ѳледі» деген сықылды. Силлогизмде «ѳледі» деген
ұғым – зор термин. «Сәрсембай» ұғымы – кіші термин.
«
Адам» ұғымы – орта термин. «Адам ѳледі» – зор қазба,
«
Сәрсембай – адам» – кіші қазба.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет