Педагогика


Ұғым мен суреттеу арасындағы айырма



Pdf көрінісі
бет38/64
Дата24.11.2023
өлшемі2.51 Mb.
#484394
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   64
Педагогика

Ұғым мен суреттеу арасындағы айырма. Суреттеу
90


қашанда болса жалқы болады, яғни бір затты суреттеу деген
сѳз – сол затты белгілі бір орында, белгілі бір уақыттағы
түрімен, барлық сындарымен тірілтіп алып келу деген сѳз.
Мысалы, адамды суреттеу деген не Сәрсембайды, не
Бейсембайды, әйтеуір дербес бір адамды суреттеу болып
шығады. Белгілі бір түрсіз жалпы адамды суреттеу мүмкін
емес.
Ал енді ұғым жалпылықты тілейді. Жалпыламасаң, яғни
бір топ заттардың әрқайсысының дербес сындарын алып
тастамасаң, ұғым болмайды. Мысалы, жылқы туралы ұғым –
әрбір жылқының дербес сыңдарын алып тастасаң, торылығын,
кѳктігін, жалдастығын, қайқылығын сықылды, сонда ғана ұғым
болады. Яғни ұғым болу үшін заттардан алып, жалпы зат
жасау керек. Бірақ дүниеде жалпы зат болмайды. Мысалы,
дүниеде жалпы жылқы жоқ: не кѳк, не қара... Сондықтан ұғым
– 
ойдың ғана ісі. Ұғымды оймен ғана жасауға болады.
Ойлау 
мен 
қиял 
арасындағы 
айырма. 
Қиял
суреттеулерден жасалады. Ал ойлау болса ұғымдардан
жасалады. Мысалы, Қобыландының Тайбурылы туралы біз
ойлаймыз, қиял жүргіземіз. Жалпы жылқы туралы біз қиял
қыламыз, ойлаймыз. Қиял – суретті, жанды кѳрініс, ойлау –
белгісі бір тірі суретсіз жалаңаш кѳрініс. Қиял мен ойлау
арасындағы айырма – осы.
Ұғымның іші һәм ауданы. Бір ұғымды басқа ұғымдардан
айыратын сол ұғымның сындары ұғымның іші деп аталады.
Сол ұғымға кіретін заттар ұғымның ауданы деп аталады.
Мысалы, құс деген – ұғымның сыны, яғни ұша алатындығы,
тұмсығы, қанаттары – бұлар іші болады. Ал енді құс деген
ұғымға кіретін заттар: торғай, қарға, бүркіт, үйрек... –
ұғымның ауданы болады.
Ұғымның іші мен ауданының арасы. Іші мен ауданын
салыстырғанда әр ұғым әр түрлі. Іш пен аудан арасында
қарсылық бар, яғни ұғымның іші неғұрлым кең болса, ауданы
сонша тар болады. Ал енді аудан неғұрлым кең болса, іш
91


сонша тар болады. Адам һәм қазақ, ағаш һәм қайың деген
сықылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет