тұқым ұғым, әрі түр ұғым болуға мүмкін. Мысалы, «адам»
деген ұғым «қазақ» деген ұғымға қарағанда, жалпы һәм тұқым
ұғым. Ал енді сол «адам» ұғымы «жанды зат»
деген ұғымға
қарағанда дербес һәм түр ұғым.
Ѳзінің қомағына басқа ұғымдарды алатын ұғым соның
қомағына кіретін ұғымдарға қарағанда бағындырушы ұғым
деп аталады. Ал енді бағындырушы ұғымның қомағына кіретін
ұғымдар бағынушы ұғым деп аталады. Жоғарғы бір ұғымға бір
дәреже бағынатын ұғымдар
бірге бағынатын ұғымдар деп
аталады. Мысалы, «ағаш» ұғымы терек, қайың, қарағайға
қарағанда
бағындырушы ұғым, терек, қайың, қарағай
бағынушы һәм бірге бағынушы ұғымдар.
Достарыңызбен бөлісу: