ойлайды. «Пәлен бала тайға мініп жүр, мен неге мінбеймін».
«
Пәлен баланың
пәлендей ісін мұғалім ұнатпады, ендеше,
онда мен ондай іс істемеймін» деп ойлайды бала. Аналогия да
индукция сықылды кейде қате болуға мүмкін. Қате болуы екі
зат, яки екі кѳріністің бір-біріне болмашы бір сында бір-біріне
ұқсауынан барлық сында ұқсайды деп ой шығарудан болады.
Мысалы, киімдері ұқсас екі адамның білімдері де бірдей деп
нәтиже шығару, әрине, қате.
Гипотеза. Кейбір кѳріністердің
арасындағы байламды
бақылауға мүмкін болмайды. Ол уақытта біз бұл кѳріністер
туралы жалпы заңды жорып, болжап қана шығамыз. Жалпы
заңды жорумен, болжаумен шығару гипотеза деп аталады.
Мысалы, физикадағы әрбір зат молекула аталған негізгі ең
ұсақ бѳлімнен тұрады деген гипотеза сықылды.
Достарыңызбен бөлісу: