Педагогика



Pdf көрінісі
бет41/64
Дата24.11.2023
өлшемі2.51 Mb.
#484394
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   64
Педагогика

Хұкімдердің бѳлінуі. Хұкімдер былай бѳлінеді: 1)
жасалуына қарап, 2) қомағы яки санына қарап, 3) іші яки
сынына қарап, 4) ие мен айтылыс арасындағы байланысқа
қарап, 5) хұкімнің шындық дәрежесіне (модальность) қарап.
1) 
Хұкімнің жасалуына, яғни біз иеге айтылысты қайдан
алып отырмыз, соған қарап екіге бѳлінеді;
а) шешетін хұкім (анализ хұкімі). Егерде иеге сол иенің ѳз
ішінде жоқ бір сынды айтылыс қылсақ, шешетін хұкім жасаған
боламыз. «Кѳмір қара, қар суық» деген сықылды;
б) қоспа хұкім (синтез хұкім). Егерде біз иеге сол иенің ѳз
ішінде жоқ бір сынды айтылыс қылсақ, қоспа хұкім жасаған
боламыз. «Құлақ құлдыр, шаш сары» деген сықылды.
2) 
Қомағы яки санына қарап хұқім үшке бѳлінеді:
а) жалпы хұкім. Егерде ие қомағы таратылмай, ѳзіне
бағынатын дербес ұғымдардың бәрімен кәдімгі күйінде
алынып хұкім жасалған болса, мұндай хұкім жалпы болады.
Адам ақылды деген сықылды;
б) дербес хұкім. Егер иенің бұрынғы қомағы таратылып
алынып хұкім жасалған болса, – бұл хұкім дербес болады.
«
Кей адам ақын болады» деген сықылды;
г) жалқы хұкім. Егер иеміз жалқы болса, хұкім де жалқы
болады. «Абай ақын болған» деген сықылды.
3) 
Ішіне яки сынына қарап хұкім екіге бѳлінеді:
а) бекітетін хұкім. Айтылыс сын иеге жапсырылып
бекітілсе, бекітетін хұкім болады. «Жылқы шабады» деген
сықылды;
б) бекітпейтін хұкім. Айтылыс иеге бекітілмей, бекерленсе,
бекерлейтін хұкім болады. «Жылқы ұшпайды» деген сықылды.
4) 
Ие мен айтылыс арасындағы байламға қарап үшке
бѳлінеді:
а) кесімді хұкім. Егерде сын (айтылыс) затқа (иеге) күдіксіз,
шартсыз байланатын болса, «адам ѳледі деген сықылды;
95


б) шартты хұкім. Егерде сын затқа белгілі бір шарттармен
ғана байланатын болса, «қалауын тапса, қар жанады», «жаз
жетсе, қар ериді» деген сықылды;
г) бѳлмелі хұкім. Егерде затқа бірнешесі жапсырылып, бірақ
қайсысы екені кѳрсетілмесе, яки бір айтылысқа бірнеше ие
кѳрсетілсе, «мынау әйел не ұл табар, не қыз табар», «Я мақсұт,
яки ѳлім – екіден бір» деген сықылды.
5) 
Шындық дәрежесіне қарап хұкім үшке бѳлінеді:
а) мүмкін хұкім. Егерде айтылысты иеге байлаудың мүмкін
екендігі ғана кѳрсетілсе, «мүмкін Марста халық бар шығар»,
«
сар далада адасып, суық кебін жамылып қалармын, кім
біледі» деген сықылды;
б) шын хұкім. Егерде айтылыстың иеге жапсырылуы
тәжірибе, бақылау, куәлік арқылы тексеріліп, шын деп
табылса. «Ақмолла – қазақ ақыны», «Ахмет Байтұрсынов –
қазақ тілін кѳп тексерген», «Абылай – данышпан хан болған»
деген сықылды;
г) міндетті хұкім. Егерде дәлелдермен бекітіліп, бір
сынның бір затта болуы міндетті болса, «сезгіш адам сүйгіш
келеді», «суықта су қатып мұзға айналады» деген сықылды.
Хұқімдер жоғарыда саналған бѳлімдерге бѳлінгенмен, бір
хұкімде әлденеше бѳлім табылуға мүмкін. Мысалы, «қар
суық» деген хұқім – әрі шешетін, әрі жалқы, әрі бекітетін, әрі
киімді, әрі шын, әрі міндетті хұкім.
96


О
О Й
Ш Ы Ғ А Р У


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет