Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а



бет114/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

Ковальченко И. Д. Методы исторического исследования. М.: Наука, 1987. (2-е изд. 2003).
Могильницкий Б.Г. "Введение в методологию истории". М., 1989.
Могильницкий Б.Г. "История исторической мысли XX века" (Вып.1. Томск, 2001г., Вып.2. Томск, 2003г., Вып.3. 2008г.). 
Носовский Г. В., Фоменко А. Т.Новая хронология и концепция древней истории Руси, Англии и Рима. (Факты. Статистика. Гипотезы). Том 1–2»,– М.: МГУ, 1995) 


XIV. ХХ ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТСЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ


Соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ тарихнамасында көтерілген мәсе­лелер Орталықтың ғылым жөніндегі шешімдеріне сәйкес еді. Қазақ тарихшы­ларының алдына қойылған талаптар капитализмді аттап өткен шет ай­мақ­тарда социализм құру тәжрибесін зерттеу болатын. Сондық­тан тарихшылар алдында осы тәжрибені тер­ең зерттеп, көпшілік ара­сында пәрменді насихаттау қажеттілігі тұрды.
40–50 жылдардағы қазақ тарихнамасы.
Ермұхан Бекмаханұлы Бекмаханов (1915–1966) – қазақ кеңес та­рих­­шы­сы, тарих ғылымдарының докторы (1946 жылы), профессор, Қазақ КСР ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1962 жыл).
1933 жылы Семейдегі жұмысшылар факультетін бітірді. Тамбов пе­да­­го­гикалық институтының тарих факультетіне түсіп, ол жабылған соң Во­ро­неж пе­дагогикалық институның ауыстырылады. 1937 жылы Воро­неж қа­ла­сындағы педа­гогикалық институтын бітіргеннен кейін Қазақ КСР ха­лық ағарту коми­ссариатының жанындағы ғылыми зерттеу инс­ти­ту­тында ең­бек еткен. Отан соғысы жылдарында Республиканың халық ағ­ар­ту ко­мис­сариатының басқарма бастығы қызыметін атқарды. Со­ны­мен қа­тар Алматының жоғарғы оқу орын­дарында ұстаздық қызмет атқар­ған.
1946–1947 жылдарда Қазақ КСР Ғылым академиясында жаңадан құ­рыл­ған Тарих, археология және этнография институтыдиректорының ғы­лыми жұмыс жөніндегі орынбасары, 1947 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін Қазақ мем­лекеттік университетінде өзі ұйымдастырған Қазақстан та­рихы кафедрасын басқарды.
Е.Бекмаханов талантты тарихшы. Қазақтан шыққан алғашқы тарих ғы­лымдарының докторы. Оның негізгі шығармасы 1947 жылы Алма­ты­да орыс тілінде жарық көрген "XIX ғасырдың 20–40 жылдарындағы Қа­­зақ­­стан" атты монографиясы. Осы тақырыпта 1946 жылы Мәскеуде та­рих ма­ман­дығы бойын­ша докторлық диссертация қорғаған. Өкініш­ті­сі сол тұста ға­лымның концеп­ция­сы сынға ұшырады. Пікірталас акаде­мия­лық фор­мат­тан идеологиялыққа ұласты. 1951 жылы «Правда» газе­тіне Т. Ж. Шойын­баев, Х. Г. Айдарова және А.Ф. Якунинің қол қойған мақаласы жарық көр­ді. Бекмахановтың еңбегінде Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстың «феодалдық–монархиялық қозғал­ыс» деп атал­май, қазақ халқының ұлт–азаттық көтерілісі ретінде қарастыр­ы­луынан шыққан даудың соңы қазақ ғалымдарының осылайша тағы да жаппай қуғын-сүргінге ұшырауына әке­ліп соқты. Қазақ ғылымын үрей биледі. 1951 жы­лы университеттегі жұмы­сы­нан қуылып, партия қатарынан шы­ға­рылды. 1952 жылы 5 қыркүйекте тұт­қындалды. Екі айға жуық тер­геу жұ­мыстары жүр­гіз­іліп, 1952 жылдың 3 қарашасында № 699 іс бо­йын­ша Е.Бекмахановты айып­тау қорытынды­сы дайын болды. 1952 жылы 2 жел­­­тоқсан күні Қазақ КСР Жо­ғар­ғы Соты­ның Қылмыстық істер жө­нін­де­гі коллегиясының үкімімен Е. Бек­маханов 25 жыл мерзімге бас бос­та­н­дығынан айырылып, ГУЛАГ–тың алыстағы ла­ге­рінің біріне ай­далды.
Е.Бекмахановтың тиісті органдарға жазған көптеген арыздарының нә­тижесінде, академик, қоғам қайраткері Анна Михайловна Панкра­то­ва сияқ­ты қайырымды адамдардың көмегінің арқасында Берия атыл­ған­нан ке­йін оның ісі қайта қаралып, 1954 жылы 16 ақпанда ақталып шықты.
Айдаудан оралғаннан кейін ол өз концепциясын қайта қарауға мәж­бүр болды. 1957 жылы Мәскеуде көлемі 30 баспа табақ "Қазақстанның Ре­сейге қосылуы" атты монографиясы жарық көрді. Қазақстан тәуел­сіз­дік ал­ғаннан кей­ін Е. Бекмахановтың басты еңбегі – "XIX ғасырдың 20–40 жыл­дарындағы Қазақ­стан" ақталып, орыс және қазақ тілдеріндегі нұс­қа­ла­ры қайта басылды.
Е.Бекмаханов өзінің жемісті еңбегіне сай ғылым мен қоғамдағы ор­нын қайтадан алды. Оған университеттегі өзі ұйымдастырған кафедрасы қайтар­ыл­ды. Өмірінің соңғы он жылында өнімді еңбек етіп, терең мазмұнды ғылыми шығармалар жазды, қызы Найля екеуі бірлесіп орта мектептер үшін Қазақ КСР тарихының оқулығын жазды. Ас­пи­ранттарға жетекшілік жасап, өзінен кейін бір­неше ғылым кандидаттары мен докторларды дайындады.
Осы жылдары белгілі ғалым Нығымет Сәбитовтың зерттеушілік қыз­метіне тоқтала кетуді жөн көрдік. Ол қазақтың материалдық мә­де­ние­ті, тұр­мысы, ою–өрнек өнері жөнінде этнографиялық материалдар жина­ды. Ол әсіре­се, шығыстану ғылымында қазақ тілінің тарихи лек­си­ка­сын, дерек­теме мен би­б­­ли­ография саласында айтарлықтай еңбек сіңірді. Сонымен бірге қазақ ағартушылары Ш. Уәлиханов және Ы. Алтынсариннің өмірі мен қызметі, еңбектері бойынша библиогра­фия­лық көрсе­т­­кіш құрастырған. 
40–жылдардың соңынан бастап археологиялық экспедициялық зерт­теулер Қазақстан жерін түгел дерлік қамтыды. Оңтүстікте үйсін, қаңлы, Ба­тыс Түрік қағандығы ескерткіштерін, Шығыста қола дәуірі мен ежелгі көш­пелі тайпалар мәдениетін, Орталықта көне заман мә­де­ниетінің жұр­нағын қазу жүзеге асырыл­ды Әсіресе Ә.Марғұлан, А.Н.Берн­штам, С.С.Чер­­­­­­­­­ников сияқты ғалымдардың еңбегі ерекше. КСРО ҒА–ның С.П.Толстов бастаған Хорезм археологиялық–этно­гра­фия­лық экспеди­ция­сы Жетіасар және Алтыасар қалаларының орнына зерттеу жүргізіп, көш­пе­лі және отырықшы мәдениеттердің қарым–қатынасы мен өзара бай­ла­ны­сы жөніндегі аса іргелі мәселе аса бай жаңа археологиялық материал негі­зінде баяндалды.
Алғашқылардың бірі академик С. Бәйішев 1961 жылы «Қазақ­стан­дағы социализм жеңісі: мәселенің теориясы мен тарихы жө­нін­дегі очерк­тер» кітабы жарық көрді. Осыдан кейін «Қазақстан Ком­партиясы тари­хы­ның очерктері» (1963), «Қазақ КСР тарихы. Со­циа­лизм дәуірі» (1963, 1967) кітаптарында, «Қазақ КСР тари­хы­ның» 4 және 5-томдарында, сондай-ақ үш томдық «Кеңестік Қазақ­с­тан­­ның мемлекет және құқық тарихы», Қазақстан сияқты артта қалған өңірде социалистік құрлыстың жеңуі жан жақты дәлелденді. Кей­­бір авторлар Қазастанда өнеркәсіптің, ауыл щаруа­шылығының, тран­спорттың дамуы сиқты тақырыптарға қалам тартты.
1960-1980 жылдары «КСРО-дағы және одақтас респу­бли­ка­лар­да­ғы мәдениет төңкерісінің тарихы» бойынша ғылыми-зерттеу жұ­мыс­тары жүргізілді. Бұл ізденістер мәдениет тарихын зерттеудегі басты тақ­ы­рып етіп алынды. Қазақстанда да 1950 жыл­дар­дың екінші жартысы мен 1960 жылдардың ортасында бірнеше моногра­фия­лар, кітапшалар мен мақалалар жарық көрді.
Мәдениет дамуының тарихы «Қазақстан Компартиясы тарихы­ның очерктері» (1963), «Қазақ КСР тарихы. Социализм дәуірі» (1963, 1967) кітаптарында, «Қазақ КСР тарихының» 4 және 5-томдарында, сондай-ақ үш томдық «Кеңестік Қазақстанның мемлекет және құқық тарихында», көп­томдық КСРО тарихында (7-т., М., 1967) зерделенді.
Тарихшылардың Бүкілодақтық Кеңесінің (Мәскеу, 18-21 жел­тоқ­сан, 1962жыл) шешімдері, сондай-ақ тарихи деректердің жария­лануы тиімді ғылы­ми ізденістерге кең жол ашты. 1960 жылдардың орта тұсын­да «Қазақстандағы мәдениет кұрылысы» (1918-1932) және «Қазақ­стан Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы жылдары кезеңінде» (1941-1945) жинақтарының бірінші томдары жарық көрді. 1965 жылдың ма­мыр-маусым айларында Мәскеуде өткен кеңестік мәдениет тарихының пробле­малары жөніндегі мәжіліс «КСРО-дағы мәдениет құрылысы» тарихы және Қазақстандағы мәдени-тарихи үрдістер тур­алы жалпы тұжырымдар жасалған еңбектердің жарық көруіне колайлы жағдай жасады.
Ұзақ уақыттар бойы Қазақстанның мәдениет тарихын көрнекті ғалым, академик Р.Б. Сүлейменов зерттеді. Ол өз ізденістері нәти­же­сін­де көптеген іргелі монографиялар мен мақалалар жазды. Бұлардың іші­нен Х.И. Бисенов­пен бірігіп жазған «Артта қалған халықтардың мә­де­ни дамуының социа­листік жолы (Қазақстан кеңестік мә­дение­ті­нің қалыптасу тарихы. 1917-1965)» еңбегін айрықша атап өтуге бо­лады. Сондай-ақ «Мәдени төң­кер­і­с­тің лениндік идеялары және оның Қазақстанда жүзеге асырылуы» іргелі монографиясы да мәдениет тарихын зерттеудегі құнды еңбек саналады.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан мәдениетінің тарихы кең ауқымдық құжаттық негізде академик М.К. Қозыбаевтың іргелі енбек­тер­нде қарастырылды. Бұл еңбектерде автор Қазақстан мәдениеті, қоғамдық өмір­дің осы саласына партиялық басшылық мәселелерімен ғана шектеліп қал­май, еңбекшілердің майдан мен тылға көмегі, соғыс жылдарындағы мәде­ни өмір жақтарын да терең қамтыған.
1970-1980 жылдары жарық көрген А.К. Қанапин мен А.Д. Яндаро­втың, Н. Жанділдиннің, К. Бейсембиевтің, М. Бурабаев пен В. Чер­няктің монографиялық еңбектері және Р.Б. Сұлейменовтің «Қазақ­стандағы мәдени төңкерістің зерттелу кезеңдері» атты мақаласы халқымыздың рухани өміріндегі өзгерістер туралы кең әрі терең түсі­нік­тер тұрғысында жазылған. Қазақстан тарихшылары, сондай-ақ зиялы қауымның, оның ішінде ұлт зия­лы­ларының да қалыптасу тарихы жө­нін­де, бұл ретте олардың өздерінің ойынша, бұл үрдістің ерекше жақтарын аша отырып, зерттеулер жүргізді.
Осы жылдары тағдырлары еліміздің тарихымен біте қайнасқан бірқатар ғалымдар мен жазушылар, артист, әншілер қазақ­стан­дық­тар­дың жаңа ұрпа­ғына өткен өмір жолдары туралы естеліктерін арнады. Қазақстан зиялылары аға буын өкілдерінің шығармашылық жолы мен тағдыры мәдени дамудың тарихын және осы заманғы мәдениет түр­ле­рі­нің қалыптасу ерекшеліктерін аш­ып берді. Сонымен қатар олар өнердің дербес жанрларының, тұтастай ал­ғанда мәде­ниеттің дамуына қосқан әрқайсысының жеке үлестерін де бей­нелеп көрсетеді.
Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанда қоныс тепкен кеңестік бел­гілі мәдениет қайраткерлерінің әр жылдары жариялаған естеліктерінде сол жыл­дары тізе қосып, бірге еткен еңбек пен рухани өмір жайлы айтылады. Автор­лар­дың өздеріне тән жеке әсерлерінің көптүрлілігі со­ғыс сынағының ауыр жыл­дарындағы республиканың мәдени өмірінің жа­л­пы кескін-келбеті туралы түсінігімізді кеңейтуімізге және байы­туы­мызға мүмкіндік береді..
50-жылдары республика тарих ғылымының алдына қойған мәсе­лелерінің бірі – жазбаша деректемелер базасын кеңейту, шығыста­ну­шы ма­мандар даярлау болды. Қазақстан ҒА-да шығыстану секторы құрыл­ды. Түркі дәуірі, қыпшақ, қаңлы, қарлұқтар туралы еңбектерінде М.Ақынжанов, Б.Е.Көмеков, А.Ш.Қадырбаев, С.М.Сыздықов, т.б. араб, түркі деректері негі­зінде зерттеулер жүргізді. Қазақстанның соңғы ор­та ғасырлардағы тарихына қатысты шығыс деректерін аударып, осы кезеңді зерттеуде С.Ибрагимов, Н.Мин­гулов, К.А.Пищулина, В.П.Юд­ин көп еңбек сіңірді.
ХҮІ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақ хандығының саяси тари­хын парсы деректері негізінде М.Қ.Әбусейітова, ал ХҮІІІ-ХІХ ға­сыр­лардағы қы­тай-қазақ байланыстарын қытай деректері негізінде К.Ш.Хафизова зерттеді. Соны­мен бірге ХҮІІ ғасырдағы қазақ тарихының мәселелері В.Я.Басин, В.А.Моисе­ев пен И.Я.Зла­т­киннің ең­бек­терінде қарастырылды.
Кеңес өкіметі дәуіріндегі қазақ ауылдарында жүргізген ұлттық мем­­ле­кеттік құрылыс пен ұлт мәселесін шешу тарихы зерттелді. Ә.Қа­напин, Р.Б.Сү­лей­менов, Қ.Бержанов еңбектерінде қазақ мә­де­ние­тін өр­­­­­кендету жо­лын­дағы табыстар баяндалды.
Ежелгі заман мен орта ғасырдағы Қазақстан тарихы жөніндегі шығыс дерек­терін тауып, орыс және қазақ тілдеріне аудару ісі едәуір кеңейді. Қазақ халқының шыққан тегі зерттелді. Қазақ жерлерінің Ре­с­ей­ге қосылуы, ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда қазақ қауымында болған әлеу­ме­т­тік-экономикалық өзгер­істер, Ресей капитализмінің «кеңейе» келіп, Қа­зақ­станға да таралуы және ау­ыл­дағы рулық қатынастардың ыдырауы, ХІХ ғасырдың 2-жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы қоныс аудару, жұмысшы және агр. қозғалыс, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі, Ақпан төңкерісі жөнінде монографиялық зерт­теулер жасалды.
Ш.Уәлиханов шығармаларының 5 томдық жинағы мен Ы.Ал­тын­сарин­нің таңдамалы және 3 томдық шығармалары жарық көрді. Ә.Мар­ғұлан, Б.Сүлей­менов, Т.Тәжібаев, Қ.Бейсембиев, Ә.Қана­пин, Х.Әбжа­н­ов, Қ.Ахме­­т­ов қазақ ағартушыларының өмірі мен шы­ғар­ма­шы­лық­та­ры, қоғамдық ой-пікір мен ағар­ту саласындағы идеялық ағымдар тур­а­лы, жалпымәдениет тарихы­на арнал­ған еңбектер жария­лады. Әл-Фара­би шығарма­ларының түсіндірме мәтіні шық­ты.
Этнографиялық зерттеулер көлемі ұлғайды. Сол кездегі қазақ ауыл­ы­­ның мәдениеті мен тұрмысына ғылми талдау жұмыстары жария­ланды. Қа­зақ­стан­ның археологиялық картасы жасалды. Оңтүстік және Шығыс Қазақ­стан мен Балқаштың солтүстік жағалауында, Қаратау аймағында п­а­­ле­олит заманының ескерткіштері табылды. Ертедегі көш­пелі тайпа­л­ар, сақ, үйсін мекендері мен «патша» қорғандарын зерттеу жалғас­ты­р­ы­л­ды. «Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеті» атты күрделі еңбек (1966), Ортағасырлық Тараз туралы кітаптар шықты. Ежелгі Отырар мен оның төңірегінде, Орталық Қазақстанда кең көлемді қазба жұмыс­та­ры өріс алды.
ХХ ғасырдың 50-жылдарынан бастап Қазақстан қоғамы шетелдік ғылыми-зерттеу орталықтарының назарына ілікті. Қазіргі кезде ондай орта­лық­тар Еуропа, АҚШ, Жапония, Қытай, кейбір мұ­ыл­ман елдерінде орналасқан. Олар, әсіресе, КСРО тұсында көбінесе бір жақ­ты еңбектер жазды. Дегенмен, олар өз еңбектер­інде Кеңес Одағында пайдалануға тыйым салынған авторлар мен олардың шы­ғармаларын кеңінен қол­данды әрі Қазақстанды Ресейдің отарлауы, Аза­мат соғысының шын­дығы, 1930–32 жылдары ашаршылық, 1937–38 жылдары қу­ғын-сүргін, ұжымдастыру, фашизмге қарсы соғыс, тың игеру, т.б. тақы­рып­тарда неғұрлым өнімді еңбек етті. Р.Конквест, Э.Бэкон, Л.Крадер, А.Хад­сон, М.Олкотт, Р.Пирс, Э.Саркисянц, А.Боджер, А.Беннигсен, т.б. шет ел ға­лым­дары Қазақстан және қазақтар тақырыбында қалам тартты. Бұған қоса шет елдегі қазақ тарихшылары көптеген еңбектер жазды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет