Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а


Әдебиеттердің негізгі түрлеріне сипаттама



бет11/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

Әдебиеттердің негізгі түрлеріне сипаттама зерттеу пәні сол ке­зең­­де терең, толық әрі жан–жақты зерделенген шығармалардан басталады.
Белгілі бір тарихнамалық кезеңдегі зерттеу пәнінің көңіл бөлін­ген басты аспектілері. Тақырыптың зерттелу тарихын қарастырғанда ал­­дымен көңіл аударатыңыз оның қандай аспектілері терең әрі толық зерделенгені. Әсіресе әдебиеттің қай түрінде проблема көрініс тапқан.
Келесі кезекте осы тақырып бойынша ерекше еңбек еткен авторлар мен олардың шығармаларына тоқталасыз. Оларды қызықтырған аспек­тілер ғылыми еңбектің қай түрлерінде жарияланғандығы көрсетіледі.
Тақырыптың басты аспектілері тағы да қандай ғылыми шығарма түр­лерінде жарияланғандығы талданады. Әрине талдауға ілінетіні ал­ғаш жарық көр­гендері. Ол шығармалар толық әрі терең зерттелуі қажет. Ал­ғаш­­қы мақа­ла, алғашқы тарихнамалық, деректемелік зерттеулер на­зар­дан тыс қалмайды. Мі­не, осылайша тарихнамалық кезеңдердің бар­лығына сипаттама бері­леді. Ай­рықша көңіл аударылатыны тарих­нама­лық кезеңдердің алғаш­қы және соңғысы.
Алғашқы тарихнамалық кезеңді талдаудың ерекшелігі. Тақырып­қа қызы­­ғушылық әдетте алғаш рет ғылыми-көпшілік әдебиетінде көрі­ніс та­ба­ды. Мұнда тарихшылардың көңілін проблемаға аудару мақса­тын­да та­ри­­хи құбылыс жөнінде жалпы мәлімет, оның қысқаша сипат­та­масы бері­леді.
Соңғы тарихнамалық кезеңді талдаудың ерекшелігі. Тақырыпты зерт­теудің алғашқы хронологиялық шегі анықталады. Жаңаша көзқарас тұр­ғы­сы­нан жарық көрген алғашқы еңбек қашан жазылды? Оның мето­дологиялық жа­­ңа­лығы қандай? Тақырыпқа концепция өзгерді ме? Кеңес за­­ма­нында жа­зылған еңбектердің теориялық кемшіліктеріне баға беру қажет. Қазақ тари­хы­ндағы жаңа концепциялық тұрғыда зерттеулер про­бле­ма­лар қандай?
Тарихнамалық талдаудың қорытындыларын нақтылау. Кез келген ғы­­лы­ми шығарманың кіріспе бөліміндегі тарихнамалық талдау қорытын­ды жасаумен аяқталады. Онда автор тақырыптың әр аспек­ті­сі­нің зерттелу дең­ге­йін анықтайды. Хронологиялық кезеңдері мен тер­ри­то­рия­лық аспек­ті­леріне кө­ңіл аударылады. Аса толық зерттелген аспек­ті­лері көрсетіледі. Көмескі зер­де­ленген мә­селе­лердің себебі анық­та­ла­ды. Келешекте атқарылар ғылыми жұмыс­тардың бағыт-бағдары айқын­да­лады. Тиімді әрі терең жүргізілген та­ри­х­­на­ма­­лық талдау жоспардағы ғы­лыми жобаның мақсаты мен мідеттерін дұрыс айқындауға септігін ти­гізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет