Өтеміс қажы ибн Маулана Мұхаммед Дост – ХҮІ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген тарихшы, атақты “Шыңғыснаманың” авторы. Хорезмдегі Шайбани әулетіне қызмет еткенақсүйектер отбасынан шыққан. Елбарыс ханның(1512 – 1525) сарайында қызмет еткен. Өкініштісі шығарма ғасырлар бойы ғылыми айналымға кірмеген. Алғаш рет Еуропа ғылымына В.В. Бартольд арқылы белгілі болды. Кейін қазақ тарихшылары В.П. Юдин, К.А. Пищулина Өтеміс қажы материалдарын өз еңбектерінде пайдаланды. Өтеміс қажы шығармаларының зерттеумен Е.Ф. Коль, А.З. Уәлиди Тоған, М.Кафали, Д.Девиз, т.б. айналысты.
«Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес 2010 жылы «Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері» атты кітаптың бірінші томына аталмыш шығарма факсимиле, транскрипция және мәтіннамалық ескертулерімен кірді. Зерттеу мақаласын В. П. Юдин жазды. Осы жерде кітаптың қолжазбасын тауып, аударып, баспаға дайындаған Вениамин Петрұлы Юдин (1928–1983жж.) туралы бірер сөз. 1950 жылы Мәскеу шығыстану институтын бітіргеннен кейін Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтында ұстаздық етеді. 1961 жылы ол толығымен Шоқан Уәлиханов атындағы тарих, этнография және археология институтына ғылыми жұмысқа ауысады. Осы жерде ол 80–нен аса ғылыми еңбек жазған. Бірақ оның ғалым ретінде атын шығарған Өтеміс қажының «Шыңғыснамасы». Ол көзі тірісінде кітапты баспаға дайындап үлгірді, ал бұл жұмысты аяғына дейін жеткізген оның жұбайы Ю.Г.Баранова.
Кітап Өтеміс Қажы ибн Маулана Мұхаммед Достының XVI ғасырда жазған түркі тілдес тарихи "Шыңғыснаме" шығармасының қазақ тіліндегі алғашқы басылымы болып табылады. Дешті Қыпшақ, көшпенділерінің XIV ғасырдағы саяси тарихы, әлеуметтік–экономикалық өмірі туралы баяндайтын басылым Қазақстанның, Орталық Азияның, Еділ бойы мен Сібірдің ортағасырлық тарихының деректану саласына қомақты үлес болып қосылады.
Шығарманың негізгі дерегі – халықтың ауыз әдебиеті. Шыңғысхан, оның ұрпақтары, оның жасаған жорықтары халық есінде тарихи әңгіме, жыр, дастан, мақал–мәтел ретінде қалған. Осыларды жинап, жинақтап, іріктеп және талдап автор өз керегіне жаратқан. Ол өзі жазған уақиғалардан 300 жыл кейін өмір сүрген. Сондықтан ол бізге қарағанда зерттеу объктісіне жақындау. Өтеміс бабамыздың өмір сүрген уақыты аласапыран заман болатын. Дешті қыпшақ даласында төрелердің бірнеше саяси партиялары билік үшін талас үстінде еді. Шибан әулеті мен Тоқа Темір ұрпақтарының таққа таласы көшпелі қоғамда тұрақсыздық туғызды. Сондықтан кітаптағы Шыңғыс тұқымының қоғамдық–саяси, әлеуметтік–құқықтық, моральді–этикалық құндылықтарының практикалық маңызы аса зор еді.
Өтеміс қажы Орталық Азияны көп аралаған адам. Көп білетін адамдармен кездескен, шежіре жинаған, халықтың ауыз әдебетімен мұқият танысқан. Ол былай деп жазады: «Поскольку у меня было желание надлежащим образом знать об их (ханов Золтой Орды) обстоятельствах, по этой причине отправлялся к тем, о ком говорили, что такойто старый человек хорошо знает предания,и расспрашивал [его] и устанавливал истину, и, взвесив на весах разума, приемлемое сохранял в памяти, а неприемлемое отвергал». Осы сөздерге зер салсаңыз ол қолына түскеннің барлығын дерек ретінде пайдаланбаған. Яғни ол деректерді сынау әдістерін де меңгерген.
Шығармамен мұқият танысқанымызда оның жазбаша деректерді де пайдаланғандығына көз жеткіземіз. Мысалы ол 1557–1558 жылдары Хулагу хан мен Берке ханның әскерлері кездескен уақиғасын баяндағанда Дост сұлтанның Хроникасы мен Дафтарын пайдаландым дейді.
Шыңғыснамада орта ғасырдың соңындағы Қазақстан жеріндегі көптеген оқиғалардың жауабын табамыз. Алтын Орда мемлекетінің саяси құрылысы, халқының этникалық құрамы, шаруашылығы және мәдениеті жөнінде бірталай мәліметтерді кездестіреміз. Кітапта ХΙΙΙ–ХΙV ғасырлардағы уақиғалар баяндалады. Бұл уақыт шамасы Бату мен Тоқтамыс хандар билеген тұс. Егер бұл кезең қазақ тарихында аз зерттелген болса, әлбетте Өтеміс ғұламаның еңбегінің құндылығы өте жоғары екендігі талас тудырмайды.
Кітап кіріспеден және тоғыз тараудан тұрады. Кіріспесі шағын ғана. Қалған тарауларында Алтын Орданың Шыңғыс, Иджан, Саин, Шибан, Берке, Момук–Темір, Токтага, Өзбек, Жәнібек, Бердібек атты хандарына арналған. Кітап Тоқтамыс оғыланның Алтын Орда тағына отыруымен аяқталады.
Автор хандар жөнінде баяндай келе сол заман қоғамындағы әлеуметтік жағдайға, хан билігі мен жергілікті халық арасындағы қатынастар жөнінде мәлімет береді.
Шибан ханның 1234–1238, 1238–1240 жылдардағы Русь, Крым, Еуропа жерлеріндегі жорықтары кезіндегі жер аттарына көңіл бөледі. Біз бұл жерде қазіргі Қырым, Украина жеріндегі тайпалар, поляк, венгр халқы туралы қызғылықты материалдарды кездестіреміз.
Кітаптың «Монғолдардың соғыс өнері» туралы бөлімінде 1238 жылы Шибанның Қырым жорығы кезініндегі соғыс тактикасына тоқталады. «Бір кезде ол өз әскеріне қолдарыңа не түссе соны алып бір–біріне соғып, кеш уақытынан таң атқанша дыбыс шығарыңдар деп бұйырды» – деп жазады. Осылайша он күн бойы қоршауға алынған қала халқын ашқай–шумен мазасын кетірген. Осы уақытта монғол әскері қала қамалының төрт жағын ішіне қарай үңгір қазған. Өтемістің айтуынша қазындының орыны осы күнге дейін бар көрінеді.
Өтеміс қажы Теңіз–Бұғаның Сыр бойында әкесінің басын көтергенде Жошы ұрпақтарын пайдаланғаны жөніндегі деректерді көрсетеді. «Очень наглым и злым человеком был этот Тенгиз–Буга. Жестоко истязал и унижал он огланов этих, что были из потомства государей его. Например, когда решил он возвести мавзолей над отцом своим Джир–Кутлы, то заявил: «Быть им строителями – и всю работу по [возведению] мавзолея поручил им, никого больше не привлекая. Даже воду подносить, кирпичи делать и поносить их приходилось им. Много мук приняли они: у одних спина превратилась в рану, у других грудь, у третьих были истерзаны ноги. [Так] рассказывают. А впрочем, Аллах лучше ведает!»,- деп жазады.
Жоғарыда айтылғандарды қортындылай келе Шыңғыснаманың тарихи шығарма ретінде шоқтығы биік, пайдаланған деректері шынайы, оның авторы тарих жазу әдістерін меңгерген деп айта аламыз. Ол пайдаланған деректер біз үшін таптырмайтын материалдар. Ауызша деректерді топтап, олардың деректемелік мүмкіншіліктерін айқындайтын уақыт жетті. Шыңғыснамадағы көптеген тарихи фактілер басқа да деректерде көрініс тауып отыр. Сондықтан да «ауызша тарихнамаға» ғылыми процессте орын беретін күн туған сияқты.
XVI ғасырдың екінші жартысында авторы белгісіз «Тазкира–йи Ходжа Мухаммад Шариф» («Ходжа Мухаммад Шарифтің ғұмырнамасы») деп аталатына биографиялық шығарма жазылды. Кітаптың атында көрсетілгендей Сайрамда дүниеге келген, ислам дінінің сопылық бағытын ұстанған, Самарқандта білім алып Қашқар қаласында Сәтүк Боғрахан мазары жанында қызмет істеген Ходжа Мухаммад Шарифке арналған. Еңбектің авторы оның өзі болуы да мүмкін. 1656–1666 жылдар шамасында қайтыс болған.
«Тазкира» күнделікті тұрмысты баяндайтын шығармалар қатарында. Екі бөлімнен тұратын шығарма сопылық рухты дәріптеуге, насихаттауға арналады. Екінші бөлімінде сол замандағы тарихи уақиғалар баяндалады. Шағатай әулетіне жататын Абд ар–Рашид–ханның баласы Абд аль–Латифтің қырғыздар мен қазақтарға жорығы, оның қазақ хандары қолынан қаза болуы жөнінде мәліметтер бар.
Келесі бір шығарманың авторы ақын әрі ғалым Мухаммад Салих. Оның жазған «Шайбани–наме» («Шайбан туралы кітап») ХҮІ ғасырдың алғашқы ширегінде Шығыс Дешті Қыпшақ пен Мәуренахр жерлеріндегі саяси уақиғаларға арналады. Кітапта Шибан әулетінің билікке таласы, олардың Жәнібек пен Керей, Бұрындық пен Қасым хандармен арақатынасы, Сыр бойындағы қалалар үшін күрес туралы мәліметтер бар. Сонымен қатар Орталық Азияның географиялық атаулары, көшпенді өзбектердің мемлекеттік, саяси және әлеуметтік–шаруашылық құрылымы, түркі–моңғол тайпалары жөніндегі деректерді кездестіреміз.
Шайбани ханның өзі де «Таварих–и гузида–йи нусрат–наме» (Избранные истории книги побед) деп аталатын тарихи шығарманың авторы болған сияқты. Монғолияда, Дешті Қыпшақта, Орталық Азияда, ел басқарған Шыңғыс тұқымының тарихы баяндалады. Мұнда Шибан хан жөнінде толық мәліметтер бар. Шығыс Дешті Қыпшақтағы саяси жағдай, Әбілхайыр ханның қазасы, Жәнібек пен Керейдің Жетісуға жорығы, Шибан ханның қазақ және моғол хандарымен қарым–қатынасы, көшпелі өзбек әскері туралы мәліметтері осы күнге дейін құндылығын жойған жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |