Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а



бет73/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

Михаил Трофимович Каченовский (1775–1842) Москва универси­тетінің профессоры, кафедра меңгерушісі, кейін «Вестник Европы» жур­­на­лының ре­да­к­торы. Ол Карамзиннің оппоненті.Оны деректерді сын тезіне салмағандығы үш­ін, тарихи уақиғаларды баяндағанда әдеби әдістерді пайдаланғандығы үшін өлтіре сынайды. «Историк не рома­нист и не поэт эпический, он описывает истинные проишествия , пре­дставляет не вымышленные характеры, он не волен увеличивать мало важных случаев, и опятьне может оставить их без внимания, ежели входят в систему повествуемых событий» деп жаз­ды. (Вест­ник Евро­пы.1819, СІІІ, 198-199с.) Орыс тарихнамасында Каченовский «скептикалық мектеп­тің» негізін қалаушы болып саналады.Кез келген де­рек­ті тек текстологиялық талдаудан өткізумен қатар оның обък­тив­тілігін оның шын­дыққа сәйкестігін тексеру қажеттілігін ескертеді.
Полевой Николай Алексеевич (1796-1846) ірі саудагердін баласы. Кәсіби тарихи білімі жоқ «Московский Телеграф» журналының редак­торы. Алдыңғы қатарлы Орыс романтизмінің өкілі. Тарихи көзқарасы Шеллингтін «Халық рухы» философиясымен француз романтизмінің негізінде қалыптасқан. Өз еңбектерінде, өз журналындағы мақалаларда Карамзиннің «История государства российского» еңбегін сынайды. Негізгі қоятын кінәсі онйың қарапайым халықтын тарихына, қоғамдық өмір тақырыбына, халықтын күнделікті тұрмысына көңіл аудармайды. Екіншіден Карамзин халықауыз әдебиетін тарихи дерек ретінде пайдаланбайды.
Полевой орыс және батыс тарихнамасын терең білген, яғни ол алдынғы қатарлы тарихи ой-пікірлерді меңгерген, ол оларды меңгеріп қана қоймай журнал бетінде кеңінен насихаттаған. «Уроки истории, – деп жазды ол, – заключаются не в частных событиях, котором можем мы толковать и преображать по произволу, но в общности, целости истории, в созерцании народов и государств, как необ­хо­ди­мых явлений каждого периода, каждого века». Дегенмен, оның жүйелі білімінің болмауына байланысты толық мақса­тына жете алмады. Өзінің екі томдық «Исстория русского народа» деген еңбегінде ол көптеген жаңа ой-пікірлер айтады. Ауыз әдебиетін терең білген, ав­тор Кием Русі тарихын жаңа көзқараспен баяндайды. Екінші томында фео­дал­дық жер иелігімен, Х-ХІІІ ғасырлардағы Орыс мемлекетінің феодалдық құры­лысына тоқталады. ХІХ ғасырдын 30-жылдары оның басына «қара бұ­лт» төнді, саяси жағдайларға байланысты «Московский Телеграф» жур­налы жабыл­ды. Өмірі­нің соңғы уақытында жазған шығармаларын орыс тарихнамасына қосқан үлкен үлесі деп айтуға болмайды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет