Бекіту сұрақтары 1. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы еуропаның рухани мәдениеті. 2. Романтизмнің қандай идеялары тарихшыларды қызықтырды? 3. Неміс романтикалық тарихнамасының өкілдері кімдер? 4. Ағылшын елінде консервативті романтикалық идеяларды дамытқан ғалым? 5. Францияда, романтикалық бағыттағы тарихшылар?
Тарихнамалық деректер: Ранке Л. Об эпохах новой истории. М., 1898. Гизо Ф. История цивилизации в Европе. СПб., 1892. Тьери О. Избранные произведения. М., 1937. Абилев А.К. Казахстан в трудах П.И. Рычкова. // Некоторые вопросы историографии Казахстана. Сб. статей КарГУ – Караганда. 1980, с. 25–39
VIII. ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ РЕСЕЙ ТАРИХНАМАСЫ
1.Ғасырдың алғашқы ширегіндегі орыс тархнамасы. XIX ғасырың алғашқы ширегінде Ресейдің мәдени өмірінде айтарлықтай өзгерістер болды. Орыс тарихшылары ғылымның бүгінгісін бағамдап, оларды тарих ғылымының келшегі ойландырды. Қазанда, Харьковте, Тартуда, Киевте университетер ашылды. Ірі қалаларда орта оқу орындары жұмыс істей бастады Ресейде тарих ғылымының дамуына баспа ісінің жолға қойылуы өз әсерін тигізбей қойған жоқ .Әсіресе ғылыми жаңалықтарды тез арада қоғамға әйгілі ететін журнал шығару кезек күттірмейтін мәселе еді. Бұл да шешімін тауып, алғашқысы болып «Вестник Европы» Карамзиннің басшылығымен жарық көрді.Осыдан кейін «Московский вестник»,»Москвитянин», «Московский Телеграф», «Телескоп» сияқты басылымдар пайда болды.Бұлардың редакторлары сол кездегі белгілі жазушылар, тарихшылар Н.М.Карамзин, М.Т.Каченовский, М.П.Погодин, Н.А.Полевой, Н.И.Надеждинболды. Х1Х ғасырдың 40-ыншы жылдары губерния орталықтарында «Губернские ведомости» шыға бастады. Бұл басылым ресми болғанымен, оның беттерінде жергілікті тарихқа арналған материалдар басылды.
Жоғары оқу орындары жанынан ғылыми Қоғамдар құрыла бастады. 1804 жылы Мәскеу университеті жанынан «Общество историии древностей российских» өз жұмысын бастады. Осындай қоғамдар Қазан мен Одессақалаларында да құрылды. Петербург қаласында Ғылым Академиясымен қатар 1837 жылдан бастап Археография комиссиясы, 1846 жылдан бастап Археология қоғамы жұмыс істей бастады. 1845 жылы негізі қаланған Орыс географиялық қоғамы Ресейдің шет аймақтарында өзінің бөлімшелерін ұйымдастырды.Бұл қоғам орыс империясының жер жерлерінде этнографиялық, археологиялық ізденістер мен халық ауыз әдебиетінің нұсқаларын жинай бастады. Міне осындай шаралардың арқасында қоғамның тарихқа қызығушылығы артып, жалпы ғылым белгілі бір дәрежеге көтерілді. Тарих көп салалы ғылымға айналды. Оның шаруашылықты, мемлекет және құқық, мәдениет салаларын зерттейтін бағыттары енші алып, бөлініп шықты. Тарихи деректерді зерттеу мәселесі жолға қойылды. Жоғарда айтқан Археографилық комиссясы жер-жерлерге экспедиция ұымдастырып, мұрағат құжаттары жиналды. Тарих ғылымының археография,палеография этнография, археология, геалогия сияқты қосалқы салалары жемісті жетістіктерге қол жеткізді. Осылардың нәтижесінде деректану және тарихнама жеке ғылым ретін алғашқы табыстарымен көзге түсті. Әсіресе Карамзиннің орыс тарихы жөніндегі іргелі еңбегі төңірегіндегі пікір-таластар ғылымға жаңа талаптар қойды. Еңбекі жалпы жоғары бағалай отыра, оның орыс ғылымындағы ерекше бір феномен екендігін мойындай отыра кейбір тарихшылар мұнымен тоқмейілсіп отырып қалмау қажеттілігін айтты. Карамзиннің концепциясы, көзқарасы,тарихи зерттеулердің міндетін түсінуі, деректерді пайдалану әдістері сынға алынды. Сонымен орыс тарихнамасында «сыни бағыттың» пайда болғандығы белгілі болды. Олардың негізгі жаңалығы тарихтың негізгі міндеті қоғамның ішкі құрылымын, ұлттық тарихты жасайтын халықты зерттеу және орыс тарихын әлем тарихының бір бөлшегі екендігін мойындау еді. Осы ретте олар романтизмге бой алдырды. Халықтың күнделікті тұрмысын, әдет-ғұрпын, халықтың рухын білуге құштарлық туындады.
Осы жылдары орыс тарихшыларын неміс ғалымы Шеллингтің әлемдік тарихи процестің жеке бір халықтың даму заңдылықтарыаен ара қатнасы туралы философиялық жүйесі қызықтырды.
Орыс тарихнамасында мемлекет пен құқық тарихы саласында бірнеше мектептер пайда болды. Олар мыналар: орыс тарихшысы М.П. Погодин негіздеген "официальной народности", славянофил бағыты (И.Д.Беляев); мемекетшілдік мектеп (Б.Н. Чичерин, К.Д. Кавелин). Мемлекетшілдік мектептің өкілдері тарихи процесте негізгі роль мемлекет деп есептеді. Қоғамдағы әлеуметтік,мәдени-рухани өзгерістер мемлекеттің әрекетіне байланысты. Сондықтан қоғамдағы әлеуметтік топтар мемлекет ісіне бағынуы қажет. Ресейде буржуазиялық қатнастардың белең алуына байланысты тарих ғылымында да айтарлықтай өзгерістер болды. Орыстың бірқатар тарихшылары жаңа тарихи бағыт-буржуазиялық тарихнаманың негізін қалады. И.Г.Эверс, М.Т.Каченовский, Н.А.Полевой, К.Д.Кавелин және С.М.Соловьев сияқты тарихшылар өз еңбектерін жаңа тұрғыдан жазды. Олар идиалистік позицияда бола тұрып, тарихи заңдылықтардың барлық халықтарға ортақ екендігін мойындады.
Орыс тарихшылары Батыс Европа тарихын да зерттеуге құлшына кірісті. Т.Н.Грановский,П.Н.Кудрявцев,С.В.Ешевский сынды ғалымдар Еуропа тарихын зерртеуде елеулі табыстарға жетті. Н.Я.Бичурин орыс шығыстану ғылымының негізін салды.