2. ХІХ ғасырдың екінші ширегіндегі дворян тарихнамасы. Аталған кезеңде дворян тарихнамасы екі бағытқа бөлінді: ресми және славянофилдық. Екі бағытқа да сол кездегі Еуропадағы тарихи процесс өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Ресіми бағыт Ресейдің дәстүрлі мелекеттік құрылысымен қоғамын барынша насихаттап , сақтап қалуға талпыныс жасаса, екінші бағыт герман романтизіміне еліктейді. Славянофилдік бағыт ХІХ ғасырдың 40-жылдарында қалыптасты. Ұлттық идея, «халықтың рухы» негізіне жасалған концепция орыс елінің Батвс Еуропадан өзгешілдігін дәлелдеуге тырысты.
Бұл концепцияның негізін қалаған әдебиетщі А. С. Хомяков, белсене жақтағандардың қатарына, И.С.Аксаков, Ю,Ф. Самарин, Ф. В. Чижов. сияқты орыс зиялыларын жатқызуға болады. Эван Романовский есімді поляк азаматы бұлардың идеяларын Еуропға таратты.
Орыс ресми тарихнамасының айтулы қайраткері Погодин Михаи́л Петро́вич ( 1800, – 1875, ) – орыс тарихшысы, жазушы, журналист. Москва университетінің профессоры, Россия академиясының мүшесі (1836). Өмірінің алғашқы кезеңінде тарих ғылымындағы прогрессивті теорялармен танысты. Бірақ ол кез декабристер қозғалысынан кейін фоедалдық-крепостнойлық топтардың өз меншігін сақтап қалу үшін аянбай күрескен шағы еді. Үстем тап мемлекеттің әкімшілік ресурсын пайдалана отырып «ресми халықшылдық» теорисын насихаттады. Бұл теорияны қолдағандардың ішішнде, өзі басыбайлы шаруаның баласы болса да, М.П.Погодинде болды.Олардың ықпалында ол 30 жыл болды. Сондықтан да оны консерваторлар қатарына жатқызады. Ресей мен Батыс Европа елдерінің даму жолдарының ерекшелігін дәлелдеді. Жаңа тарих ғылымынан ол деректерді талдау принциптерін үйренді. «О происхождении Руси» (1825) «О летописи Нестора» (1834)деп аталатын шығармаларында автор тамаша деректанушы екендігін көрсетті
Ресми бағыттың келес өкілі Устрялов Никола́й Гера́симович(1805–1870) орыс тарихшысы, археограф, Санкт-Петербург университетінің профессоры. Көз қарасы - ресми халықшылдық. «О системе прагматической русской истории». атты тақырыпта диссертация қорғады. 1837-1841 жылдары «Русская история» деп аталатын бес томдық лекция курсын жарыққа шығарды. 1847 жылы ғалым «Историческое обозрение царствования императора Николая I». оқулыққа қосымша ретінде шығарды. Ол орта оқу орынарына арналған оқулықтардың да авторы. Оның оқулықтары мен оқу құралдары көп жылдар бойы Ресей тарихын көне заманнан ХХ ғасырдың орта шеніне дейінгі уақиғаларды жүйелі баяндайтын бірден бір басылым еді.
Оның археографиялық еңбектерінің қатарына бес бөлімнен тұратын «Сказание современников о Дмитрие Самазванце»,Сказание князя Курбского» атты шығармалары кіреді.
Ресми тарихнама өкілдері әскери тарихқа да көңіл бөлді.1812 жылғы француздарға қарсы соғыс тарихы Александр Иванович Михайлевский - Данилевский(1789–1848) зерттеулеріне арқау болды. Оның 4 томнан тратын «Описание Отечественной войны в 1812 году» шығармасы орыс тарихнамасына қосылған сүбелі үлес болды. Өкініштісі бұл кітаптан автордың тарихи көзқарасын аңғару қиыншылыққа түседі. Себебі кітаптың редакциясын, Кутузовтың ролін жоғрылап кетуінен қорыққан, патша Бірінші Николайдың өзі жасаған.
1825 жылы сенат алаңына шыққан көтерілісшілер тарихын бұрмалап жазған тарихшылардың бірі, реми тарихнама өкілі Модест Андреевич Корф(1800-1876). «Историческое описание 14-го декабря и предшедших ему событий. СПБ., 1848. VI, 168 с – история восстания декабристов с враждебных им позиций» атты кітабында декабршілдерді барынша даттап, патша үкіметінің жаңашылдық саясатын насихаттайды.
Славянофилдардың тарихи-әлеуметтік концепциясы негізінен Константин Сергеевич Аксаковтың(1817–1860) шығармаларынан көрініс тапты. «Несколько слов о русской истории, возбужденных "Историей" г. Соловьева», «Орусской истории», «Об основных началах русской истории» атты шығармалары. Бірінші Петрдің Еуропа өміріне қызығушылығын сынайды. Оның негізгі ойы халық пен мемлекет бірлігі. Олардың функциялары жөнінде ол былай дейді «»Внешняяя правда-Государству, внутреняяя правда-Земле; неограниченная власть-царю, полная свободажизни и духа-народу;свобода действиии закона-царю, свобода мнения и слова-народу». Нәтижесінде саси өмір, яғни саяси тарих мемлекет.