Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а



бет70/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

Николай Михайлович Карамзин (1766 - 1826) орыс тарихшысы. Арғы тегі татар мырзасы. Жасында жақсы білім алған. Әскери қызметте болған. 1789–1790­ жылдары Европада болып неміс философы Имма­нуил Кантпен кез­де­седі. Ұлы француз революциясы кезінде Париж қа­ла­­сында болып, Ресей­ге қа­й­та ор­ал­ғанда «Письма русского путешест­вен­ника» атты шығарма­сын жа­зды. Дәл осы шығарма оның атын шы­ғарды. Кейбір зерттеушілері орыс әде­­биеті осыдан бастау алады деп есептейді. Карамзиннің атағы алдымен жа­зу­шы және журнал­ист ретінде шықты. 1791 жылы орыс патшасы оған ресми тү­р­де тарихнамашы ата­ғын берді. Карамзинен кейін мұндай атақ еш тарих­шы­ға берілген жоқ.
Оның философиялық көзқарасын анықтау қиын. Өйткені онда бір ізділік жоқ. Православие дінінің догмаларымен қатар ол идеализмнің жа­­ңа теори­яларын ұстанды. Оның қоғамдық көзқарасы «жұбату жү­йе­сі-уте­шительная система» деп аталатынәлеуметтік теориясынан көрініс тапты. Оның мәні мынада-адам­зат тарихы дегеніміз әлемдік прогресстің тарихы. Оның негізін­де адамдардың рухани жетілуі жатыр. Тарихты Ұлы адамдар жасайды. Жас кезінде ол жаңа­лық­қа құмар болса, есейе келе консерваторға айналады. Революциялық өзгеріс­терге жаны қас. Егер жасында батысшыл болса, кейін Бірінші Петр патшаны сы­най­ды. Оның мыңдаған жылдар бойы артта қалған мешеу Ресейді Еуро­паның алдыңғы қатарлы еліне айналдырды десе, «О дре­вней и новой России» еңбегінде Петр «унижал россиян в собственном их сер­д­дце»,»захотел сдел­ать Россию Голландиею»деп кіналайды.
Осыдан кейін ол әдеби шығармашылықты тастап біржола тарихи зерт­теулермен айналыса бастады. 1811 жылы «Записка о древней и новой Рос­сии в её политическом и гражданском отношениях»деп аталатын өзінің алғашқы тарихи еңбегін жариялады.Шығарма импера­тор­дың либералды ре­фор­маларына наразы топтың ойынан шықты. Ав­тор­дың негізгі идеясы еш­қан­дай реформаның қажетсіздігі.Саяси көз­қа­расы жағынан ол шексіз монар­хия­ны қолдады.
1818 жылы кітапдүкендеріне оның «Истории государства рос­сий­с­­ко­го» ат­­ты еңбегінің 8 томы сатылымға түсті.Үш мың данамен жарық көрген кітап бір айдың ішінде сатылып кетті. Келсі жылдарда ол тағы үш томын шығар­ды .Өздеріңізге белгілі орыс тарихына қалам тартқан алғашқы ғалым Карам­зин емес. Оған дейін орыс оқырмандары В.Н.Татищевтің, М.М. Щерба­тов ең­бек­тер­мен таныс болатын. Бірақ Кармзиннің «Тарихы» тартым­дылы­ғы­мен, түсі­нік­тілігімен,тілінің көр­кем­ді­гімен оқырман қауымды өзіне тарта алды. Орыс ақы­ны А.С.Пуш­кин былай деп жазды «Все, даже светские жен­щины, бросились читать историю своего отечества, дотоле им неизвес­тную .Она была для них новым открытием. Древняя Россия, казалось, на­й­дена Карамзиным, как Америка – Колумбом». Тарихи оқиғаларды баянда­ған­да Карамзинге оның жазушылығы үлкен көмек берді.Ол көркемдік шеберлікпен тарихшыға тән деректердегі дәйк­терді ұтымды пайда­лануға ты­р­ысты. Оның пай­­да­ланған қолжазбалары бізге дейін сақталған жоқ. Сондық­тан орыс тарихы­ның кейбір деректері осы күнге дейін тек Карамзин арқылы жетіп отыр.
Әлбетте В.О.Карамзин шығармаларына көзқарас бірдей болған жоқ. Егер Ре­сейдің реакцияшыл, концерватор топтары қуана қарсы алса, ре­во­люцияшыл қайраткерлер оны сынның астына алды.Ол дворяндық тарихнаманың соңғы өкілдерінің бірі. Самодержавиелік тәртіпті қорғау­шы. Тіпті оның «история на­р­ода принадлежит царю» деген қанатты сөзі де бар.Декабрист Никита Му­ра­вьев Карамзин еңбгін талдап,оның тари­хи концепциясынң методологиял­ық жағынан сын көтермейтіндігін, сая­си тұрғыда тым зиянды екендігін дәл­ел­деді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет