Костомаров Николай Иванович (4.05.1817-7.04.1885), орыс тарихшысы, этнограф, жазушы. Тегі жағынан жартылай орыс жартылай украиндық. Харьков университетін бітірген. Жас уақытында революциялық-космополитік көзқараста болды, кейінен бұл идеядан бас тартты. Киев қаласында өзінің пікірлестерімен бірігіп құпия Кирил-Мефодий Қоғамын құрды. 1847 жылы бұл қоғам жария болып ,Костомаров тұтқынға алынып, Саратов қаласына жер аударылды. Костомаров орыс мемлекетін “екі бастаудың”қосындысы – (вечевого и единодержавного) деп есептеді.Негізгі тақырыбы- орыс халқының тұрмысы, психологиясы және рухы. 1844 жылы за диссертацию "Об историческом значении русской народной поэзии" атты диссертация қорғап Костомаров магистра дәрежесін алды. Содан кейін Харькова, Киева, қалаларындағ жеке меншікті пансиондарда орыс тарихынан сабақ берді. 1859 жылы Костомаров Петербург университетінің орыс тарихы кафедрасына қызметке шақырылды. Бұл жерда ол үлкен беделге ие болды. Өзінің еркін ой-пікірі, лекторлық шеберлігі студенттерге қатты әсер етті. Негізгі шығармасы – “Русская история в жизне описаниях ее главнейших деятелей;. повестері «Сорок лет» (1840),«Сын» (1865), «Холоп» (1878), «Черниговка» (1881). Әсіресе алғашқы шығармасы орыстың қоғамдық пікірінің қалыптасуына қатты әсер етті.
Михайловский-Данилевский Алекса́ндр Ива́нович (1789–1848) генерал-лейтенант, сенатор,жазушы, тарихшы. 1812 жылғы Отан соғысы туралы 4-томдық кітап жазған(1839)
Соловьёв Серге́й Миха́йлович (1820–1879) – орыс тарихшысы Москва университетінің профессоры (с 1848), ректоры (1871–1877).
1845 жылы Соловьёв «Об отношениях Новгорода к великим князьям» деген тақырыптамагистерлікдиссертациясын қорғады. Оның екінші жұмысы, «История отношений между русскими князьями Рюрикова дома» (Москва, 1847) оған орыс тарихының докторы атағын алуға мүмкіншілік берді. Жасында славянофилдарды қолдаса, кейін, есейе келе батысшылдар қатарынан табылды.
30 жыл бойы ол Ресей тарихымен айналысты.Оның бірінші томы 1851 ал соңғы 29-ыншы томы 1879 жылы жарық көрді.Орыс тарихының ықшамдалған схемасын жасады. Эверстің «рулық қауым» теориясын дамыта отыра, ол орыс тарихының негізгі мәнін ашты. Рулық басқарудан мемлекеттік басқаруға ұласу, тайпа-лардың княздікке, ал княздіктердің мемлекетке айналуы орыс тарихының негізгі схемасы. Рюриктен бастап осы күнге дейін орыстар бірыңғай тұтас организм екендігін дәлелдейді. «....не делить, не дробить русскую историю на отдельные части, периоды, но соединять их, следить преимущественно за связью явлений, за непосредственным преемством форм; не разделять начал, но рассматривать их во взаимодействии, стараться объяснять каждое явление из внутренних причин, прежде чем выделить его из общей связи событий и подчинить внешнему влиянию» деп жазды автор
Достарыңызбен бөлісу: |