ХІХ ғасырдың екінші жартсындағы орыс тарихнамасы
Ресейде ХІХ ғасырдың екінші жартсында шаруаларға бостандық беру мәдениеттің одан әрі дамуына зор әсер етті.Товарлы-ақша қатынасына ерікті товар өндірушілердің жаңа тобының қосылуы халыққа білім беру концепциясын қайта қарау қару қажеттілігін туғызды. Селолық жердегі бастауыш білім ошақтарының саны көбейді. Сауданың , өнеркәсіптің және транспорттың дамуы орта және жоғары білімді мамандар дайындау ісін жеделдетті. Зиялы қауым тобы жаңа, заманауи мамандармен толықты. Осының барлығы халықтың рухани әлемінің сұраныстарын арттырды. Кітап басу, кітапхана желісін көбейту, газет-журналдардың тиражының ұлғайуы күн тәртібіне қойылды.
Жоғарғы білім беретін оқу орындарының саны артты. 1862-1890 жылдар арасында студенттер саны үш есе өсіп, олардың саны17 мыңға жетті. Тіпті алыстағы Сібірде, Томск қаласында 1888 жылы университет ашылды. человек. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ресей империясының аймақтарында құрылған ситатистикалық комитеттер де мұрағат құжаттарын жинастыруға ат салысты. Сөйтіп аймақ тарихын зерттеу мәселесі күн тәртібіне қойылды.
Н.В.Калачовтың мұрындық болуымен губернияларда ғылыми мұрағат комиссиялары жұмыс істей бастады. Оның жұмысына жергілікті ғалымдар белсенді түрде ат салысты. Олар жойылуға аз ақ қалған мұрағат құжаттарын жинап, ретке келтіріп жария етуге дайындады. Олардың көмегінің арқасында жергілікті жерлерде этнографиялық, фольклорлық, археологиялық материалдар жиналып, мұрағаттар мен мұражайлар жабдықталды, кітапхана қорлары толықтырылды. Комиссия мүшелері сонымен қатар халықтың сана–сезімін оятатын ағартушылық жұмыстар да жүргізді.
1869 жылдан бастап Археология съездері өте бастады. Оның негізгі ұйымдастырушысы Москва археология Қоғамының төрағасы А.С.Уваров еді. Съезд 1911 жылға дейін тұрақты түрде өтіп тұрды. Негізгі мақсаты тек археология ғылымының күрделі мәселелерін шешіп қана қоймай, сонымен қатар ғалымдар арасындағы байланысты нығайтуға әсерін тигізді, тарих ғылымының теориялық және практикалық мәселелерін қарастыру істерін қарастырды.
Съезд өнертану, этнография, археология және деректану ғылымдарының дербес бағытқа айналуына ықпал жасады. Съезд Ресейдің әр қалаларында өтіп, ғалымдардың өзара байланыс орнатуына дәнекер болды.
Ресейдің көптеген қалаларында тарихи Қоғамдар құрыла бастады. 1866 жылы Петербург университетінің жанынан құрылған «Орыс тарихи қоғамына» А.Ф.Бычков, В.О. Ключевский, Н.К. Бестужев–Рюмин, И.Е.Забелин сияқты ғалымдар мүше болды. Қоғам 1916 жылға дейін ХҮ–ХІХ ғасырлар арасындағы Ресей тарихының құжаттарын «Сборник Русского исторического общества» деп аталатын жинақтың 148 томын жариялады. 1872 жылдан бастап Киевте «Нестор жылнамасы тарихи қоғамы» Украина тарихы туралы құжаттар жинағының 124 томын жариялады. Ресейдің басқа да қалаларындағы тарихи қоғамдар жергілікті тарих бойынша көптеген материалдар жинап үлгірді.
ХІХ ғасырдың орта шенінде мұрағаттар мен кітапхана мекемелерінің де жұмысы жандана түсті. Мұрағаттар жүйесін қайта құру нәтижесінде 1834 жылы Петербургте «Ресей империясының Мемлекеттік мұрағаты», 1852 жылы Мәскуде «Әділет министрлігінің мұрағаты» пайда болды. Сыртқы істер министрлігінің Петербург қаласындағы мұрағаты дербес статусқа ие болды. 50–жылдары Киеве, Вильно, Одесса, Харьков қалаларында мұрағаттар пайда болды. Ғылым академиясының, Эрмитаждың және әрбір губерниялардың өз мұрағаттары жұмыс істей бастады.
ХІХ ғасыр орыс журналистикасының гүлденген уақыты. «Сын Отечества» (1812–1852), «Московский телеграф» (1825–1834), «Библиотека для чтения» (1833–1865), «Современник» (1836–1866), «Отечественные записки» (1839–1884), «Русский вестник» (1836–1906)сияқты басылымдар орыс оқырмандарының қызыға оқитын журналдарына айналды. Тарихи құжаттар, ғылыми мақалалар жарияланды. П.И.Бартеневтың мұрындық болуымен, негізінен Ресейдің ХҮІІІ–ХІХ ғасырлардағы тарихының материалдарын жарииялаған, тарихшылардың алғашқы кәсіби журналы «Русский Архив» (1863–1917) шыға бастады. 1870 жылы М.И.Семевскийдің редакторлығымен «Русская старина» деп аталатын тарихи журналдың алғашқы саны оқырман қолына тиді. Бұл журнал Кеңес үкіметі орнағанға шейін шығып тұрды. Орыс тарихы сонымен қатар «Древняя и новая Россия», «Исторический вестник» (1880–1917), «Вестник Европы» сияқты басқада басылымдар бетінде жарияланып тұрды.
Тарихи материалдар осы кезде көптеп шыққан альманах, мақалалар жинақтары, әртүрлі ғылыми–ағарту мекемелері мен жеке тұлғалар бастырған «Запискаларда» көрініс тапты. Олардың саны жыл сайын көбейіп, сапасы артты, географиясы кеңейді.
ХІХ ғасырдың 30–жылдары «Губерния ведомостволары» жергілікті тарихқа байланысты материалдарды жариялап, өлкетану мәселелеріне көңіл аударды. Әртүрлі мекемелердің басылымдары да өз оқырмандарына тарихи ақпарат беретін. «Записки ученого комитета Морского штаба» (1825–1845), 1858 жылдан жарық көрген «Военный сборник», «Журнал Министерства внутренних дел», «Журнал министерства народного просвещения» сияқты мерзімді басылымдардың беттері ақпараттық мәліметтер мен қатар ел тарихының деректерін жариялаумен айналысты.
Мерзімді баспасөз тарих проблематикасының кеңеюіне өз септігін тигізді. Н.М.Карамзин, С.М.Соловьев еңбектерін талқылауға ат салысты. Славянофилдар мен батысшылдар арасындағы пікірталастар, жаңа жарық көрген тарихи шығармаға рецензиялар, конференция материалдары және шетелдік әріптестермен бйланыс сияқты мәселелер басылып тұрды. Яғни мерзімді баспасөз Ресей халқының тарихи санасын қалыптастырды.
Бұл уақыттағы орыстың беделді тарихшыларының бірі Афана́сий Проко́пьевич Ща́пов ( 1831-1876) Бурят халқының жиені. Иркутск қаласында орта білім алып, 1857 жылы Қазан университетін бітірген. 1856 жылдан бастап Қазан діни академиясында орыс тарихынан лекция оқиды. 1860 жылы Қазан университетінің орыс тарихы кафедрасының профессоры болып сайланы.
1860 жылдың 12 қарашасында оқыған алғашқы лекциясын мына төмендегі сөздермен бастапты: «Скажу на перёд: не с мыслью о государственности, не с идеей централизации, а с идеей народности и областности я вступаю на кафедру русской истории». А.Щапов саяси көзқарасы жағынан Ресейдің әрбір облыстарын өзін өзі басқаруға көшіру. Әрине сол кездегібилікке бұл жат көзқарас еді. Сондықтан ол университет басшылығы тарапынан қуғынға ұшырады. Кейін ол жұмыстан қуылып, тіпті тұтқынға алынып, Сібірге жер аударылды. А.Щапов Императорлық Орыс Географиялық қоғамының Сібір бөлімшесінің басқарма мүшелігіне сайланды. Этнограф ретінде 1866жылы Турухан өлкесіне ұымдастырған экспедицияға қатнасты. 1866 жылы Верхоленский және 1874 жылы Иркутск губерниясының Балаган округінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. А.П.Щапов өмірінің соңғы жылдарын кедейшілікте өткізді. Оның негізгі еңбектері: Голос древней русской церкви об улучшении быта несвободных людей" 1859; Русский раскол старообрядства. Казань 1859; Смесь христианства с язычеством и ересями в древнерусских народных сказаниях о мире" 1861; Состояние русского духовенства в XVIII столетии" 1862; Земство и раскол. Бегуны 1862; Автобиография Иркутск 1884
Достарыңызбен бөлісу: |