Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а


Владимир Владимириович Зернов–Вельяминов



бет80/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

Владимир Владимириович Зернов–Вельяминов (1830–1904) – орыс шығыстанушысы. 1850 жылы Александровский лицейін бітірген. Жас кезі­­нен бастап шығыс тілдеріне қызығушылық білдіреді. Еврей, парсы, араб тіл­де­рін оқи­ды. 1851 жылы Сыртқы істер министрлігінің Азия де­пар­та­мен­тіне жұмысқа кір­еді. Орынбор губерниясында қызметте бол­ды. Осы жерде ол түркі тілдерін толық меңгерді. Осының нәти­жесін­де «Истори­чес­кие известия о киргиз–кайсаках в отно­шен­ии России со Средней Азией со времен кончины Абдул–Хаир хана (1748–1765)» ат­ты еңбегін жа­рық­қа шығарды. Бұл еңбек алдымен жергілікті баспасөз бет­терінде оқырмандарға таныстырылып, кейін, 1853–1855 жылдары Уфа қаласында жеке кітап болып шықты. Обылыстық мұрағат құжат­ары негізінде оның «Источников для изучения тарханства, жалованного башкирам рус­ски­ми государями» («Записки Академии Наук». 1864, Т. V. Приложение) еңбегі оқырман қолына тиді. 1856 жылы Петерборға оралған ға­лым азия департаментіндегі қызметін жалғастырды. 1859 жылы оның Бұхар және Хиуа монеталары және қолжазбалары жөніндегі еңбегі жарияланды. 1859 жыл­дың қаңтар айында ол орыс археология­лық қоғамы шығыс бөлім­ше­сі­нің хатшылығына сайланды. 1861–1872 жылдары ол сол қоғамның хат­шы­­сы болады. 1861 жылы ол экстра­ордина­рлы академик болып сайланды. Ол орыс ғалымдарының ішіндегі алғашқы академик шығыстанушы еді.
1888 В.В. Вельяминов–Зернов жылы Киев оқу округінің попечителі, ал 1889 жылы Киев, Волын және Подольск губернияла­рында көне құжат­тар­ды жинастырып, ретке келтіру мақсатында құрылған комиссияның төр­ағасы болып сайланды.
1860 жылдан бастап ол Орталық Азия елдері тарихы бойынша 322 еңбек жариялады. Солардың ішіндегі біздер үшін ең құнды шығарма 1863–1887 жылдары жазылған «Исследования о касимовских царях и царевичах» деп аталатын еңбегі. Кітапта автор Алтын Орда, Қырым хан­ды­ғы, Қазан, Астрахан және Орталық Азия тарихы жөнінде құнды мәлі­мет­тер берді.
1864 жылғы «Материалы для истории Крымского ханства» (СПб., 1864), 1868 жылғы «Словарь джагатайско–турецкий» академик Н.И. Ве­­­­се­­лов­ский­дің сөзімен айтқанда, «издание образцовое и в области ориента­лиз­ма едва ли имеющее равное себе». Көп жылдар бойы ол 1854 жылы Орынборда қолына түскен парсы патшасы ІІ Аб­дул­лаханның сарай тарихшысы Хафиз Таныштың «Абдулланаме» қолжазбасының мәтінін орыс тіліне аударумен айналысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет