Бестужев-Рюмин К. Н. О составе русских летописей до конца XIV века. СПб., 1868
Бестужев-Рюмин К. Н. Русская история. Т. 1. СПб., 1872. Т. 2. Вып. 1. СПб., 1885
ІХ. ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ОРЫС ТАРИХНАМАСЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ТАҚЫРЫБЫ
Ресейдегі тарихи ізденіс қазақ елінің орыс бодандығына түсуімен сәйкес келді. Отарланған елді тиімді басқару үшін оны толық зерттеу қажеттілігі туындады. Сондықтан бұл шаруамен айналысу орыс отарлық әкімшілігінің чиновниктеріне тапсырылды. Соның бірі Василий Васильевич Григорьев (1816–1881) өз заманының ірі ориенталист ғалымдарының бірі С.Петербург университетінің профессоры. Лондон королдық азия қоғамының, Париж азия қоғамының және Лейпцигтегі Герман ориенталистер қоғамының мұшесі болып сайланды. Тарихи көзқарасы жағынан словянофилдерді қолдаған.
С.Петербург университетінің филология факультететін бітіріп, шығыс тілдерінің маманы болып шығады. Студент шағында еңбекке араласады, 1844 жылы рухани іс департаментіне жұмысқа орналасады, 1851 жылы Орынборда шекара экспедиция бастығы ретінде қазақ хандарымен қарым–қатынаста болады.
1871 жылы «О скифском народе Саках» атты еңбегін жариялады. Бұл кітапта сол кездегі батыс тарихшыларына беймәлім сақ қоғамы жөнінде сөз қозғайды. Геродот деректеріне сүйеніп олардың мекен еткен жерін дәл тапқанымен, қазіргі қазақ халқымен этногенетикалық байланысын білмеген.
Алексей Ираклиевич Левшин (1799–1879) Орыс тарихшысы. Харьков универститетін бітірген (1818). Ол орыс география қоғамының негізін қалаушылардың бірі. Әртүрлі мемлекеттік қызметтер атқарған. 1820 жылы Орынбор шекара комиссиясының мұрағат қорын ретке келтіру жұмысына қатынасады. Соның нәтижесінде ол қазақ тарихы жөнінде алғаш монографиялық еңбек жазған ғалым. Оның «Описание киргиз–казачьих или киргиз–кайсацких орд и степей». Петербург, 1832 ж. атты еңбегі үш бөлімнен тұрады; бірінші бөлімінде қазақ жерінің географиялық сипаттамасы берілген, екіншісінде қазақ халқының тарихына, ал үшінші бөлім қазақ этнографиясына арнаған. Бұл еңбегінде Левшин “қазақ” деген этнонимге ғылыми анықтама беруге тырысты.
Ресейдің Қазақ даласын отарлау саясатының бастауын өз көзімен көріп, оған ресми баға береді. Қазақ халқының Ресей әкімшілігіне күштеп өтуінен бастап, ХІХ ғасырдыдың басына дейінгі Орынбор әкімшілігінің және орыстармен арадағы сауда, ресми және саяси қарым–қатынастан көптеген мағлұматтар береді. Оның «Историческое и статистическое обозрение уральских казаков» (1823), «Свидание с ханом меньшой Киргиз–Кайсакской орды» // Вестник Европы, Часть 114. № 22. 1820, «Татарлардың ежелгі қаласы Сарайшық туралы хабар» (1824), “Қазақ халқының атауы және оның нағыз немесе жабайы қырғыздардан айырмашылықтары туралы” (1827), т.б. еңбектерібар.
Алғашқы Еуропалық білім алған қазақ оқымыстысы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия; 1835–1865) Қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, шылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклортанушы, этнограф, географ, ағартушы.
Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысыСарыкөл ауданы территориясындағы Күнтимес қыстауында атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Әкесі сол кезде Аманқарағай дуанының (орталығы Қараоба мекені) аға сұлтаны болған. Округ орталығы 1844 жылы Құсмұрын қамалына ауысқаннан кейін дуан аты Құсмұрын болып өзгертілді.
Ол Күнтимес ауылындағы ауыл мектебінде хат таныған, ортағасырлық қыпшақ–шағатай тілін меңгереді, парсыша, арабша тіл сындырады. 1847 жылы сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадет корпусына оқуға түсті. Шоқанның бүкіл келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ашуда бұл оқу орнының маңызы ерекше болды. Мұнда жабық әскери оқу орны болғанымен, көптеген пәндер әскери сабақтарға қоса орыс, батыс әдебиеті, географиясы мен тарихы, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері оқытылып, орыстың озық ойлы интеллигенттерінің өкілдері сабақ берген. Оқытушылар құрамында білімді және прогресшіл ой-пікірлі адамдар көп болған.
Оның зерттеушілік қабілеті де осы корпуста оқып жүргенде біртіндеп қалыптасып, дами түсті. Ол, әсіресе, жазғы демалыс кездерінде ел ішіндегі халық жырлары мен дастандарын жазып алып, аңыз–әңгімелерді жинауға қызықты. Мысалы, «Қозы Көрпеш–Баян сұлу жыры» Шоқанның алғашқы жазып алған шығармаларының бірі болды. Шоқан жинаған қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерінің нұсқаларын, "Қозы Көрпеш–Баян сұлу" жырын көрнекті шығыс зерттеушісі, Петербург университетінің профессоры И.И.Березин бұл зерттеулерге назар аударып, жазып алған. Шоқанның зерттеушілік қабілетін байқаған ғалым оны өз тарапынан ескі жазу ескерткіштерін зерттеу ісіне араластырды.
Шоқанның "Профессор И.Н.Березинге хат", "Профессор И.И.Березиннің "хан жарлықтары" кітабына рецензия" т.б. алғашқы ғылыми жұмыстарының өзінен–ақ, оның болашағы зор ғалым, зерттеуші болатындығы байқалды. Қырағы да, зейінді сурет салу өнерін де меңгерді. Шоқан кадет корпусында оқып жүргене–ақ, саяхатшылардың өмірі мен ісі туралы жазылған еңбектерді аса қызығушылықпен оқып шықты. Осы еңбектердің әсерінен ол саяхатшы болуды, Орта Азияны аралап жан–жақты танысуды армандады.
Кадет корпусын 1853 жылы он жеті жасында бітірген Шоқан Батыс Сібір генерал губернаторының кеңсесінде қызметке қалдырылады. Бір жылдан кейін Батыс Сібір генерал губернаторы Гасфорттың адьютанты болып тағайындалады. Осы қызметті атқара жүріп, ол Орта Азия халықтарының тарихын, этнографиясы мен жағрафиясын зерттеуге белсене араласады.
Ш. Уалиханов қазақ халқының шығу тегі мәселелесіне терең көңіл қойып зерттеді. XIX ғасырдың ортасына дейін әлем тарихнамасында Витзеннің «қазақтар енисей қырғыздарынан пайда болған» – деген пікірі үстем болып келді. П.И.Рычков болса, қазақтар «алатау қырғыздардан» бөлініп шықты, ал Н.Я.Бичурин болса, қазақтар ежелгі кангюйдің ізбасарлары деп санады. Қазақ халқы жөнінде іргелі еңбек жазған А.И.Левшиннің өзі қазақтар түркі тайпаларының бір бөлігін құраған «ежелгі халық» деп санады. А.Вамбери де, Фирдоусидің көрсеткенін негізге ала отырып, қазақ халқының «көнелілігі» туралы пікірді айтты. Бұл авторлар негізінен болжамдарға сүйенді, өйткені олар қажетті деректерге қол жеткізу мүмкіндігі болмады.
Шоқан Шыңғысұлы этногенетикалык мәселелерді дұрыс шешу үшін, ең алдымен ғалымда жан–жақты, толық деректер қажеттігін жақсы түсінді. Шоқан әртүрлі (батыс, шығыс, орыс, Еуропа т.б.) деректерді пайдаланды. Ол ғылымда алғаш рет халық ауыз әдебиетін дерек ретінде шебер колданды. Өзінің «Предания и легенды большой киргиз–кайсацкой орды» деген енбегінде қазақтардың шығу тегі туралы бірнеше аңыз–әңгімелерді келтірді. Шоқаннын халык ауыз әдебиеті шығармаларын манызды дерек ретінде қолданғанын шоқантану «мектебінің» негізін қалаған, басқарған Ә.Х.Марғұлан: «Ч.Валиханов одним из первых вводит в научный обиход новый пласт исторических источников – устное народное творчество казахов и киргизов. Он впервые ставит и пытается решить ряд узловых проблем истории тюркских гародов Азии, таких, как проблема этногенеза, роль ислама, социально–политическое устройство и др.», – деп көрсетті.
Ол қазақтың этногенезін басқа да түркі халықтарының тарихымен байланыстыра отырып зерттеді. Қырғыздар мен ұйғырлардың этногенезі туралы алғашқы болып дәлелді пікірлер айтқан ғалым. Оның ғылыми концепциясы бүгінгі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ. XIX ғасырдың ортасына дейін Батыс Еуропа мен Ресей ғылымында (А.Гумбольдт, К.Риттер) XVIII ғасырдағы Ұлы жүз қазақтары мен қырғыздарды бір халық деген қате пікір қалыптаскан еді. Бұлардың екі халық екенін, олардың тек этнографиялық жағынан ғана емес, сондай–ақ тіл және антропологиялық жағынан да өзгеше екендігін ғылыми түрде дәлелдеді.
«Киргизские родословие» еңбегінде ол қазақ халқының құрамына енген әртүрлі рулардың шығуы мен мекен еткен жерлерін баяндады. Оның пікірінше қазақ құрамындағы алшын, арғын, найман, жалайыр, қыпшақ, ұзақ, каңлы, керей, маңғыт, қият, түрікмен, қырғыз т.б. да тайпалар осы күнгі түркі тектес басқа да халықтардың этногенезіне негіз болған.
Шоқан қазақ ғалымдарының ішінде алғаш рет шығыс деректеріне, атап айтар болсақ Мұхаммед Хайдардың «Тарихи–Рашиди» деген еңбегіне көңіл аударды. Ол қазақ этногенезінің қалыптасу кезеңі туралы ой қорытындылауға мүмкіндік берді. Сөйтіп ол қазақтар «ежелгі халық емес» деген қорытынды жасады. Ол осыған дейін ғылымда мойындалған қазақ халқы мұңғұлдарға дейін пайда болды деген концепцияға қарсы пікірге келді. Мұның дұрыс бұрыстығы осы күнге дейін дәлелденген жоқ.
Қадырғали би еңбегін қазақ топырағында ғылыми тұрғыдан зерттеу Шоқан Уәлихановтан басталады. Оның еңбегін Шоқан кеңінен пайдаланды. Ол Қадырғали би еңбегінің кұндылығын терең түсіне отырып, оның қазак тарихына тікелей катысы бар тарауларын орыс тіліне аударды.
Фольклорлық деректерді пайдалана отырып Шыңғысхан, Ақсақ Темір, Алтын орда дәуірінің бас қаһармандары – Тоқтамыс, Орақ мырза, Ер Көкше, Ер Қосайға қатысты жырларды, Жедек, Көшім Орыс хандар заманындағы қазақ елінің орта ғасырлардағы тарихы туралы да қомақты пікірлер айтты.
Қорыта келгенде өз заманында Шоқан Шыңғысұлы қазақ халқының тарихын зерттеуге орасан үлес қосты. Оның еңбектері бүгінгі күнге дейін өзінің құндылығын жоймақ емес.
Достарыңызбен бөлісу: |