Бартольд В.В. Собрание сочинений в 9 томах. М., 1963–77.
Радлов В. В.Из Сибири (страницы дневника», Перевод К.Д.Цивиной и Б.Е.Чистовой .М.,1989.
Левшин А.И.Описание киргиз–казачьих или киргиз–кайсацких гор и степей. Алматы. Санат. 1996
Ш.Ш. Уәлиханов. Көп томдық шығармалар жинағы. I том / 2 басылым – Алматы: «Толағай групп», 2010. – 376 бет.
Х. XX ҒАСЫРДАҒЫ ЕУРОПА ТАРИХНАМАСЫ
Еуропа қоғамындағы рухани күйзеліс.
ХІХ ғасырдың басында Батыс Еуропа мемлекеттерінде рухани күйзеліс көрініс тапты. Индустрияның одан әрі дамуы капиталистік қатынастарды жаңа деңгейге көтерді. Мұның өзі қоғамдағы әлеуметтік жағдайды шиеленістіріп, жұмысшы табын революциялық қозғалысқа итермеледі. Еуропа қоғамында тұрақсыздық пайда болды. Осыған дейінгі ғылымда үстемдік еткен позитивистік ілім дағдарыстың алдында тұр еді.
ХХ ғасыр тарих ғылымы үшін өте ауыр уақыт болды. Ғылымның пәні, оның мазмұны, тақырыптары және зерттеу әдістері қайта-қайта өзгерістерге ұшырап отырды. Мұның өзі тарих ғылымын дағдарысқа ұшыратты. Ғылымның эмпирикалық деңгейі мен теориялық постулаттары арасында пайда болған қарама–қайшылықтар жиі–жиі методологиялық пікірталастың тақырыбына айналды.Әлбетте тарих ғылымының дағдарысы өткен ХІХ ғасырдағы тарихи танымның жедел дамуының нәтижесі еді. Жинақталған эмпирикалық материал теориялық талдауды қажет етті.
ХІХ ғасырдағы тарих ғылымының парадигмалары ХХ ғасырдағы ғылымның қажеттілігін өтей алмайтындығын көрсетті. Ғасырдың алғашқы ширегінде тарих ғылымы философиядағы позитивизм бағытының ықпалынан шыға алмады. Екіші дүниежүзілік соғыс қарсаңында, әсіресе соғыс жылдары позитивизм бағыты қатты сынға ұшырады.
Тарихтың қоғам санасы екендігі баршамызға белгілі. Сондықтан оның дағдарысының әлеуметтік маңызы бар. Қоғамда пайда болған барлық проблеманың шешімін табатын батыс өркенитіне сенімсіздік туды. Тіпті тарих ғылым ретінде қоғамға қажет пе мәселе күн тәртібіне қойылды.
Тарихи танымның негізгі ұстанымдарын қайта қарау қажеттілігін тудырған ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы жаратылыстану ғылымдарының жетістіктері еді. Физика ғылымындағы А. Эйнштейннің арнайы салыстырмалылық теориясы әлемге жаңа көзқарас тұрғысынан қарауға мәжбүрледі. Ғалымдар кеңістік пен уақыттың арасындағы органикалық байланыс материя қозғалысының салыстырмалы екендігін түсінді.
Осы уақытқа дейін жинақталған тарихи материал әртүрлі мемлекеттер мен халықтардың даму жолы әрқилы екендігін көрсетті. Әр халықтың өз даму жолдары бар, оларды бір заңдылықтың аясына сиғызуға болмайды деген қорытынды жасалды.
Тарихи білім салыстырмалы. Тарихтағы ақиқат таным субъктісіне, тарихшының шығармашылық ерекшеліктеріне байланысты. Позитивистердің тарихи білім де жаратылыстану білімі сияқты нақты деген тезистері күмән туғыза бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |