Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а



бет95/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

Саясат тарихы.

Академик Э. Лависс Үшінші француз республи­касының ресми тарихшысы болды. Ол тарих ғылымының негізгі міндеті сол кездің моралдық-адамгер­ші­лік құнылықтарын ғылыми түрде негіз­деу деп түсінді. Екінші бір А. Рамбо есімді тарихшымен бірлесіп «Жалпы тарих» деп аталатын ұжымдық еңбектің редакциясын басқар­ды. Оның басшылығымен «История Франции от ее исто­ков до рево­люции» атты шығарма жарық көрді. Бірақ оның тарихшы ретінде атын шығарған,француз халқының ұлттыұ және тарихи санасын қалыптас­ты­р­ған Франция тарихының оқулығы еді. Оқу­лық негізінен оқушыларға арнал­ды. Оның беделінің жоғары болғандығы сондай, оқулықтың бірін­ші басы­лы­мы 1884 жылы шықса, соңғы 50-іншісі 1950 жылы жарық көрді.Француз елі­нің ұзын-сонар тарихтағы әкімшілік, террито­рия­­лық және моролдық бір­лігі ел қамын ойлаған корольдардың арқасы. Жер шарын мекендеген қай халық бол­масын француздармен байланыста болған дейді тарихшы. Франция үкіме­тіне қарсы келгендердің бәрі фран­цуз халқының жауы. Оның революцияға бе­р­ген бағасы екі ұшты. Бір кезде революция қажет­тілік болса,қазыр ондай өзге­р­істерге жол беру­ге болмайды деп қортындылайды. Лав­исстың тарихи көзқа­расы-ұлтшылдық,француз дәстүріне адал­дық,күн­ге,жерге,ата-баба рухына табыну.
Француз тарихшысы А. Олар да Республика тарихына арнап бір­не­ше ең­бек­тер жазды. 1901 жылы жарыққа шыққан оның «Поли­ти­чес­кая история Французской революции. Происхождение демократии и республики» деп ата­латын монографиясында үшінші республика1792-1804 жылдардағы бір­інші республиканың дәстүрін жалғастырушы деп есептеді. Революцияның мәні 1789 және 1793жылдардағы «Құқық дек­ла­рациясында» көрсетілген деп дә­лелдейді тарихшы-ғалым. Автор революция барысындағы саяси топтардың күресіне тоқталады. Бірақ, олардың көзқарасынан онша үлкен айырмашылық­ты көрмейді. Оның сүйікті тұлғасы Дантон. Оған«... Дантон - реальный по­литик, кото­рый «никогда не шел впереди общественного мнения». Он – пл­а­мен­ный трибун, «ум­иро­творитель революции 10 августа 1792 г.», спа­си­тель Франции от инте­рвентов. Дантон хотел избежать любой це­ной окончательного раскола между Горой и Жирондой» деп баға береді. Ке­рі­с­ін­ше Олар Робес­пьерге «самовлюбленный демагог», «бес­пре­­дель­но мсти­т­е­льный, безжало­ст­ный клеветник» депоған жағым­сыз мінездеме береді.нның болашағының кепілі.
Келесі бір француз тарихшысы Робеспьерді ақтап алуға тырысты. А. Ма­тьез есімді тарихшы 1907 жылы «Робеспьерді зерттеу Қоғамын» құр­ып ,­«Революционные анналы» журналын шығара бастады. Негізгі мақсаты он­ың революциялық қызметіне әділ баға беру. Революция тарихына әлеумет­тік күрес ретінде қарастыра отыра, Робеспьерді асыра дәріптейді. Ол Дан­тон жөніндегі аңызды жоққа шығарып, оның пара алғыш­тығын, котреволю­ционерлермен байланысын әшкерлейді. .
Герман тарихнамасында саяси тарихққа қалам тартқан тарихшы Г. Дель­брюк. Ол көп томдық «Истории военного искусства в рамках полити­чес­кой истории» атты еңбегінде әскери уақиғалардың қоғамдық құрылыспен бай­ланысын зерттейді. Оның тарихи концепция­сының мәнібір біріне қарсы жақ­тардың күресі. Мысалы табиғат пен адам, жеке тұлға мен бұқара.жеке адам мен қо­ғам,рух пен күштің ара­сын­дағы күрес осының айғағы. Ал енді мұндай күрестің айқын көрінісі-соғыс дейді тарихшы. Қорғаныс соғыстары ұлттық мүд­дені сақтап қалу үшін болатын күрес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет