Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а


Тарихнамалық талдау пәнінің кезеңдерін анықтау



бет9/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

Тарихнамалық талдау пәнінің кезеңдерін анықтау. Бірінші кезекте пән бойынша ғылыми–библиографиялық әдебиеттердің сипата­масы жа­са­ла­ды. Ол­ар­дың жалпы саны көрсетіледі. Егер ол белгісіз болса, онда жал­­пы­ла­ма, ша­мамен айтылады. Келесі кезекте тарихнама­лық тал­дау­дың хроно­логия­лық шеңбері бел­гіленеді. Оның ең төменгі шегі тақы­рып бойынша жарық көр­ген алғашқы мақа­ла­дан басталады. Ал жоғарғы ше­гі осы жөніндегі соңғы ма­қаламен аяқ­талады. Бұл мақалалар тақы­рып­қа арнайы жазылуы шарт емес. Тіп­ті тақы­рыптың кей­бір мәселелері ту­ра­лы жай ғана сөз қозғаса да жеткілік­ті.
Хронологиялық кезеңдерге бөлудің үш шарты бар. Біріншісі зерттеу пән­і­нің түсінігі бойынша концепцияның ауысуы. Екіншісі – оған қызы­ғу­шы­лық­тың әлеуметтік жағдайының өзгеруі. Үшіншісі – ғалымдар ара­сындағы тақыр­ыпты одан әрі зерттеуге мүдделіліктің саябырлауы. Мұ­ның да бірнеше себеп­тері бар. Тақырып зерттеліп болды деген түсі­ніктің пайда бо­луы, неме­се саяси коньектураның өзгеруі. Мысалы Кеңес елін­де Ком­мунис­тік пар­тия­ның билік ба­сынан кетуіне байланысты оның тарихын зерттеуге қызығу­шы­лық су сеп­кен­дей басылды. Тарих­на­малық кезеңдер жалпы Қазақ тарихының даму кезең­дері­мен сәйкес ке­луі де, келмеуі де мүмкін. Тарихнамалық талдау жөнін­де­гі әңгі­ме, оны жа­л­пылама кезеңдеуден басталады. Содан кейін оның саны мен хроно­ло­­гиялық шегі көрсетіледі.
Тарихнамалық кезеңдерді талдау мына төмендегі аспектілер бойын­ша жүргізіледі.
1. Әр кезеңнің сипаттамасын беру.
2. Әр кезеңнің өз ішінде әдебиеттерді түрлеріне қарай бөлу.
3. Ғылыми әдебиеттің негізгі түрлеріне сипаттама беру.
4. Тарихнама ғылымының әр кезеңінде зерттелген аспектілерін бағалау.
5. Зерттегелі отырған тақырыбыңыздың негізгі концепцияларын анықтау.
6. Тақырыпты зерттеуге үлес қосқан авторларды және олардың негізгі ең­бек­теріне сипаттама беру.
Әдебиеттерге сипаттама беру барысында олардың жанрына аса көңіл ау­дару қажет. Олардың публицистикалық, ғылыми–көпшілік немесе ғы­лы­­­ми түр­лері бар.
Егер тақырып бойынша ғылыми шығармалар болмаған жағдайда зерттеуші оған жақын немесе хронологиялық шеңбері бір жалпылама еңбек­тер­ді пайда­лануға мәжбүр болады. Бұл тарихнамалық талдаудың екінші ке­зе­ңінде атқары­латын шаруа.
Тек талдаудың үшінші кезеңінде ғана ғылыми шығармаларға баға беру мүм­кіндігі туады. Олардың мақалалары мен монографиялары талқы­ла­нады, олар­ға сілтеме беріледі. Сілтеме тек негізгі–негізгі еңбек­терге бе­рі­леді. Әдет­те олардың санын бесеуден асырмайды. Асып бара жатса «тағы да басқалар» де­ген сияқты белгі салынады.
Белгілі бір елдегі тарихи танымның дамуына сол елдегі әлеуметтік–сая­си жағ­дайдың әсер ететіндігі белгілі. Оның өзгеруіне байланысты тарихнама­лық жаңа кезең басталады. Мысалы еліміздің тәуелсіздік алу­ына байланысты тарих ғылымының еркін дамуына жағыдай туды. Яғни қаз­ақ тарихнама­сы­ның жаңа кезеңі басталды. Сондықтан, әсіресе соңғы жы­лдары пайда болған та­ри­хи шығармаларға аса көңіл бөлген абзал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет