Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а



бет6/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

Тарихнама ғылымының принциптері. Басқа да тарих ғылы­мы­­ның са­ла­лары сияқты тарихнаманың да өз ұстанымдары мен әдістері бар. Оның не­гіз­гілерінің бірі – тарихилық приципі. Оның мәні мына­да: кез– келген та­рих­намалық құбылыс қоғамда қалыптасқан фак­тор­лар­ға байла­ныс­ты даму процесінде зерттелуі қажет. Яғни, белгілі бір ға­лым­ның тари­хи концепциясы немесе ғылыми бағыттың ой–пікірінің ту­уы, дамуы және оның ғылымда түп­кі­лікті орын алу процесі өз кезегімен баян­далады. Орыс тарихнамасында бұл прин­ципті ұстанған XIX ға­сырдың белгілі тарих­шысы С.М. Соловьев.

Соңғы жылдары тарихшылар арасында тұтастық принципы орын алып отыр. Тарихтың кезеңдерін немесе тарихнамалық бағыттың бірін зерт­теу ба­ры­­сында тарихи білімнің барлық элементтерінің байланысын бір жүйе ретінде қарастыру. Кез келген тарихшының ғылыми көзқа­ра­сын анықтау үшін оның таң­даған тақырыбы, жинаған деректер кор­пу­сы­ның толықтығы, дерек­терді талдау әдістері сияқты оның зерттеу ла­бо­ротория­сын­дағы тағы да басқа ұсақ–түйектерге баса назар аудару қа­жет. Оның шығармасының кон­тек­стісінен өзіңе керек цитатаны жұлып алып өз тұжырымыңызды дәлел­деу­ге пайдаланатын бол­саңыз қателікке ұры­нуы­ңыз мүмкін.
Кеңес заманында тарихшылар міндетті түрде ғылыми зерттеу проце­сін­де таптық принципті ұстанды. Тіпті бұл принципті пайдалана оты­рып жа­зыл­­ған шығарманың ғылымилығына шүбә келтірілмеді. Сон­дық­тан тарих­шы­ның ғы­лыми еңбегін талдамас бұрын оның авторының тап­­тық көз­қа­ра­сы­на көңіл ау­дарылатын еді.
Қазақ тарихына байланысты еңбектерді талдағанда автордың ұлттық көз­қарасы ескерілуі керек. Өйткені күні бүгінге дейін қазақ тарихы бө­тен ұлт­­тың дүниетанымы негізінде жазылып келеді. Белгілі бір ұлттың ті­лін, ділін, дінін, әдет–ғұрпын жете білмей оның тарихы жөнінде тұ­шы­мды еңбек жазу мүм­­кін емес. Сондықтан егер басқа бір халықтың та­ри­хына терең бойлау үшін ұлттық принцип сенің негізгі ұста­ны­мын.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет