Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а



бет52/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

Бекіту сұрақтары:
1. Орта ғасырлар ұғымы және онр қандай кезеңдерге бөлінеді?
3. Агиографиялық және литургиялық шығармалардан қандай де­рек­тер алуға болады?
4. Аврелий Августиннің көзқарасына сипаттама бер. 
5. Павл Орозий шығармасында тарихи шындық бар ма?
6.Тарихи дамудың провиденциализм концепциясының мәнін түсін­дір? 
7. Еуропа тарихнамасының гуманистік дәуірінің сипаты.
9. Еуропа тарихнамасының гуманистік дәуірінің өкілдеріне баға бер?


Тарихнамалық деректер:
Хрестоматия по истории средних веков под ред. С. Д. Сказкина. Т. 2. М., 1963.
Морис де Вульф. Средневековая философия и цивилизация. Центр­по­ли­грав,2014, 253 стр.
Августин. Избранные сочинения. В 4 ч. ­– М., 1786.
ПавлОрозий. История против язычников. Книги I–VII, Издательство Олега Абышко, М., 2004
Франческо Петрарка. Книга песен. Государственное издательство худо­жественной литературы, М. 1963г. 


V. АҒАРТУ ДӘУІРІНДЕГІ ЕУРОПА ТАРИХНАМАСЫ

1789 жылы Францияда монархиялық билікке қарсы революциялық қоз­­­­ға­лыс басталды. Келесі жылы король өлтіріліп, якобиншілердің тер­ро­ры басталы. Осыдан кейін Франциядағы шиеленіскен саяси қақ­тығыс­тар нә­тижесінде билік басына Наполеон Бонопарт келді. Франция импе­рия бо­лып жарияланып, жаулап алушылық соғыстар басталды. Сөйтіп, Евро­па­ның саяси картасында қаншалықты өзгерістер болғандығы бел­гілі.


Ағылшын еліндегі өндірістік төңкеріс техниканың, сонымен бірге нақ­тылы ғылымдардың, дамуына кең жол ашты. Сонымен қатар саяси эко­но­мия (А. Смит), фиолософия ғылымдары өз дамуының сара жолына түсті.
Тарих ғылымының рационалды және ағарту дәуірі. XVIII ғасырда та­рих ғылымының пәні айқындала бастады. Тарихқа «ағарту ғасыры» аты­­мен кірген бұл заманда кешегі провиденциализм бүгінгі «раци­она­лизм» идеяларына жол берді.
Жаңа ғана дүниеге келген буржуазия табына жаңа идея, жаңа көз­қа­рас, жаңа руханият қажет болды. Тарихи прогрестің жетекші күші адам. Яғ­ни тарих ғылымының негізгі объектісі де адам, оның өткені, бүгіні және келешегі деген ұғым қалыптасты. Бостандық, теңдік – қоғамдық прогресс процесіндегі негізгі құндылықтар. Прогрестің қозғаушы күші білімге не­гіз­делген ақыл–ой. Сонымен рационализм қоғамда кең өріс алған иде­я­лық–интеллектуальді және мәдени қозғалыс. Ағартушылар концепциясы «табиғи құқық» және «қоғамдық келісім» теорияларына негізделген. Олар қоғамдық дамудың мәңгілік заңдылығын ойлап табу мүмкіншілігі бар­лы­ғы­на сенді. Ақыл–ой және адамның табиғи қажет­тілігі қоғамда тұрақты­лық­ты қамтамасыз етеді деп дәлелдеуге тырысты. Ол үшін ел басындағы адам білімге құштар болуы керек. Білімді монарх олардың концепциясын жү­зе­ге асырады деп ойлады (Вольтера и Дидро). Ағартушылық идеяның ота­ны Англия, бірақ оның рухани орта­лы­ғы Франция болды. «Энциклопе­дии, или Толкового словаря наук, ис­кус­ств и ремесел» Францияда жарық көрді.
Ағартушылар тарих ғылымына қатты қызықты. Өйткені тарих арқы­лы адамзаттың өмірлік тәжрибесін меңгеруге болады. Адамның ақыл–ойы бар­лық халықтарға ортақ. Сондықтан олар (Вольтера, И.Г. Гердера) әлем та­ри­хын жазуға ұмтылыс жасады.
Француз ғалымдары өз шығармаларында тарихи танымның объек­ті­сі адамзат қоғамы екендігін тағы да дәлелдеді. Тарихи заңдылық адам­зат қо­ғамының ілгерілеп дамуы, тарихи дамуға табиғи факторлардың әсе­рі сияқ­ты проблемалар XVIII ғасыр авторларының шығармаларында көрініс тап­ты. Тарих білімнен ғылымға айналды, яғни ол өзінің пәнін тапты.
Сол кездегі тарих ғылымында екі бағыт қалыптасы. Бірінші бағыт та­рих­шы–эрудиттердің еңбектерінен және екінші бағыт тарихшы–фило­со­ф­тардың шығармаларынан тұрды. Эрудиттер қолжазбалардағы мәтін­ді сы­нау әдістерін, археологиялық материалдарды зерттеу тәсіл­дерін жаса­ды.
Тарихи процесске тарихилық тұрғыдан қараған және осы ұстанымның негізін қалаған белгілі итальян тарихшысы ВИКО Джам­бат­тиста (1668–1744). Ол тарихи процесс объективті және провиден­циал­ды екендігін дәлел­дейді. Қоғамның даму заңдылығын құдай анық­тайды. Дегенмен де оған та­биғи және ішкі себептер де әсер етеді. Сон­дық­тан қоғамда болып жат­қан құбылы­стар объективті. Адам күнделікті тұрмысында өзінің әрекетін та­биғи және тари­хи заңдылықтар негізінде жүзге асырады. Адамзаттың бірлігі, әлемнің барлық халықтары мен мемлекеттері қоғам дамуының уни­версалды заңдылықтарына бағынады деген приинцип Вико концеп­ция­­сының жаңалығы еді.
Вико «қоғамдық айналу» (общественного круговорот) теориясы­ның авторы. Кез келген халық өз тарихында үш циклдан тұратын кезеңдерді ба­сынан өткізеді. Бірінші кезеңде(құдайлар ғасыры) билік абыздар қо­лын­да, әлі мемлекеттік нышандар жоқ. Екінші кезеңде (батырлар ғасыры) ақсү­йектер билеген мемлекет пайда болады, мұны ол батырлық дәуірі деп атайды. Ал енді адамзат тарихының соңғы кезеңінде (адам­дар ғасыры) мемлекет бірте бірте демократиялыық сипатқа ие болады. Бұл дәуірді ол ада­ми деп атайды. Сонымен бір цикл аяқталады да адамзат тарихы қайта бас­талады.
Қоғам төменнен жоғарыға қарай бағытымен дамиды. Әрбір цикл ішінде әлеуметтік қайшылықтар шиеленісе келе қоғамның күйзелісіне, дағдарысына әкеліп соғады. Соның нәтижесінде бірінші цикл ыдырап екінші қоғамдық құр­лыс­қа жол береді. Өзінің концепциясын дәлелдеу үшін ол Рим тарихын мысал­ға келтіреді. Оның алғашқы дәуірінде қоғамды үрей биледі. Мемлекеттік ап­парат жоқ. Билік құдайдың қолын­да, оның жер бетіндегі абыздарының ырқында. «Әулет бысшылары» және «әу­лет мүшелері мен қызметшілері» ара­сын­дағы қарама–қайшы­лық мем­лекет белгілерін дүниеге әкелді. Келесі циклда «Әулет бас­шы­лары Фео­дал­дарға айналады да екінші топ қарапайым халыққа айна­ла­ды. Осы­лай­ша ертедегі Римде патрицилер мен плебейлер пайда болды. Мемлекет арис­­тократиялық сипатқа ие болды. Мемлекет басқару күшке сүйенді. Фео­далдар өзін құдайдай немесе жарты құдайдай сезінді. Екі топ ара­сын­дағы қарама–қайшылық қарулы қақтығыстарға апарып соғып отырды. Мұндай жағыдайда күрескерлер өз арасынан батырлар туғыз­ды.
Циклдың ең жоғары деңгейі – адамдар ғасыры. Феодалдармен шаруа­­лар­дың күресі нәтижесінде мемлекеттің демократиялық түрі пайда бола­ды. Патшалық билік шектеледі, азаматтық және саяси теңдік орнайды. Қоғамдық құрылыс гуманистік құндылықтарға негізделеді, рационалдық құқық кең етек алады. Қоғамның алдыңғы екі деңгейінде болмаған қол­өнер. Ғылым, философия және өнер пайда болады. Мемлекет аралық шек­ара­лар жойылады, халықтар арасындағы қарым–қатынас күшейеді, олар­дың бірлігі артады, соның ар­қасында сауда–саттық, товар алмасу алдыңғы орынға шығады. Бірақ демократиялық бостандықпен теңдік анархияға, бірте-бірте қоғамның дағдарысына әкеліп соғады. Сөйтіп қоғам бұрынғы «таз қалпына» қайта түседі дейді Вико. Виконың тарихшы ретінде ғылым­ға қосқан үлесі, тарихилық прициптің негізін қалауы. Тарихи деректердің объктивтілігіне үлкен көңіл бөлді. Тіл, аңыз, заң, жерлеу және үйлену әдет–ғұрыптарын ма­ңыз­ды тарихи дерек деп есептеді.
Оның еңбектері қоғамда пікірталас тудыр­ды. Оның идеяларын сы­нау­­шылар да қостаушылар да көп болды. Бірақ бұл еңбек оның атын әлемге паш етті. Осы кітаптың негізгі идеясын одан әрі дамытқан тағы да екі кітап жазды. Өмірінің соңында (1728) ғұмырнама­лық еңбегін жария­лады. 1735 жылы ол ресми түрде Неаполи­тан королдігі­нің тарих­намашы қыз­метіне тағайындалды.
Неміс ағартушылығы. Оның көрнекті өкілі Канттың шәкірті, 1784–1791 жылдары жазылған «Идеи к философии истории челове­чества» деп аталатын шығарманың авторы Иога́нн Го́тфрид Ге́рдер (1744–1803). Қолөнерші отба­сын­да дүниеге келген. Кёнигсберг универ­си­те­ті­нің дін­та­ну факультетін бітіреді. Ригада оқытушылық қызметте болды. Осы жерде әдебиетпен айналыс­ты. 1788 жылы Италияға саяхат жасады. 1776 жылы Гер­­манияға қайта оралды.
Адамзат тарихын табиғат тарихының жалғасы деп есептеді. Қоғам да­муы бір­келкі емес, бірде шапшаң жылдамдықпен дамыса, бірде бір орнын­да тоқтап қалуы мүмкін. Прогрестің критериі гуманистік идея­лар­дың та­ра­лу дәрежесінде. Мәдениет дегеніміз – қоғамның өмір сүру әдісі. Тарих­тың кезеңдері мәдениет­тің даму кезеңдеріне сәйкес келеді. Оның орта ға­сыр тарихына көзқарасы, басқа ағартушыларға қарағанда, ерекше еді. Бар­лық халықтардың шыққан жері Азия деп есептеді. Мал шаруашылығы, егіншілік және қоғамдық қатынастар сол континентте пайда болып жер­ша­рына тарады деп санайды. Осы процесте герман тайпалары ерекше роль атқарды.
Еуроцентризм мен шовинизм идеяларына қарсы болды. Мұндай құ­бы­лыс варварлықтың белгісі деп жазды ол. Тарихи шығармалардың не­гіз­­гі дерегі халық ауыз әдебиеті. Бұларды ол «халық өмірінің мұрағаты» деп ата­ды. Библия да халық ауыз әдебиетінің туындысы. Сондықтан оны тари­хи дерек ретінде пайдалануды ұсынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет