Жак Ле Гофф (1924–2014) – француз тарихшысы–медиевист «Анналдар мектебінің» ізбасары болған француз «Жаңа тарих ғылымының» көрнекті өкілі. «Тотальды тарих» концепциясын қолдаушы. ХҮІІ ғасыр тарихының белді маманы. Әулие ІХ Людовик жәнеАссиздік Францискнің өмірбаяндарын жазған. Орта ғасырды бөлек өркениет ретінде қарастырады.
Карл Теодор Ясперс (1883–1969) – неміс ойшылы. Бала жасынан философиямен әуестенеді. Бірақ әкесінің жолын қуып, Гейдельберг университетінің заң факультетіне оқуға түседі, кейін Мюнхен университетіне ауысады. Дегенмен көңілі медицинаға кетіп, 1909 жылы Гейдельберг университетінің медицина факультетін бітіреді. 1909–1915 жылдары Гейдельберг психиатрия ауруханасында жұмыс істеді. 1913 жылы Ясперс «Жалпы психопатология» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Осыдан кейін ол қалған өмірін Гейдельберг университетінде оқытушылық қызметке арнайды.
Шығармашылығының шыңы неміс тарихының ең ауыр кезеңі ХХ ғасырдың 30–40 жылдарына сәйкес келді. Сол кездегі Алмания, Италия, Жапония, Испания және КССРО елдеріндегі тоталитарлық режим Еуропаның ғана емес бүкіл әлемдік тарихи даму процессінің дағдарысын көрсетті. Бүкіл әлемдік масштабтағы әлеуметтік катаклизма Ясперс көзқарасының негізгі бағыттарының қалыптасуына үлкен әсер етті. Оның шығармашылық ой қорытуының негізінде адам және оның тарихы жатты.
Ол өз шығармаларында әлемдік тарихтың бастауы мен оның мақсатының бірлігін дәлелдеді. Барлық өркениеттің пайда болуы дамуы және күйреу процессі бірзаңдылыққа бағынатындығын дәлелдеді. Адамзат тарихына талдау жасауда ол «уақыт», «заман», «әлем» сияқты негізгі түсініктерді пайдаланады. Батыс елдерінің ғылымдағы рационалды Шығысқа қарағанда басымдылығы уақытша деп түсіндіреді. Түбі ол елдер де мәдениеті жағынан Еуропа елдерімен теңеседі. Бұған қарағанда ол сол кездің өзінде «жаһандану» процесінің жақын екендігін түсінген.
1949 жылы жазған «Смысл и назначение истории» атты еңбегінде «әлемдік тарихи процестің бірлігі концепциясын бірлігін» ұсынады. Адамзат қоғамы дами келе, ешқандай зорлықсыз, түбі бірігуге келеді.
Тарихты ол төрт кезеңге бөледі; тарихқа дейінгі адамзат қоғамы, көне замандағы ұлы мәдениеттер, «білікті уақыт» және ғылыми–техникалық заман. Тарихқа дейінгі адамзат қоғамыдәуірінде адам отты пайдалануды үйренді, өз ара қатынас құралы–тіл пайда болады, құрал–жабдық жасалды. Адамдар топтары пайда болады. Дәл осы кезде аңыздар туады, бірақ тарих ұғымы әлі жоқ. Адам биологиялық жағынан әлі қалыптасу процесін басынан өткізеді.
Біздің түсінігіміздегі тарих тек «мәдениетті» қоғамда пайда болды. Б.э.д. Ү–ІІІ ғасырлар арасында вавилон, египет, эгей әлемі, Инд алқабындағы, Қытайдағы ариға дейінгі мәдениеттер қалыптасады. Тарихтың пайда болу себебі бір орталыққа бағынған мемлекеттердің дүниеге келуі. Жазу өнері пайда болды, жылқыны қолға үйретті, тілі, әдет–ғұрпы, аңыз–әңгімелері және мекені ортақ адамдардың қауымы пайда болды.
Келесі б.э.д. ҮІІІ–ІІ ғасырлар арасын қамтитын, «білікті уақыт» ұғымымен белгіленетін, кезеңде адамдар ортақ рух негізінде бірігеді. Адам экзистенция (әрбір адам болмысының ерекшелгін, басқаға ұқсамайтындығын білдіретін философиялық термин) негізінде өзін еркін сезінеді. Оның мифологиялық санасы бұзылады. Ол өзінің өмірі жайында ойлана бастайды. Өздерінің терең пікірлерімен Конфуций, Лао–Цзы, Будда, Заратустра, иудея пайғамбарлары, грек ойшылдары сияқты данышпандар тарих сахнасына көтерілді. «Человек осознает бытие в целом, самого себя и свои границы. Перед ним открывается ужас мира и собственная беспомощность. Стоя перед пропастью, он ставит радикальные вопросы,требует освобождения и спасения. Осознавая свои границы, он ставит перед собой высшие цели, познает абсолютность в глубинахсамосознания и в ясности трансцендентного» (Трансценде́нттік – философия термині, тәжрибелік жолмен жетуге болмайтын танымның формасы)– дейді Ясперс. «Білікті уақыт» іргелі ұғым, ол адамзат қоғамына ортақ. Тарихтың бұл кезеңінде тарих әлемдік мағынаға ие болады.
Ғылыми–техникалық заман ХҮІІ–ХІІІ ғасырлар арасын қамтиды. Техника мен ғылым жаңалықтары адамзат қоғамы дамуының қуатты факторына айналды. Ғылымның пайда болуын Ясперс «құпия тарих» деп атайды. Библия ақиқатқа жету рухын тудырды. Дүниені тану күмәндану арқылы жүзеге асады. Адам өзінің мұраты мен ұстанымы үшін күреседі. Егер әрбір адам өз өмірінің мән–мағынасын айрылатын болса ол ғылыми–техникалық прогресстің дағдарысына, жеке адамның санасыз тобырдың бір мүшесіне айналуына әкеледі. Адам өз тарихымен байланыстан қол үзеді, рухынан айрылады. Ол техника мен ғылымның билігіне тәуелді болып, (‘демонизм техники’) өзін–өзі бақылау мүмкіншілігіне ие болудан қалады. Міне, Ясперстің тарих көзқарасы осындай.
Достарыңызбен бөлісу: |