Педагогикалық жағдаят
Бала қиын отбасында тәрбиеленуде: Баланы әжесі жалғыз өсіріп жатыр, әкесі жоқ, ал анасы маскүнем. Бірінші сыныпқа бала оқуға деген зор ынтамен келді, бірақ мұғалім оған дұрыс көзқараспен қарамады. Егер сыныпта бір жағдай болса үнемі сол кінәлі болды.
3 сыныпқа келгенде оған "қиын бала" деген ат берілді.
Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге болады?
Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар едіңіз?
Өз іс-әрекетіңізді түсіндіріңіз.
Билет №5
1.Көркем әдебиет оқыған ұнайды ма? Соңғы оқыған кітабыңыз туралы не айтасыз?
Педагогикалық жағдаят
2.Қатты шыққан дыбыстан (айқайдан) шаршаған педагог оқушылырға: Сіздер мектепке не үшін келесіздер? Мектепке сіздер бірдеме білу үшін келмейсіздер ме?-дейді. Оқушылар: -Біз–бірімізбен әңгімелесу үшін келеміз деп жауап берді.
Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?)Неліктен?
Билет №6
Сізді репетиторлық немесе педагогикалық қызметпен айналысу қызықтырды ма? Неліктен?
Педагогикалық жағдаят:
Педагог ұялы телефон қолынан түспейтін оқушыға: Ұялы телефонды дыбыссыз режімге қойыңыз не болмаса өшіріңіз дейді. Оқушы болса – мен олай жасай алмаймын, себебі мен ватсапта отырмын. Мен ешқашан телефонсыз жүре алмаймын, ұйыктасамда телефонмен бірге ұйыктаймын дейді.
Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?) Неліктен?
Билет №7
1.«Бой жарыстыратын заман емес...» қалай жалғастырасыз? Мағынасын түсіндір.
Педагогикалық жағдаят:
2. Сіз 9-шы сыныптың жетекшісісіз. Сіз бір апта оқушыларды бақыладыңыз, бұл оқушылармен жұмыс жасау қиын екенін білдіңіз. Олар жеке-жеке топ болып бөлініп алған, сынып жетекшісін елемейді де. Педагог сабақ аяқталғаннан кейін оқушыларды мектеп өмірін қалай қызықты және көңілді өткізуге болатыны жайындағы жиналысқа келулерін сұрайды. Жиналысқа сабақтан кейін тек жуас, сабақта тыныш отыратын оқушылар ғана келді. Бұл педагогты ашуландырды, өте ыңғайсыз жағдайға қалдырды.
Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге болады? Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді түсіндіріңіз.Неліктен.
Билет №7
Оқуда басқалардан қалып қоймай, олармен қатар болу қиын деп санайтын оқушыға көмектесу үшін мектеп не істей алады?
Достарыңызбен бөлісу: |