Педагогикалық жағдаят



бет5/7
Дата25.04.2024
өлшемі101 Kb.
#499780
1   2   3   4   5   6   7
абитуриенттерге арналған тапсырмалар жиынтығы

Педагогикалық жағдаят:

  1. Қоңырау кезінде дәлізбен келе жатып Сіз 4-ші сыныптың екі баласының төбелесіп жатқанын көрдіңіз. Бұл жағдайды Сіздің байқап койғаныңыз да оларды тоқтатпады. Сіз тоқтатуды талап етсеңіз де олар төбелесті жалғастыра берді.

Өз іс-әрекетіңізді жоспарлаңыз.

Билет №14



  1. Ж.Аймауытов: «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл – жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» сіздiң ойыңыз

Педагогикалық жағдаят: Сіз - оныншы сыныптың сынып жетекшісісіз. Сабақтарыңызда сыныптағы бір оқушы үнемі басқа нәрсемен айналысып отырады. Ол үнемі мұғалімдерді ызаландырады, дөрекі сөйлейді, олар бұл баланы мүлдем түзелмейді деп есептейді. Сыныпта бұл баланың сотқар және «екіліктің баласы» деген атағы бар.
Сіз осы оқушымен қандай жұмыстар жүргізер едіңіз?

Билет №15



  1. Ұлы ақын Абайдың өлеңдерінен мамандыққа байланысты, оқу-білімге байланысты мысалдар келтіріңіз.

  2. Педагогикалық жағдаят:

Сынып шулап жатыр. Мұғалім: «Сабақта неге сөйлесіп отырсыңдар?» Оқушылар: «Біз зерігіп кеттік!» - деп жауап береді. Мұндай жағдайда Сіз қандай әрекет жасайсыз (не істейсіз, не айтасыз) және неліктен?ынып шулап жатыр. Мұғалім: «Сабақта неге сөйлесіп отырсыңдар?» Оқушылар: «Біз зерігіп кеттік!» - деп жауап береді. Мұндай жағдайда Сіз қандай әрекет жасайсыз (не істейсіз, не айтасыз) және неліктен?
Билет №16
1.Ұлттық тәрбие дегенді қалай түсінесіз? Мысал келтіріп айтыңыз.
2.Педагогикалық жағдаят:Балабақшаға жаңадан тәрбиеші келді, осыдан бастап ата-аналардың бірі осы тәрбиешімен үнемі қақтығыса беретін болды. Оның баласы аса белсенді, өз күшін қайда жіберерін білместен өзге балаларға тиісе бастайды. Ақырында балалар арасында қақтығыстар пайда болады. Айтыңызшы, тәрбиеші белсенді балаларды іспен айналыстыруы қажет пе еді? Қақтығыстардың алдын алуға болар ма еді? Және «Сіздің балаңыз өзге де қарапайым балалар секілді бір орында отыра алмайды» деген секілді сөздер айта ма? Мұндай жағдайда Сіз не істер едіңіз?
Билет №17
1.Ата-аналардың мектепке келуіне түрткі болатын арнайы шаралар туралы идеялар. Мысал келтіріп беріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет