2.Педагогикалық жағдаят: 7-сынып оқушысы үнемі тәртіп бұзады. Мектеп әкішілігі мен сынып жетекшісі әңгімелескеннен кейін екініші рет қайталамауға уәде береді. Бірақ, есіктен шыға бере баяғысын тағы бастайды. Мұғалім мұндай жағдайда не істеуі керек? Бұл жағдайға қалай әсер етуге болады? Сіз мұндай жағдайда не істер едіңіз? Өз әрекетіңізді түсіндіріңіз?
Билет №18
1. Неліктен ер балалар қыз балаларға қарағанда кейбір пәндер бойынша, мысалы ағылшын тілінен тапсырманы жақсы, тез орындайды?
2.Педагогикалық жағдаят:Өзіңіздің сүйікті мұғаліміңіз жайлы айтып беріңізші. Оның бойында қандай қасиеттер бар?
Билет №19
Сабақтың жақсы болуына не ықпал етеді? Неліктен.
Педагогикалық жағдаят: Сізге «Қоғамның қазіргі даму сатысында білім беру жүйесінде, мектепте, мұғалімде қандай қиындықтар (мәселелер) бар?» деген тақырып бойынша мектеп мұғалімдерінен сұхбат алуды ұсынды. Мұғалімдер үшін қандай сұрақтар дайындайсыз?
Билет №20
Жақсы мұғалімнің сипаттамасы қандай? Өз ойыңмен айтып өт.
Педагогикалық жағдаят: Ата-анаңыз үйде жоқ кезде сіз өзіңіздің сыныптас достарыңызды үйге шақырдыңыз. Кешке үйде ақша жоғалғандығы анықталады. Сіз өзіңіздің ақша алмағаныңызды білесіз. Сіздің бұл жағдайдағы әрекетіңіз:
Ата - анаңызға үйде қонақта сыныптас достарың болғанын және нақты кім екенін айтасың.
Үндемейсіз, бірақ кейін өзіңіз ақшаны кім алғанын анықтайсыз.
Сынып жиналысында сыныптастарыңызды айыптайсыз.
Өз жауабыңыз.
Билет №21
1.Идеал мұғалім моделін жасап көріңіз: ол нені білуі керек, ол нені жасай алуы керек, тұлғаның қандай сапасын дамытуы керек?
2.Педагогикалық жағдаят: Спонсорлар мектеп мерейтойының құрметіне, ең үздік оқушыларға сыйақы ретінде 3 туристік жолдама бөлді.
Қалай және қандай принциптер бойынша сіз үміткерлерді таңдайсыз.
Білім алушылар арасында конкурс өткізіп, нәтижесінде жолдама бөліп берем
Мектеп жиналысына сынып старосталарын шақырып, өз сыныбындығы оқушылардың оқу үлгеріміне қарай бөліп берем.
Сынып жетекшілеріне үміткерлердің тізімін беруін сұраймын.
Өз ойыңыз.
Өз ойыңызды талдаңыз.
Билет №22
1.Мұғалімдер күніне Сізге педагог антын дайындау тапсырылды. Сіздің ойыңызша ол қандай болуы керек?
2.Педагогикалық жағдаят: Бір оқушы математика сабағында есеп шығара алмай, қатты ашуланып жылап жібереді. Мұғалім ол оқушыға сонымен деңгейлес оқушының көмек беруін сұрайды.
Түсіндіріңіз, неге бұл жағдайда:
Мұғалім есептің шешімін өзі түсіндірмей, оқушының көмегіне жүгінді?
Мұғалім әлсіз оқушыға жүгінді.
Мұғалім оқушының біліміндегі жетіспеушіліктерге немқұрайлы қарай алмады.
Бұл жағдаяттағы сіздің іс-әрекетіңіз?
Билет №23
1.Олар (оқушылар)ынтамен жұмыс істеудің не екенін және түрлі пәндер бойынша ынтамен қалай жұмыс істеуді біле ме? Сіздің ойыңыз қандай?
2.Педагогикалық жағдаят: 15 жастағы ұл бала жалғыз анасының тәрбиесінде өсті. Отбасы шағын ауылда тұратын. Соңғы жарты жылдықта ұл баланың сабағы күрт төмендеп кетті, кей кезде сабаққа да бармайтын, тіпті кешкісін үйге қонбайтын болған.
Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге болады? Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді түсіндіріңіз
Билет №24
Алғашқы ұстаз жайлы жалпы не айтуға болады? Өзіңіздің алғашқы ұстазыңыз есіңізде ме?
2.Педагогикалық жағдаят: Лық толы автобусқа кіріп, мынадай жағдайға тап боласыз: Сіздің сыныптасыңыз өтірік ұйықтап отыр екен, ал қасында үлкен кісі тұр екен.
Осы жағдайда сіздің әрекетіңіз:
Дереу оған ескерту жасаймын
Мән бермеймін
Елдің көзінше оны оятам
Сіздің ойыңыз
Билет №25
1.Сіз қалай санайсыз, болашақтың педагогы қандай болуы қажет? Сіздіңше, қазіргі мұғалімдердің қайсысы осындай сапаларды меңгерген?
2.Педагогикалық жағдаят: Сабаққа бірнеше оқушы 15 минутқа кешігіп келді. Мұғалім: «Сіздер неге кешіктіңіздер?» - деп сұрайды. Оқушылар (әлі де бөлішкесін шайнап тұрып): «Біз асханада болдық» - деп жауап берді. Бұл жағдайда Сіз қандай әрекет жасайсыз (не істейсіз, не айтасыз және т.б.) және неліктен?
Билет №26
Сізге «Мұғалімдік мамандықтың болашағы (мүмкіндіктері) қандай?» деген тақырып бойынша мектеп мұғалімдерінен сұхбат алуды ұсынды. Мұғалімдер үшін қандай сұрақтар дайындайсыз?
Достарыңызбен бөлісу: |