Педагогикалық жағдаят: Мектепке жаңа география мұғалімі келді. Сабақ сұрау барысында ол бір оқушыға жауабына төмен баға қояды. Келесі күні сол қыздың сынып жетекшісі келіп: кешегі төмен баға оқу озатына қойылған екен, ата-анасы шағымдану үстінде деп түсіндіреді.
Оқушының ата - анасымен сөйлесіп кешірім сұраймын
Оқушы алдында кешірім сұраймын
Мектеп әкімшілігіне шешімін табуды усынам
Сіздің ойыңыз
Өз жауабыңызды негіздеңіз.
Билет №27
1.Идеал мұғалім моделін жасап көріңіз: ол нені білуі керек, ол нені жасай алуы керек, тұлғаның қандай сапасын дамытуы керек?
2.Педагогикалық жағдаят: Сіздің досыңыз сенбілікке қатысудан бас тартуда.Сіздің іс әрекетіңіз:
Ол оның құқығы
Қаламаған ісін оған ешкім мәжбүрлеп жасата алмайды
"Оның маған керек екенін" айтам
Оны райынан қайтаруға тырысам
Сіздің ойыңыз
Өз жауабыңызды негіздеңіз.
Билет №28
Сізге балалар үйінде қойылым-ертегі қою тапсырылды. Өз әрекетіңіздің жоспарын құрастырыңыз.
2.Педагогикалық жағдаят: Директор бөлмесіне дене шынықтыру пәнінің мұғалімі көңілсіз кірді:
- Серікпен не істейміз?
- Не болды?
- Бір аптадан соң қалалық жарыс, ол сабаққа келуді қойды, тіпті арнайы дайындыққа да екі мәрте келмеді. Мен кездескенде одан сұрадым:
- Сен мектептің абыройын неге ойламайсың?
Ал оның маған берген жауабы:
Мен қоғамның абыройын ойлаймын.
Сіз сынып жетекшісі ретінде не ұсынар едіңіз?
Билет №29
1.Жастардың бойындағы қандай қасиеттерді бағалайсыз?Неліктен?
2.Педагогикалық жағдаят: Ата-аналар өз балаларымен қарым-қатынас жасағанда оларды басқа балалармен салыстырады. Дашаның мамасы өз қызының тәртібіне риза болып: «Менің қызым бәрін жасай алады, сен бәрінен де күштісің», «Сен бәрінен де сұлусың» деп айтады. Ал, Таняның мамасы өзінің қызын жинақы етіп, одан әрі дамыту үшін айтады: «Елдің балаларының бәрі балалар сияқты, тек сен ғана өзгешесің». Қарашы, Катя - қандай ақылды, қолынан бәрі келеді. Ал сенші ...». Екі ана да өз балаларына жақсылық тілейді. Қай ата-ана баланы тәрбиелеуде жақсы нәтижеге қол жеткізе алады және екеуінің қайсысы дұрыс әрекет етті және не себептен?
Билет №30
Егер сіз мұғалім болсаңыз, оқушы бойындағы қандай қабілеттерін дамытар едіңіз?Неліктен.
2.Педагогикалық жағдаят: Оқушы сұраққа жауап бергеннен кейінгі мұғалімнің бағасына қанағаттанбай, «төмен» деп есептеп, «төрт» қоюын талап ету үстінде. Шын мәнісінде, оқушы сұраққа толық жауап бермеді. Бұл жағдайда сіздің іс-әрекетіңіз қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |