Педагогикалық жағдаят: Мұғалім өзін келемеждеген хатты жолдан ұстап алды. Астында оқушының аты-жөні жазылған. Осы жағдайдағы мұғалімнің іс-әрекетін көрсетіңіз?
Хатты көрсетіп тұрып жыртып тастайды.
Хат иесін жарииялап, көркемдік шеберлігі үшін мадақтау.
Бұған қалжыңмен қарау
Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.
Билет №8
1.«Білекті бірді жығады, ...» мақалды жалғастырып, өз ойыңызды қосыңыз.
Педагогикалық жағдаят:
2.Екі ата-ана балалары жайында әңгімелесіп отыр. Біреуі мақтана қызына әкесі екеуі компьютер сыйлағанын айтты. Ал екіншісі оның дұрыс емес екенін айтты: "Бекер алып бердіңдер, енді компьютер алдында сағаттап отыратын болады, көруі нашарлайды, өмірге бейімделмеген, жан жақты болмайды", - деп кесіп айтты.
Сұраққа жауап таңдаңыз:
Қазір компьютерсіз жүру мүмкін емес.
Компьютер ол ақпарат көзі.
Компьютер баланың денсаулығына зиян.
Компьютер бала психологиясына әсер етуі мүмкін.
Компьютер дұрыс пайдаланса өте пайдалы құрал.
Сіздің шешіміңіз
Компютердің пайдасы мен зияны туралы өз жауабыңызды негіздеңіз.
Билет №9
«Жігітке жеті өнер де аз» осы мақалды мұғалімдік мамандықпен байланыстыруға болады ма? Мағынасын ашып түсіндір.
Педагогикалық жағдаят:
Сіз автобуста келе жатырсыз, кенет ол бұзылып қалды. Сіз кешігіп тұрсыз.
Автобустан шығып такси ұстадыңыз. Қасыңызда сіздің құрдасыңыз сіз
жүрген бағытқа бара жатыр, бірақ оның ақшасы жоқ.
Не істер едіңіз?
Ол оның өз мәселесі.
Естімегендей өтіп кетем.
Қасымнан бір бағытта баратын адам іздеп көрем, жол ақысын аз төлеу үшін, егер шықса ала кетем.
Басқа жауап.
Өзіңіз таңдаған жауапты негіздеп беріңіз.
Билет №10
Оқушыларға сыныпта оқуға не кедергі жасайды және оқуға не көмектеседі?
Достарыңызбен бөлісу: |