Мансапқорлық және мансапқа жету
Мансап - субъективті саналы өз шешімі оның болашақ жұмыспен қамту туралы қызметкері, өзін-өзі білдіру күтілетін жолы мен тапсырма қанағаттандыру. Мансап сатысымен Бұл тұрақты прогресс, өзгерту дағдылары, қабілет, біліктілік мүмкіндіктер мен өлшемдері қызметкерлердің қызметімен байланысты сыйақы. Жұмыс тыс өмір өз мансабын айтарлықтай әсер, мансап бөлігі болып табылады. Бұл насихаттау алға бір рет жол қызметін таңдаған.
Басқаша айтқанда, мансап - бұл жеке хабарлады позиция және мінез-құлқы ток кезінде тәжірибе мен іс-шаралар жұмыс байланысты адамның өмірі.
Қазақстан Республикасында ұзақ жылдар бойына мемлекеттік басқару құрылымын оңтайландыру және жетілдіру үрдісі орын алып келеді, оның мақсаты Қазақстанның ағымдық және болашақтағы даму мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік беретін кәсіби үкіметті құру болып табылады. Мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтің тиімділігі жоғары заманауи жүйесін қалыптастыру бүгіңгі таңда бірінші кезектегі орынға шығып отырған ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Қазақстандағы экономикалық реформалардың барысы, қоғамды демократия жолымен бастау, құқықтық мемлекетті құру, жалпы елдің тұрақтылығы мен дамуы мемлекеттік басқару құралы ретіндегі мемлекеттік басқару жүйесіндегі шенеуніктердің әлеуеті мен бастамшылдығына, елдің таңдап алған бағытына деген бейілділігіне байланысты екендігі бүгінгі күнде айқын болып отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауында «Қазақстан-2050» стратегиясында жоспарланған ұзақ мерзімді мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған жаңа экономикалық саясатты қозғады. Осы аталған міндеттерді уақытылы және сапалы орындау үшін мемлекеттік кадр саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі негізгі басымдықтарды айқындап берген болатын. Олардың арасында мемлекеттік қызметке қабылдау тиімділігімен және транспаренттілікті қамтамасыз ету, мансап сатысымен сатылы және әділ ілгерілеуді қамтамасыз етуші заманауи кадрларды басқару құралдарын қолдану негізінде кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру қажеттілігі айқын аталған болатын.
«Мемлекеттік қызмет туралы» заңға 2013 жылы енгізілген ережелер мемлекеттік қызметтегі персоналмен жұмыс істеу көз-қарастарын түбегейлі өзгертті. Барлық өзгерістердің басында мемлекеттік қызметтегі сіңірген еңбегі мен қол жеткізген жетістіктерін тану меритократия қағидасы негізінде қаланатын болды.
Бірінші кезекте, резервтік басқару органын қалыптастыру жүйесі және онымен жұмыс істеу біршама өзгеріске ұшырады.
Достарыңызбен бөлісу: |