Пән Фармация экономикасы мен менеджмент және Маркетинг негіздер Дәріс №1



бет10/22
Дата02.05.2023
өлшемі164.26 Kb.
#473084
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
П н Фармация экономикасы мен менеджмент ж не Маркетинг негіздер

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Котлер Ф. Маркетинг менеджмент: Экспресс – курс. СПБ:- 2001. – 496с.
2. Менеджмент: Конспект лекций. – М. Изд. « ПРИОР». 2000. – 192с.
3. Молл Е.Г. Менеджмент. Организационное поведение:
4. Сборник ситуационных задач, деловых и психологических игр, тестов, контрольных заданий, вопросов для самопроверки по курсу «Менеджмент»: сборник. – М: Финансы и статистика. – 2001. 192с

Бақылау сұрақтары (кері байланыс):
1. Маркетинг дегеніміз не?
2. Маркетинг және нарық?
3. Маркетинг ортасы дегеніміз не?
4. Маркетингтің фунционалды құрылымы дегеніміз не?

Дәріс №9 Тақырып. Маркетинг түсінігі мен мазмұны.
Мақсаты: Студенттерді маркетинг негіздерімен, түсінігі мен мазмұнымен таныстыру.

Дәріс жоспары:
1.Маркетинг түсінігі
2.Маркетингтік басқару
3.Маркетинг мазмұны


Дәріс тезистері:
Маркетинг сөзін ұрастыруда екі ағылшын сөздері: market – нарық және getting – басқару, иелену жатыр, яғни маркетинг дегеніміз – нарықты иеленуге бағытталған, қәсіпорынды (өндірістік немесе қоммерциялық) басқару концепциясы.
Яғни нарықты иелену, оны басқару – маркетингтің басты мақсаттарының бірі болып табылады: нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың дамуының алғы шарты болып келеді.
Нарық көп қырлы категория, оның бір ғана анықтамасы жоқ. Экономикалық теория тұрғысынан қарағанда, нарық өндіру мен айырбастау аясындағы қарым – қатынастар жүйесі болып табылады. Ал, маркетинг тұрғысынан, нарық- тауарлар мен қызметтерді нақты және потенциалды тұтынушыларының жиынтығы. Тұтынушы бар жерде нарық та бар. Егер өндірілген немесе алып келінген тауарға сұраныс болмаса, онда бұл тауардың нарығы жоқ.
Әрбір қазақстан кәсіпорыны өзінің ішкі реформасын орындау барысында онымаркетингпен байланыстыру керек. Қалайша? Ұйымдастырушылық мәдениеттің қөмегімен.
Ұйымдастырушылық мәдениет – кәсіпорындағы, моральды құндықтар, этикалықнормалар, т. б жиынтығы, өндірістік– тәртіп заңдары, жұмыс істеудің формальды емес тәсілі. Ұйымдастырушылық мәдениет заңдары құжаттарда тіркелмеуі де мүмкін лауазымдық нұсқауларда да көрсетілмеуі мүмкін. Оны екі топқа жіктеуге болады: өндірістік және маркетингтік.
Маркетинг Қазақстан кәсіпорындарында екі нұсқада көрініс табуы мүмкін. Біріншіден, ол кәсіпорын өмірінің философиялық концепциясы болу керек. Ал екіншіден шаруашылықты жүргізудің нақты тиімді тәсілдерін көрсету керек
Маркетингті басқару маркетингтік қызметін ұйымдастыруға бағытталған қызметтер мен процедуралар жиынтығынан тұрады.
Маркетингті басқаруға маркетингтің жоспарларын құру, жобасын жасау, маркетингтің бөлімдердің дамыту, олардың қызметтерін регламенттейтін құжаттарды өңдеу, маркетингті зерттеулерді дайындау мен жоспарлау, маркетингтік есептерді шешу кезіндегі маркетингтік есептерді шешу кезіндегі маркетингтік емес іс – қимылдарды координациялау жатады. Маркетингті басқаруға кәсіпорының маркетингтік қызметін дамытуға байланысты барлық құжаттарды: бұйрықтар, жарлықтар, нұсқаулықтар және т.б. кіреді. Басқаша айтқанда, маркетингті басқару – бұл тұтынушылардың мәселелерін шкшу арқылы ұйымдастырушылық мақсаттарға жетуге байланысты. Екеуін бірлесіп алаеп жүрген кәсіпорын – нарықтың табысты қәсіпорындарының бірі болады. Байланыс жасауды қәсіпорын менеджерлері бірнеше әдістемелік тәсілдерді қолданып, оларды өңдеу арқылы жүзеге асады.
Маркетинг – басқару функцияларының бірі. Басқакру қызметі бір – бірімен байланысты бірнеше есептерден тұрады. Осы секілді маркетингтің құрылымында да бір – бірімен байланысты бірнеше есептер бар. Осы есептерді шешуде маркетингтің атқаратын қызметі жөнінде де айту керек. Төменде көрсетілген суреттен маркетингтің қызметтерін аңғаруға болады, оларға зерттеу, өндірістік , табыс табу және басқару қызметтері жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет