Пайдаланылған әдебиеттер
1. Котлер Ф. Маркетинг менеджмент: Экспресс – курс. СПБ:- 2001. – 496с.
2. Менеджмент: Конспект лекций. – М. Изд. « ПРИОР». 2000. – 192с.
3. Молл Е.Г. Менеджмент. Организационное поведение:
4. Сборник ситуационных задач, деловых и психологических игр, тестов, контрольных заданий, вопросов для самопроверки по курсу «Менеджмент»: сборник. – М: Финансы и статистика. – 2001. 192
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
1.Маркетинг зерттеулер анықтамасы.
2.Маркетинг зерттеулер түрлері
3.Маркетинг зерттеулер мақсаты.
4.Маркетинг зерттеулер кезеңдері.
Дәріс №16 Тақырып:Маркетингтік зерттеу және маркетингтік ақпарат жүйесі.
Мақсаты:
Маркетинг зерттеулер мақсаты біліміне және өзіндік пікіріне сүйене отырып, болашақта тауар таңдауын анықтауға көмектесетін толық ақпарат бере отырып, сатып алушының нарықпен тереңірек танысуы болып табылады.
Дәріс жоспары:
1.Маркетингтік зерттеулердегі ақпарат. 2.Ақпарат түсінігі, ақпаратты жіктеу.
3.Маркетингтік зерттеудің әдістері
4.аркетингтік зерттеулер үдерісі
Маркетингтік зерттеулер дегеніміз- маркетингтік дұрыс шешім қабылдау үшін және фирма әрекетіндегі мәлімсіздік жағдайды төмендету үшін мәліметтерді жинау, оларды өңдеу, талдау үрдісі болып табылады.
Маркетингтік зерттеулердің мақсаты әртүрлі болуы мүмкін, ең бастысы-ол зерттеулер тұтынушыларды анықтауы тиіс, және олардың қажеттіліктерін зерттеу, нысаналы нарықты талдап алу үшін тауарға деген бүгінгі және болашақтағы сұранысты белгілеу болып табылады.
Маркетингтік зерттеулер нәтижесі тиімді болу үшін келесі шарттарды орындау қажет:Зерттеулер кешенді және жүйелі түрде өткізіуі қажет.Ақпаратқа қойылатын талаптарды ескере отырып, зерттеулерге ғылыми тәсілдердң қолдану қажет.
Маркеинг зерттеулері мұқият жоспарлануы тиіс. Маркетинг бөлімінің басшылары мынадай қағидаларға негізделіп, жұмыс жүргізеді: «Өз тауарларыңа тұтынушының қажетін таппай, ешқандай іс-әрекетпен айналыспа», «тұтынушыға беріп не керек екенін және оны ертең не сатып алғысы келетінін болжау қажет».
Нарық жағдайында ұтымды шешім қабылдау үшін интуицияға,
мамандардың пікіріне, және тәжірибеге сүйену жеткіліксіз. Ол үшін
ақпарат жинау қажет. Ал ақпарат маркетингтік зерттеулер нәтижесінде
қамтамасыз етіледі.
Ақпарат – маркетингтік зерттеулер барысында жиналған мәліметтер жиынтығы.
Жақсы ақпарат мынадай мәселелерді, шешуге мүмкіндіктер береді:
1.Бәсекеде басымдылықты алу
2.Шығын қаражатының қауіп-қатерін төмендеду.
3.Тұтынушылардың тауарға деген ынтасын анықтау.
4.Сыртқы ортаны терең бақылау.
5.Тұтынушылардың жарнамаға деген сенімін арттыру.
Ақпарат түсінігі, ақпаратты жіктеу.
Ақпарат әртүрлі сипатталады. Оны шығу мерзіміне, жіктелу міндетіне, өңделуіне қарай жіктеуге болады. Шығу мерзіміне қарай мынадай ақпарат түрлері бар:
1.Тұрақты ақпарат – маркетингтік ортада ұзақ уақыт өзгермейтін көрсеткіштерді бейнелейді.
2.Айнымалы ақпарат – маркетинг объектілерінің өз ішіндегі іс-әрекетінің ағымды сандық және сапалық сипаттамасымен көрсетіледі.
3.Ауық-ауық ақпарат – керек кезде ғана жиналатын мәліметтер.
Ақпарат міндетіне байланысты бөлінеді:
1.Анықтамалық ақпарат – танымдық сипат алады және маркетинг объектісінің бір шама тұрақты белгілерін анықтап, анықтама жүйесі ретінде қолданылады.
2.Кепілдемелік – арнай жүргізілген маркетингтік зерттеулердің қорытындысының немесе мәліметтерді талдаудың негізінде пайда болады.
3.Нормативті ақпарат – өндірістің әртүрлі құрылым – ережелері, нормативтері баяндалады.
4.Хабарлы ақпарат – маркетинг ортасы объектілерінің іс жүзіндегі өзгеріс бағыты, жоспарға үйлеспеген кезде пайда болады.
5.Реттеуші ақпарат – хабарлы ақпараттың кемшілік себептерін жоюға бағытталған әрекеттерді баяндайды.
Марктенингтік зерттеу үдерісінің сатылары.
1. Зерттелетін мәселені анықтау сатысында зерттелетін мәселені нақты белгілеу арқылы тек қажетті ақпарат жинап, мәселені тиянақты шешу жолдары белгіленеді. Бұл зерттеу сатысын сапалы орындау зерттелген мәселе бойынша неғұрлым аз шағынмен тез арада терең талдау жүргізіп, ұтымды шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
2. Екінші ретті ақпаратты жинап, талдау с-сы міндетті түрде жүргізіледі. Екінші ретті ақпараттың мынадай артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
Достарыңызбен бөлісу: |