Пән Фармация экономикасы мен менеджмент және Маркетинг негіздер Дәріс №1



бет11/22
Дата02.05.2023
өлшемі164.26 Kb.
#473084
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22
П н Фармация экономикасы мен менеджмент ж не Маркетинг негіздер

Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Котлер Ф. Маркетинг менеджмент: Экспресс – курс. СПБ:- 2001. – 496с.
2. Менеджмент: Конспект лекций. – М. Изд. « ПРИОР». 2000. – 192с.
3. Молл Е.Г. Менеджмент. Организационное поведение:
4. Сборник ситуационных задач, деловых и психологических игр, тестов, контрольных заданий, вопросов для самопроверки по курсу «Менеджмент»: сборник. – М: Финансы и статистика. – 2001. 192с

Бақылау сұрақтары (кері байланыс):
1. Маркетинг дегеніміз не?
2. Маркетинг және нарық?
3. Маркетинг ортасы дегеніміз не?
4. Маркетингтің фунционалды құрылымы дегеніміз не?
Дәріс №10 Тақырып Фармацевтикалық маркетингтегі тауар.
Мақсаты:
Студенттерді маркетингтегі тауар түсінігімен, тауардың жіктелуімен, тауарлық номенклатурамен, тауарлық ассортиментпен таныстыру.


Дәріс жоспары
1.Маркетинг бойынша тауарлар.
2.Тұтынушылық тауарлар
3.Тауарлық номенклатура.


Дәріс тезистері:

Маркетинг бойынша тауар дегеніміз нарыққа сауда немесе айырбастау үшін ұсынылған физикалық обьектер, қызметтер немесе ой – пікірлер түріндегі кез- келген өнім яғни, нарыққа шығар алдын әрбір ұйымның осы нарыққа шағаратын өнімі болу керек.
Қазіргі кезде тауарлардың алуан түрлері белгілі. Маркетингттік зерттеулермен айналысатын адамдардың қызметін жеңілдету үшін және қажетті тауарларды тұтынуға жағдай жасау үшін тауарларды жіктеу керек.Тағайындалуы бойынша бардық тауарларды индвидуальды тұтыну (тұтынушылық) тауарлары және өндірістік тауарлар деп жіктеледі.
Тұтынушылық тауарлар - жеке қажеттіліктерді қанағаттандыруға, отбасылық немесе сүйішілік қолдануға арналған тауарлар.
Тағайындалуы өндірістік тауарлар өндірісінде қолданылатын немесе қәсіпорынның шаруашылық қызметіне арналған тауарлар.
Тұтынушылық тауарларды – тұтынушылардың тұтыну барысындағы мінез – құлқына қарай жіктейді:
Күнделікті тұтынылатын тауарлар – ешбір күш қуат салмастан, таңдаусыз, басқа аналогтың тауарлармен салыстырусыз (сабын, темекі, газет, т.б) – сатып алынатын тауарлар.
Мұқият таңдалатын тауарлар – сатып алу кезінде тұтынушылар бұл топтағы тауарларды жарамдылығы, сапасы
Бағасы
Дизайні (киімі, жихаз, құрал- жабдықтар) бойынша салыстырады.
Престижді тауарлар – бұл топтағы тауарларды тұтыну үшін тұынушылар қосымша күш салуға дайын ерекшк қасиеттерге ие тауарлар
Пассивті сұранысты тауарлар – бұл топтағы тауарлардың бар екендігі туралы тұтынушы біледі, бірақ оларды тұтыну тұтыну туралы ойланбайды(тек қан өткір қажеттілік туындаған кезде ғана сатып алады)

Тағайындалуы өндірістік болып келетін тауарлар тұтынушылық тауарлар секілді . Тағы бір өндірістік процеске байланысты:


  1. негізгі және қосымша құрал – жабдықтар


  2. шикізат, материалдар, дайын бөліктер


  3. жартылай фабрикаттар


  4. стационарлық құралдар


  5. қосымша материалдар мен қызметтер




Тауарлық номенклатура – ұйымның өндіретін және сауда үшін ұсынатын барлық тауарлар үшін ұсынатын барлық тауарлар мен қызметтерінің жиынтығы. Осы жиынтықтың ішінен белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыру және тұтынушылық сипаттамасы бойынша тауарлардың жеке тобын бөлуге болады. Тауарлардың бұл тобын ассортименттік топ деп атайды. Мысалы парюфмерлік – косметикалық ұйым үшін : одекалон, иіссіз далап, т. б.
Әрбір ассортименттік топ жеке ассортименттік бөліктерден тұрады( марка, модель, түрі). Мысалы « Одекалондарды» алсақ «Престиж» және «Маэстро» деген одекалондар болуы мүмкін.
Ұйымның дайындайтын тауарларының барлық ассортиментті қалайды. Оның сипатамалары:
  • ені (дайындалған ассортиментін топ саны)


  • тереңдігі (ассортименттік позиция саны)


  • гармониялығы (тұтынушы қөзқарасымен қарастырғандаәр түрлі ассортименттік топтағы тауарлардың жақындық дәрежесі)






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет