Пайдаланылған әдебиеттер
1. Котлер Ф. Маркетинг менеджмент: Экспресс – курс. СПБ:- 2001. – 496с.
2. Менеджмент: Конспект лекций. – М. Изд. « ПРИОР». 2000. – 192с.
3. Молл Е.Г. Менеджмент. Организационное поведение:
4. Сборник ситуационных задач, деловых и психологических игр, тестов, контрольных заданий, вопросов для самопроверки по курсу «Менеджмент»: сборник. – М: Финансы и статистика. – 2001. 192
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
1.Маркетинг зерттеулер анықтамасы.
2.Маркетинг зерттеулер түрлері
3.Маркетинг зерттеулер мақсаты.
4.Маркетинг зерттеулер кезеңдері.
Дәріс №17 Тақырып:Маркетингтік жоспарлау
Мақсаты:
Студенттерге маркетинг жоспарлаудың рөлі мен артықшылықтарын түсіндіру.Маркетинг жоспарын жіктеу. Маркеттнг бақылау жүргізу.
Дәріс жоспары:
1.Маркетингті жоспарлаудың ролі мен артықшылықтары;
2.Маркетинг жоспарларын жіктеу. Оларды жіктеу белгілері;
3.Стратегиялық және тактикалық жоспарлар;
4.Маркетингтік бақылау.
Жоспарлауға стратегиялық жоспарлау және маркетингті жоспарлау кіреді.Бүгінгі күні қазақстандық кәсіпорындарда маркетингті дамытудың екі бағыты маңызды болып табылады:
- жаңа өнімді және жаңа рыноктарды меңгерумен байланысты инвестициялық маркетинг, бұл кәсіпорынның инвестициялық жобаларында көрініс табады;
- маркетингтік жоспарлау, яғни фирма ішіндегі жоспарлау негізі ретінде маркетингтік жоспарды құру тұжырымдамасын әзірлеу.
Маркетингтегі жоспарлаудың ролі – тауар ассортименті және рыноктың негізгі сараланымдары өлшемінде бағытталған және құндық түрдегі сату көлемдерін болжау.Маркетингті жоспарлау – кәсіпорынның (фирманың) маркетингтік қызметінің барлық бағыттар бойынша толық жоспарларын әзірлеу. Маркетингтердің мұндай жоспарларының құрылымына: негізгі көрсеткіштер тізбесі; рыноктарды, олардың негізгі көрсеткіштерін сипаттау; рыноктарды, олардың негізгі сараланымдарын, тұтынушыларын, бәсекелестерін сипаттау; бәсекеден болатын мүмкін шиеленісулерді талдау; жоспарлық кезеңнің мақсаттарын құру, маркетинг стратегиясын әзірлеу және т.б. кіреді.Нарықтық жағдайларда өндірісті жоспарлаудың алғашқы шарты, оның негізгі міндеті өндіріс мүмкіндіктерін рынок қажеттіліктерімен байланыстыру қажеттілігі болып табылады. Өндірістік амал кезінде жоспар бар өндірістік потенциалды ұтымды пайдалану негізінде құрылады, ал өткізу қызметінің алдына өндірістік өнімді сату міндеті қойылады.
Маркетинг негізінде жоспарлаудың келесі артықшылықтары бар деп саналады (Ноздрачева Р. және т.б.)
- кәсіпорын қызметтері мен бөлімшелерінің өндірістік-өткізу процесіне қатысушылардың қызметін уақыт және кеңістікте үйлестіруге мүмкіндік береді;
- тұтас алғанда компания үшін басым міндеттерді шешу мақсатында орындаушылар арасындағы нақты өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді;
- рыноктық конъюнктураның өзгерістерін анықтауды және фирманың қызметіндегі есепті мүмкін етеді (сыртқы ортаның өзгерістеріне икемді және барабар реакция).
Маркетинг жоспарларын жіктеу: қамту масштабы (жалпы, шоғырланған, өзгеше); әрекет ету мерзімдері (ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді және жобаларды жоспарлау); маңыздылық (стратегиялық және тактикалық); әзірлеу әдістері бойынша (жоғарыдан төмен қарай жоспарлау, төменнен жоғары қарай жоспарлау, қарамақарсы жоспарлау).
Жоспарлау стратегиялық және тактикалық жоспарларға бөлінеді.
Кәсіпорынды қоршаған ортаның күрделілігінің ұлғаюымен, жоспарлаудың ролі өседі, және де жоспарлау жылдам өзгеретін шаралар тәсілінде мүмкіндік береді. Осыған байланысты маркетингті жоспарлаудың ерекше мәні бар. Өткізу аса «тар орын» болған жағдайларда, маркетингті жоспарлау кәсіпорынның басқа салаларын: жабдықтауды, өндіруді, қаржыларды жоспарлау үшін негізді білдіреді.
Маркетингті жоспарлау процесіне үш логикалық хронологиялық фазалар қосылады:
1) Жұмыс кәсіпорынның ағымдағы және болашақ орнын талдаудан және жағдайды (ортаны) талдаудан басталады;
2) Бұл негізде мақсаттар мен стратегиялар, олардың жетістіктері тудырылады;
3) Қорытындысында таңдалған стратегияларды аса тиімді іске асыруға мүмкіндік беретін, құралдар комбинациясы анықталады.
Стратегиялық жоспарлауды әзірлеу кезінде келесі моменттер анықталады:
- олармен кәсіпорындар жұмыс істейтін, өнімдер, қызметтер, рыноктар мен сегменттер бекітіледі;
- маркетинг стратегиясы белгіленеді: рыноктық серіктестерге қатынасы бойынша тәртіп принциптері анықталады;
- ресурстарды стратегиялық жоспарға сәйкес ұйымдастыру құрылымдары бойынша тарату.
Стратегиялық жоспарлау рынокты зерттеу барысында алынған деректерге негізделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |