Пән Фармация экономикасы мен менеджмент және Маркетинг негіздер Дәріс №1



бет15/22
Дата02.05.2023
өлшемі164.26 Kb.
#473084
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22
П н Фармация экономикасы мен менеджмент ж не Маркетинг негіздер

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Котлер Ф. Маркетинг менеджмент: Экспресс – курс. СПБ:- 2001. – 496с.
2. Менеджмент: Конспект лекций. – М. Изд. « ПРИОР». 2000. – 192с.
3. Молл Е.Г. Менеджмент. Организационное поведение:
4. Сборник ситуационных задач, деловых и психологических игр, тестов, контрольных заданий, вопросов для самопроверки по курсу «Менеджмент»: сборник. – М: Финансы и статистика. – 2001. 192с


Бақылау сұрақтары (кері байланыс):
  1. Фармацевтикалық тауарлар жылжуының негізгі принциптерін атаңыз?


  2. Коммуникациялық саясаттың ерекшеліктері неде?


  3. Тауардың өмірлік циклы дегеніміз не?


  4. Жарнама, жеке сатылым, сауданы стимулдау, қоғамдық




13 Тақырып: Тауарлардың қозғалысын есепке алу тәртіптері.
Мақсаты:
Студенттерге тауар ұғымын,классификациясын және тауардық құжаттық рәсімделуін,тауар номенклатурасын түсіндіру.

Дәріс жоспары:
1. Тауар ұғымы, классификациясы және бағалануы.
2. Кәсіпорынның қоймасына тауардың түсуін құжаттық рәсімдеу.
3. Тауар номенклатурасы.
Дәріс тезисі

Тауарларды есепке алу мәселелері. Тауарды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайда үзіліссіз қызметті қамтамасыз ету үшін өндіріс мекемелері мен кәсіпорындарда қажеті тауар қорлары болуы қажет. Тауар қорлары – бұл соңғы тұтынушыға сатылған кезге дейінгі нарықтағы қоғамдық өнімнің бөлігі. Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің бірі болып тауарды есепке алу тақырыбы өз алдына бөлек мәселе болып қарастырылады және нарықтық экономика жағдайында өте актуалды. «Тауарлы –материалдардық қорларды есепке алу» атты №7 бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес, тауарлы – материалдық қорлар бұл: шикізат қорлары, материалдар, ыдыс және ыдыстық заттар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім тауарлар түріндегі активтер.


Тауар — қоғамда айырбастау, сатып алу-сату жолымен бөлінетін, құны бар еңбек өнімі, яғни материалдық-заттық пішіндегі өндірістік-экономикалық қызметтің кез келген өнімі, қажеттілікті қанағаттандыратын және базарға жұрттың назарын аудару, сатып алу, пайдалану не тұтыну мақсатымен ұсынылатын нәрселер, яғни сатып алу-сату, сатушы мен сатып алушы арасындағы нарықтық қатынастар нысаны.
Әрбір тауардың тұтынушылық құны, яғни адамның қандай да болсын қажетін өтеу қасиеті болады. Бірақ ол Тауарды жасаушының қажетін емес, басқа адамдардың қажетін қанағаттандырады, яғни қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Тауардың осы қасиеті айырбас құны деп аталады, ол құнның нысаны, оның айырбас барысындағы сыртқы көрінісі болып табылады. Барлық Тауардың құны сапалық жағынан біртекті және тек сан жағынан, оларды өндіруге жұмсалған қоғамдық еңбек шығынының көлемі жағынан ғана айырмашылығы бар. Тауарға жұмсалған қоғамдық еңбек оның құнын құрайды. Тауардың пайдаланылуы қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді болуы мүмкін. Тауаратқарымдық мақсатына, беріктігіне, төзімділігіне, пайдалануға қолайлылығына, сыртқы түрінің тартымдылығына, буып-түйілуіне, қызмет көрсетілуіне, кепілдіктеріне, бірге жіберілетін құжаттары мен нұсқаулықтарына, Тауарб. ерекшеліктеріне қарай ажыратылады. Аукционлық Тауар, биржалық Тауар, ақшалай Тауар, тұтынушылық Тауар, қолда бар Тауар, көпшілік қолды Тауар, арзанқол Тауар, төменқол Тауарөтімді Тауар, еркін айналыстағы Тауар, стандартталған Тауаримпорттық Тауар, экспорттық Тауар, стратег. Тауар, отандық Тауар, шетелдік Тауар, Тауар б. түрлерге бөлінеді. Тауардың пайдаланылуы қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді болуы мүмкін;
Кеден құқығында тауар - мемлекет немесе кеден шекарасы арқылы өткізілетін кез келген жылжымалы мүлік, соның ішінде валюта, валюталық құндылықтар, электр, жылу энергиясын беретін мүлік, энергияның басқа да түрлері, көлік құралдары (халықар. жолаушы және жүк тасымалы үшін пайдаланылатын құралдарын, сондай-ақ контейнерлер мен басқа да көлік жабдығын қоспағанда). Тауардың қозғалыс бағытына қарай экспорттық, импорттық немесе транзиттік болуы мүмкін. Кеден шекарасы арқылы өткізілу мақсатына қарай коммерциялық және бейкоммерциялық, контрабандалық Тауарболып бөлінеді.[1]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет