Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
1.Сауда маркетингі дегеніміз не?
2.Сауда маркетингі мәні неде?
3.Стратегиягың құрамдас бөліктері?
4.Сауда маркетингі артықшылықтары
Дәріс №15 Тақырып: Маркетингтік зерттеулер
Мақсаты:
Маркетинг зерттеулер мақсаты біліміне және өзіндік пікіріне сүйене отырып, болашақта тауар таңдауын анықтауға көмектесетін толық ақпарат бере отырып, сатып алушының нарықпен тереңірек танысуы болып табылады.
Дәріс жоспары:
1.Маркетинг зерттеулер ұғымы
2.Маркетинг түрлері мен кезеңдері
3.Маркетинг зерттеулер мәні.
Дәріс тезисі
Маркетингтік зерттеулер дегеніміз-компанияның басқару шешімдерін дұрыс қабылдау мақсатымен алдына қойған маркетингтік міндеттерге сәйкес ақпаратты жинау, өңдеу және мәліметтерді талдау мен қорытындыларды ұсыну.Маркетингтік зерттеулердің міндеттеріне мыналар жатады: фирманың нарықтағы бәсекелестік позициясын анықтау оның өткізу және баға саясатын, тауарды нарыққа жылжытудың мәселелерін бағалау, тұтынушылардың мінез-құлқын зерттеу, сатып алушылардың жаңа тауарға деген әсерін, бәсекелестер тауарын макроортаны талдау.
Маркетингтік зерттеулер-бұл тұтынүшылардың талғамдары мен талаптарын зерттеуге бағытталған фирманың маркетингтік әрекетінің маңызды түрінің бірі.Мұндай зерттеулерді кәсіпорындар маманданған және консалтингтік фирмаларға тапсырыс жасау арқылы немесе өзінің маркентингтік бөлімдерінің күшімен өткізеді. АҚШ компанияларының 75%-інде осындай бөлімшелер бар, онда маркетологтар, статистер, бағдарламашылар, әлеуметтанушылар, психологтар жұмыс істейді.Қазақстанда маркентингтік зерттеулерді көптеген маманданған компаниялар жүргізеді. Оларға жататындар: БРИФ әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер агенттігі, «Gallup Media Asia», «Amer-Nielsen»,BISAM,Cuar,Cessi Kazakhstan,Sange Resarch, IGM, Комкон-2 Евразия, Эксперт Консалт және тағы басқа компаниялары.Бұл ұйымдарға қаржылық мүмкіндіктері бар қазақстандық кәсіпорындар тапсырыс жасайды. Мысалы, «Amer-Neilsen» фирмасының жылдық айналымы 9 млрд. доллардан астам болса, Қазақстандағы маркетингтік зерттеулерді жүргізетін компаниялардың біржылғы айналымы-700-800 мың доллар.Отандық кәсіпорындардың көпшілігі зерттеулерді жүргізудің қажеттілігін әлі түсіне бермейді.Сондықтан Қазақстаннарығында осындай тапсырыстардың 80%-і шетелдік компаниялар үлесіне тиіп отыр .Солай бола тұса да, маркетингтік зерттеулердің бағасы Қазақстанда Ресейдегіден 1,5-2,0есе, ал Еуропадағыдан 5-10 есе төмен. Соған қарамастан, кәсіпорындар мен ұйымдарда маркетингтік зерттеулер кеңінен қолданылып жүрген жоқ. Мысалы, Жапонияда шоколадты тұтыну талғамдарын пікір сұрау әдісімен зерттеу (750 адамға 40 минутта пікір сұрау жүргізу) 63 мың доллар, АҚШ-та-62,7 мың, Батыс Еуропада-36 мың, Орталық Еуропада-14 мың доллар, Қазақстанда-10 мың доллар тұрады.
Маркетингтік зерттеулердің келесі кезеңінде маңызды мәліметтер мен нәтижелерді көбірек алу мақсатымен жиналған мәліметтер бағаланады және талданады.Мәліметтерді талдаған кезде тиісті орта шамалар алынады,ең елеулі өзара байланыстарды анықтау үшін қисындасқан кестелер жасалынады,корреляция (ара қатыстылық) коэффициенттері есептеледі.Маркетингтік зерттеуледің соңғы кезеңінде негізгі қорытындылар мен есеп беру дайындалады.Ол тапсырыс берушінің талабынан шығатындай болуы керек.Есеп беру кіріспе,негізгі және қорытынды болып үш бөліктен тұрады.Алғы сөз титул парағы,мазмұны,меморандум және қысқаша аннотациядан тұрады.Меморандумда зерттеулердің сипттамасы,нәтижелері қарастырылып,әрі қарай зерттеу қажеттілігі туралы ұсыныстар жасалады.Кіріспеде зерттеудің мақсаты мен көкейтестілігі келтіріледі.Есеп берудің негізгі бөлімінде қолданылатын әдістеме және ұсыныстар сипатталады.Есеп беруде зерттеу әдістерінің қысқаша шолуы болады,ал техникалық бөлігі қосымшаларда беріледі.Жалпы есеп беру фирма және маркетинг қызметінің қызметкерлігі үшін түсінікті және осы мәселе бойынша қажет ақпаратты алуға мүмкіндік беретіндей болып жазылуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |