Орташа және шекті шығындар
Өндірістік шығындарды талдағанда, жалпы шығындармен қатар орташа және шекті шығындарды да өте жиі қолданамыз.
Өндірістік орташа жалпы шығындарды ( АТС ) жлпы шығынның ( ТС ) өндірілген өнім көлеміне ( Q ) қатынасымен анықталады да , өнімнің бір данасын шығаруға кеткен жалпы шығындар көрсетеді. Сонымен орташа жалпы шығындар мына формуламен есептеледі:
ТС
АТС=
Q
Берілген көрсеткіш өнімнің өзіндік құнының жақын нұсқасы болып табылады, бірақ ол соңғысынан айқынсыз шығындар шамасымен өзгешеленеді. Орташа жалпы шығындарды екі түрге бөлуге болады: орташа тұрақты шығындар ( А FС ) және орташа айнымалы шығындар ( АVС ) . Олар келесідей анықталады:
AFC=FC/C; AVC= VC/Q
Өндірістің шекті шығыны ( МС ) жалпы шығындардың өзгеруінің ( ТС) өнім көлемінің өзгеруі ( №№) қатынасына тең болады және өнімнің қосымша данасын шығарғанға кететін қосымша шығындарды көрсетеді, яғни:
Өнім шығару көлемі өскен кезде тұрақты шығындар өзгермейтіндігі белгілі, сондықтан жалпы шығынның өсуі әрқашан айнымалы шығындардың өсуіне тең болады. Осы айтылғандарды ескере отырып, шекті шығындарды былай есептеуімізге болады:
Орташа өнімділік пен орташа шығындар арасында , сонымен қатар шекті өнімділік пен шекті шығындар арасында кері байланыс бар.Жоғарыда айтылған байланыстарды түсіну үшін, біз еңбекті тұрақты төлем мөлшері бар PL жалғыз айнымалы фактор деп қарастырайық. Бұл жағдайда
Осы жерден біз зерттеп отырған көрсеткіштер арасындағы кері байланысты көреміз. МР өскен жағдайда, МС төмендейді және керісінше МР максимумге жеткен уақытта МС минимумге жетеді. Осындай байланыс АР және АС арасындағы өзара байланыстар көрсетілген. Сонымен, табылған нәтижелер өндірістің орташа шекті шығындары мен өндіріс факторларының өнімділіктерінің арасында тығыз байланыс бар екендігін көрсетеді.
6.2-сурет. МС және МР, АС және АР арасындағы өзара байланыс
Достарыңызбен бөлісу: |