Шекті, орташа айнымалы және орташа жалпы шығындар арасындағы қатынас
Өндірістің шекті шығындары мен орташа шығындарының қисықтарын график түрінде көрсетейік. Ол үшін 6.3 –суретте көрсетілген VС және TС қисықтарын, сонымен бірге АVС , АС және МС анықтамаларын қолданамыз.
MC, АVC және АС қисыктарының U тәрізді формасы жогарыда айтылғандай шекті шығындар мен өнімділіктің, орташа шығындар мен орташа өнімділіктің арасындағы кері байланыспен түсіндіріледі.
Өнім шығару көлемінкөбейткен кезде АС және АVCқисықтары бір-біріне жақындайды, өйткені AFC бұл кезде азаяды.
6.3-сурет. Орташа және шекті шығындардың қисықтары
MC мен АС арасындағы тәуелділікті келесіден көруге болады: егер өнімнің қосымша бір данасын өндірген кездегі шекті шығындар орташа шығындардан асып кетсе (MC > AC), онда орташа шығындар көбейеді. Және керісінше, егер МС>AC болса, онда АС –ның көлемі кішірейеді. Сонымен МС қисығы АС қисығын, оның минимум нүктесінде қиып өтеді. Осындай тәуелділік МС және AVC арасында да бар.
Фирманың пайдасын ең жоғары деңгейге жеткізетін ұтымды өнім көлемін тандаған кезде, өндірушілер әрдайым орташа және шекті шығындардың өзгерісін ескеріп отырады.
3. Изокоста. Шығындарды төменгі деңгейге жеткізу шарты.
Изокоста және ең кіші шығындар принципі
Изокоста дегеніміз-жалпы шығындарының құны бірдей болатын , еңбек пен капиталдың барынша мүмкін боглатын тіркесімін қамтитын сызық.. Изокостаның теңдеуін табу үшін, еңбектің бір сағатына деген төлемді№№ арқылы белгілейік, ал ю№-арқылы капиталдың бір данасына кететің жал төлемінің құның белгілейік.
Сонда жалпы шығын былай анықталады:
Мұнда, PL*Kеңбекке кететін шығындар;
PK*K - капиталға жұмсалған шығындар.
Берілген теңдеудің жазықтықтағы графигі изокоста болып табылады. Изокостаның теңдеуін былай жазуға болады:
Бұдан біз изокостаның бұрыштық көлбеуін- ( )-ге тең екендігін көреміз.
6.4-сурет. Изокоста
Изокостаның бойында орналасқан кез келген А және В нүктелері үшін жалпы шығындар деңгейі бірдей. А нүктесінен В нүктесіне жылжығанда қолданылған капиталдың саны №К –ға азаяды, ал еңбек саны №№ -ге көбейеді.
Сондықтан еңбектің қосымша сағаттарын төлеуге кеткен шығындардың орнын капитал шығындарының азаюымен толтыру керек, яғни
Бұдан - тең екендігін көреміз. Яғни изокостаның бұрыштық коэффициентін, шығындар тұрақты деп ұйғарғанда, капиталды еңбекпен ауытыру шамасын көрсетеді.
Фирма берілген өнім көлемін ( мысалы, Q=200 ) ең аз шығындармен өндіру үшін қолданылатын еңбек пен капиталдың санын анықтау керек деген есепті қарастырайық..
6.5-серетте Q=200 дана өнім көлемін шығаруға сәйкес изикванта көрсетілген. Үш изокостаны қарастырайық. 1-изокоста изоквантадан төмен орналасқан және олар ешқандай нүктедеқиылыспайды немесе бірін-бірі жанап өтпейді, яғни өндіріс көлемін 200 бірлікке жеткізуге өндірістік реурстардың деңгей да А нүктесі ТС№ изокоста мен изоквантаға ортақ және осы нүктеде 200 бірлік өнім өндіргендігі шығындар ең төменгі деңгейде болады.
6.5-сурет. Берілген өнім көлемінің өндірістік шығындарын төмендету
Бұл нүкте тепе-теңдік жағдайын көрсетеді, сонымен қатар төмендегідей шарт орындалады:
В нүктесінде №200 өнім бірлігін өндіргендегі шығындар А нүктесіндегіден көп болады немесе Q=200 Сондықтан 3-изокоста берілген өнім көлемін неғұрлымм жоғары шығындарды көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |