Пәні бойынша оқу бағдарламасы (силлабус) Орал 20 ж


Шығындар туралы түсінік. Өндіріс шығындары және балама шығындар



бет32/80
Дата22.06.2023
өлшемі3.26 Mb.
#475304
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   80
микроэк умкд Казиева А.Е.

Шығындар туралы түсінік. Өндіріс шығындары және балама шығындар.

“Микроэкономика”курсының аталып отырған тарауы өндірістегі өнім шығару көлімінің өзгеруіне байланысты шығындардың қалай өзгеретінін талдауға арналған.Бұл байланысты зерттеудің маңызы өте зор, себебі фирмалардың өндірістік шешімдері нарық жағдайлары мен шығындар арқылы анықталады. Өндірілетін өнім көлемінің өзгеруі жалпы және ортвшв шығындарды өзгертеді, ал бұл жағдай баға мен фирмалар ұсынатын тауарлардың мөлшері арасындағы қатынасқа едәуір ықпалын тигізеді.
Бұл тақырыпты қарастырғанда өндірістің экономикалық және бухгалтерлік шығындарын ажырата білу керек.
Бухгалтерлік шығындарға өндірістің есеп беру кезеңіндегі нақты шығындары жатады және олар шығарылатын өнімнің өзіндік құнының құрамына кіреді. Оған мыналар жатады: шикізат пен материалдар құны, жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысы, амортизациялық өтемдер, жал төлемі, салықтар.
Ал экономикалық шығындарға біз жалпы, барлық шығындарды жатқызамыз, оның ішінде фирманың өз меншігіндегі сатып алынбайтын өндіріс факторларын пайдаланғандағы айқынсыз шығындар да бар. Бұл факторларға меншік иесінің ( фирма басқарушысының) еңбегін, жерді, капиталды- барлық нарық құны бар және оларды балама қолданғанда төлем алуға болатын факторларды жатқызамыз. Сонымен, экономикалық шығындарға біз фирманың өз ресурстарын қолданғандағы табысты да кіргіземіз.
Бұдан былайғы талдауымызда өндірістік шығындарды экономикалық шығындар деп түсінеміз.
ӨҢДІРІСТІҢ ҚЫСҚА МЕРЗІМ КЕЗЕҢІНДЕГІ ШЫҒЫНДАРЫ
Бұған дейін айтқанымыздай, қысқа мерзім кезеңі деп- белгілі бір уақыт аралығын айтамыз. Ол уақыт ағымында өңдірістің кейбір факторлары өзгермей қалады.Сондықтан, қысқа мерзім кезеңіндегі өндірістің жалпы шығындарын ( ТС ) анықтағанда, оның тұрақты ( FС ) және айнымалы ( VС ) шығындарын ажыратады, яғни:
ТС= FС+VС
Тұрақты шығындар ( FС ) деп –қысқа мерзім кезеңіндегі өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты өзгермейтін шығындарды айтамыз. Оларға мыналар жатады: амортизациялық өтемдер, жол төлемі, тұрақты салықтар, сақтандыру төлемдері, дербес басқарудың жалақысы және т.б.
Айнымалы шығындар ( VС ) деп- шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен бірге өзгеретін өндірістік шығындарды айтамыз. Айнымалы шығындарға: шикізатқа кеткен шығындар, жұмысшылардың жалақысы, салықтар, энергия мен отын ресурстарына, транспорттық қызметтерді төлеуге кететін шығындар және т.б. жатқызамыз.
Жоғарыда көрсетілген анықтамаларға негізделіп, олардың графиктерін тұрғыза аламыз. 6.1 суретте айнымалы және тұрақты шығындардың жалпы графигі көрсетілген.
Жалпы шығындар мен өнімділік арасында байланыс бар. VС және TС қисықтарының қысқа мерзім кезеңіндегі түрі шекті өнімділіктің азаю заңы және еңбектің жалпы өнімділігі қисығының түрімен түсіндіріледі.
Еңбек өнімділігінің артуымен айнымалы шығындардың С нүктесіне дейін төменгі жылдамдықпен өсуі өндірісітің бірінші сатысында еңбек өнімділігінің жоғарлауы нәтижесінде өнім шығару көлемінің тез артуымен түсіндіріледі. Шекті өнімділіктің азаю заңының әсері күшейген кезде, өнім шығару шамасының көбеюіне байланысты айнымалы шығындар да тез қарқынмен өсе бастайды ( А нүктесінен бастап қисық бойымен жоғары). ТС қисығы түгелімен VС қисығын қайталайды және соңғысының вертикаль осімен FС –тің жылжуы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет