7.7. Бәсекелес нарықты талдауда тұтынушы мен өндірушілер ұтымы концепциясын қолдану
Жетілген бәсеке нарығындағы теңдестік баға мен таурдың теңдестік мөлшері тұтынушылар мен өндірушілердің жалпы экономикалық хал-әухатын арттыратындығын көрсетйік. Бұл үшін тұтынушылар мен өндірушілердің ұтымын қарастырамыз. Тұтынушының ұтымы ( CS) дегеніміз- оның тауарға төлеуге даяр бағасы иен төлеген бағасы арасындағы айырмаға тең болатын тұтынушылардың таза пайдасы. 7.8- суретте сұраныс қисығы арасындағы аудан көрсетілген.
7.8-сурет. Тұтынушы мен өндірушінің ұтымдары
Өндірушілер де осындай пайда көреді ол өндірушінің ( РS) берілген тауарды сатудан алатын ұтымы деп аталады. Тауардың әр бірлігі үшін бұл- нарықтық баға мен оның өндіріс барысындағы шекті шығындар арасындағы айырма. Жалпы нарық үшін- бұл пайда мен өндіріс факторларына жиналатын кез келген рентаның қосындысы. РS- түрінде былай көрсетіледі- ұсыным қисығының жоғары жағынан басталып, нарықтық баға сызығына дейін келіп тірілетін аудан (7.8.-сурет).
Тұтынушылар мен өндірішілердің ұтымының қосындысы (CS+ РS) қоғамның әл –аухатын сипаттайды. Қосынды неғұрлым жоғары болған сайын, қоғам жағдайы соғұрлым жақсы болады. CS пен РS-ті пайдалана отырып, мемлекет тарапынан саясат жүргізілген жағдайдағы бәсекелес нарықтың тиімділігін көрсетейік.
Мемлекет тарапынан бағаны бақылау саясатын қарастырайық. 7.9-суретте осы саясаттың нәтижелері график түрінде талданып көрсетілген.
7.9-сурет. Мемлекет тарапынан бақылау саясатындағы тұтынушы мен өндірушінің ұтымы.
Мемлекет бағаны РmРо деңгейінде белгілеу нәтижесінде карастырып отырған тауарды сату көлемі Qo – ден Q1 – ге дейін азайып отыр. Тұтынушы ұтымының жалпы өзгерісі: CS=A-B. Егер А ауданы В ауданынан артвк болса, онда CS 0. Өндірушілер PS = A- C зиян көреді. Сонда, жалпы зиян: CS + PS = - B – C бағаны бақылау щараларының тиімсіздігін көрсетеді, себебі тұтынушылар мен өндірушілердің жалпы жағдайы төмендейді.
Енді салық салу саясатының қоғам жағдайына тигізетін зиянын көрсетейік 7.10 – сурет).
7.10-сурет. Салық нәтижелері
Салық Т) нарықтық бағаны Ро – ден Р- ге дейін арттырады. Сатушылардың салықты төлегеннен кейінгі алған таза бағасы Р1 – Т) – ға тең. Тұтынушылардың шегетін зияндары: CS = А – С.
Салық ауыртпалығының тұтынушылар мен өндірірушілер арасында бөлінуі сұраныс пен ұсыныс икемділігіне байланысты болады. Жалпы зияндар шамасы PS + CS) мемлекеттің салықтан алатын түсімінен, яғни А + В) - дан С +В) мөлшеріне артық. Бұл қоғамның хал ө әхуалына тиетін таза зиян.
Сонымен жоғарыда қарастырылған мемлекет тарапынан араласу мысалдары бәсекелес нарықтың тиімді екендігін көрсетеді.
№7 тақырып «Жетілген бәсеке нарығы» дәрісіне
Достарыңызбен бөлісу: |