Пәні: Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі Мамандығы: 0103000-“Дене тәрбиесі және спорт” Біліктілігі: 0103023 – «Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі»


Тепе-теңдікке жасалатын жаттығулар



бет20/23
Дата23.05.2024
өлшемі82.19 Kb.
#501736
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Кадеш Аслан

Тепе-теңдікке жасалатын жаттығулар
1. Жіңішке заттардың үстімен жүгіру (тақтаймен, бөренемен). Бөрененің үстінде тұру, тепе-теңдікті сақтау.
2. Бұрылудан, отырып тұрудан және бүгіліп жазылудан кейін дененің тұрақты қалпын сақтау.
3. Гимнастикалық орындықтың үстімен I кг допты домалатып жүру;
4. Орындықтың үстінде тұрып, колындағы добын лақтыру (өзіне лактырылған допты қағып алу);
5. I кг тыгыздалған допты төбеге (желкеге) қойып, орнында бір айналып, жүріп кету;
6. Қолды жоғары созып, өкшені біріктіре көтеріп ұзақ жүру;
7. Мақта доптың үстіне бір аяқпен тұрып, екінші аяғын алға (жанға, артқа) көтеріп (тізесін бүгіп) ұзақ тұру;
8. Жалғыз (екіден қол ұстасып) тұрып, әр түрлі қимылдар жасап айналу;
9. Көзін жұмып, бір аяқпен ұзақ тұру.

26
Саптық жаттығулар


1. Колонкаға, шеренгаға және дөңгелене бір-бірден тұру.
2. Жұптасып тұру, екі және үш колоннаға қайта тұру; Бірнеше колонкадан кайта жұптасып тұру.
3. Бұрылулар: оңга, солға, артқа, қадамдап және секіріп.
4. Қатарда кадамдап, екі жаққа және ортаға ығысу.
5. Бір қатардаң (бірінің артынан бірі) тұрып сап түзеу;
6. Бірден жүріп келе жатып, екі, үш, төрт қатар жасау;
7. Бір қатардан жарты шеңбер жасап тұру;
Ритмикалық (би қимылдары) қимылдар
1. Музыканың нақты мінезіне қарай қимылдау, кейіпкерлерді келтіру, имитациялық қимылдар. Ырғактың нақты мінезін сезілу.
2. Музыканың сүйемелдеуімен қимылдардың әр түрлі нұсқаларын орындау. Балаларға өздеріне жақсы таныс спорттық қимылдарын және би қимылдарын музыканың сүйемелдеуімен орындауды ұсыну.
3. Қазақ билерінің қолға аяққа арналған қимылдарын алдымен жеке, кейіннен ұштастыра жасап жаттығу;
4. Ұлдарға қыздарды биге шақыруды уйрету;
5. Баладарға арналған өлеңдердің, қазіргі кездегі жаңа би өлендерінің ырғағымен билеу.


Қозғалыс ойындары

  1. Жүгірумен: «Біз – көңілді балалармыз», «Жұптасып жүгіру», «Аққу-қаздар», «Шортан мен шабақтар», «Қу түлкі», «Бос орын», «Тез алып, тез қой», «Кімнің тобы тез жиналады?», «Екі аяз», «Күн мен түн», «Тұтылма, құтыл», «Алмақ-салмақ», «Ботақан», «Қайрақ қайра», «Жалауша алып қашқан», «Өскелең», «Шортандар мен шабақтар», «Әткеншек», «Аққу қаздар», «Қайшы жүгіріс», «Ұштасқан ұстаушы».

  2. Секірумен: «Кім жақсы секіреді», «Қармақ», «Төмпешікке секіру», «Бақа мен балапандар», «Апандағы қасқыр», «Классиктер», «Шегіркелер», «Ұсталып қалма», «Секіре түс», «Алмасу», «Он таяқша», «Секірткішпен секіру», «Жерден биік», «Томар-томар».

  3. Еңбектеумен және өрмелеумен: «Өрт сөндіргіштер», «Аю», «Аю мен аралар», «Құстардың ұшуы», «Маймылдарды ұстау».

  4. Серпуме, лақтырумен және қағып алумен: «Аңшылар мен аңдар», « Ұшқыш тарелкалар», «Капиталға қарай жүгір», «Допты ойын», «Тура шап», «Соқпа доп», «Он жыттығу», «Доп мектебі», «Доп жетелеу».

  5. Эстафеталар «Көңілді жарыстар», «Жұптасқан эстафета», «Диханшылар», «Пирамиданы кім бұрын тұрғызады?», «Көген тартыс», «Сыңар аяқ», «Таяқша», «Жалауша».

  6. Көңіл көтерулер: «Байлаулы аяқтармен жүгіру», «Әтештер төбелесі», «Арқан тартысу».

27



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет