Пәні: Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі Мамандығы: 0103000-“Дене тәрбиесі және спорт” Біліктілігі: 0103023 – «Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі»


Екі жас пен үш жас аралығындағы балалармен өткізілетін жаттығулардың әдістемелік нұсқаулары



бет2/23
Дата23.05.2024
өлшемі82.19 Kb.
#501736
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Кадеш Аслан

Екі жас пен үш жас аралығындағы балалармен өткізілетін жаттығулардың әдістемелік нұсқаулары.
1).Балаларды қозғалысқа үйретуде ойын тәсілдері көп орын алуы керек (қозғалыстың имитациясы, оның образы,тапсырманың сюжеттері және т.б.).Жасы кіші болған сайын,”ойнау”мен “ үйрену”-дің ара жігі де қысқа болуы керек.
2).Бұл жаста бала бір нәрсеге 15-30секунд қана көңіл бөледі, сондықтан әр 15-30 секунд сайын жаттығу түрін ауыстыру қажет.
3).Қосалқы құралдарды мейлінше көп қолдануға тарысу, мысалы, баспалдақтарды, кіші-гірім домалақ бөренелерді, тығыз шараларды т.т. Бұлдіршіндермен музыка арқылы жаттыққан дұрыс.
4).Жаңа қозғалыс түрін үйретуге арналған сабақ мерзімі 15-20 минут болған дұрыс.Балалар ептілікке арналған жаттығуды орындауда тез шаршап қалады.
5).үш жасқа дейінгі балаларға секіру жаттығуын орындауға болмайтынын әрқашан есте ұстау қажет: (заттардан секіріп түсу, биік амплитуда бойынша секірулер).
6).Бала денесіндегі өте әлісіз дамыған мүше – іштің бұлшық еттері, сондықтан оны дамытанын жаттығулардын сайын жасату керек.
7).Жүру дағдысын жетілдіру үшін серуендеудің үш түрлі нұсқауын ұсынамыз.
Тегіс, қалыпты, кедергілері жоқ жерлер;бір келкі, ой-шұқыры жоқ төбешіктерге шығу және түсулер; әрқилы жерлер.
Үш – төрт жасында баланың қимыл – қозғалыс әрекеттері едәуір артады және қимылдарын өз еркінше бағыттайды. Олар бір орында тұра алмайды, бәрін өздері білгісі және қолмен ұстап көргісі келеді. Сондықтан топтық сабақ ұйымдастырған кезде түсіндіру тым ұзақ болмауы керек,әр баланы ойынға, қозғалыс жаттығуларына қатыстыруға тырысу керек.Осы кезеңде дене тәрбиесінің жаңа қары-ол жаттығуды орындауда нақты мақсат қою болып табылады.Ондай мақсат мынандай болуы керек: тез жүгіру, алысқа лақтыру,допты нысанаға дәл тигізу, қозғалысты дәл орындауы және т.б.

4
Үш – төрт жас аралығындағы балалармен өткізілетін жаттығулардың әдістемелік нұсқаулары.


1.Балалардын тежелу процесстері әлсіз және тез шаршап қалуларын ескере отырып, демалыс пен белсенді қозғалыс қызметін жиі – жиі алмастырып отыру.
2. Балалар заттармен жаттығу жасағанды жақсы көреді:олар саусақтың « маторикасы» қызметін дамытады, яғни баланың затпен жұмыс ептілігін арттырады және де сөйлеу мен интеллектін белсенді етеді: Сондықтан, затпен жаттығуға әр түрлі түсті, бірден көзге түсетін заттарды алған дұрыс.
3. Бала қозғалыста болғанды, әр түрлі қозғалыстарды бірнеше реттен және үлкен белсенділікпен қайталап жасағанды жақсы көреді.Оларға осы кезде үлкендердің дер кезіндегі, жекелей қарым – қатынастары, түсіндірулері қажет.
4. Бүлдіршіндерді біртіндеп дыбыстық, коздік белгілер ді дұрыс қабылдауға үйрету қажет.Дыбыстық белгілерге деген олардың жылдамдық реақцияларын, таңдауға және үлкендердің берген тапсырмаларын орындауларын қадағалау.
5. Балалар қозғалыс жаттығуларын үлкендермен бірге орындайды.
6. Қозғалыс ол өз – ара қарым – қатнас қуралы болғандықтан, жаттығуды жасау керек.
7. Қозғалысқа үйретуде нақты қозғалыстық тапсырманы кеңінен пайдаланған жөн. Мысалы: шенбердің ішіне ену, ілініп қойылған сылдырмақты қақпай; тақтай үстімен тік жүру басына қум құйылған қалташаны немесе резеңкелі дөңгелекшелерді қойып. Мұндай әдіс – тәсілдер балаларға нақты қойылған тапсырмалардың мәнін түсінуге және мақсатты орындауға итермелейді.
8. Сабақты уйылдастырған кезде түсіндіру ұзақ болмағаны жөн, әр бала ойынға қатысуы керек.
9. Бала үлкендердің берген тапсырмаларын тез екпінде орындау алмайды, сондықтан жаттығуды орындау балаға тиімді екпенді(темп) болған дұрыс.
10.Әр түрлі жылдамдылық пен күштік жаттығуларды пайдаланып отырып, оларды жаттығуларды тез орындауға үйрету керек.

5
Төрт – бес жасында бала тепе – теңдікті айтарлықтай үстай алады, биіктен шанамен сырғанайды, шаңғы тебуге талпынады, үш аяқты велосипед тебеді.


Осы жасқа қарай ірі бұлшық ет тоқтарын реттейтін, күшіне енген морфо – функциялық ортаның пісіп, жетілуіне байланысты баланың қимылдары нақтылы бола бастайды, бағытын ұстай алады, қозғалыстық серпінін және ырғағын, ойындардағы ұстап алу, бұрыла қашу тәслідері қлыптаса бастайды.

Төрт – бес жас аралығындағы балалармен өткізілетін жаттығулардың әдістемелік нұсқалары.


1.Бала берілген оқу міндетін дұрыс түсіну үшін, жаттығуды көрсету мен түсіндіру бірінші, ал жаттығуды орындау екінші болу керек. Балаға білетін жаттығуды өрсетуге де болады, тек оның қалай дұрыс орындауын, ретін ескертіп, айту қажет. Сол арқылы оларды анализ жасауға үйретуге болады.Жаңа қозғалыс ойыннның мазмұны мен ережесін толық басынан аяғына дейін түсіндірілуі керек, ал ойын кезінде ережені түсіндіріп отыру дұрыс.


2.Жаттығуды көрсетіп орындау үшін балаларды тартқан жөн, яғни олар өздерінің қозғалыстарын әсерлі, нақты көрсетуге тырысады.


Бірте – бірте сөйлемдік тапсырмалар, қысқа түсінктемелер, салыстырулар мен бағалауларды енгізу керек.

3.Циклдік қозғалыстарды үзіліссіз орындауда оның ұзақтығы біршама (1,5 – 3 минуттан 10 минутқа деін), бірқалыпты екпінде өткен дұрыс.


4.Әрекетті жаттығулар ( жылдамдыққа жүгіру, көтеру және лақтыру нығыздалған допты, қалыпты (поза) ұстап тұру және т.т.)5 – 15 сек аралығында орындалып және 10 секундтан 2 – 3 минуқа дейін демалыспен алмасып отыру керек. Бір орында секірулердің мөлшерін бірте – бірте 25 – 30 дан 40 -50 ге өсіріп қатарынан 2 – 3 рет жасатқан дұрыс.Осындай физикалық жүктемелер балалардың тыныс алу; жүрек – тамыр және бұлшық жүелерінің белсенді дамуы кезінде өте керек.


5.Физикалық жүктемелерді бере отырып мұғалім, балалардың танымдық қабылеттердін дамытуды да ұмытпағаны жөн. Физикалық жаттығуларды орындамай тұрып балаларға интеллектуальдық есептерді шешуді тапсырған дұрыс.Мысалы: Залда қанша доптар бар? Көздеріңмен ең үлкен допты табуға тырысындар? Оның түсі қандай? Ал енді ең кіші допты табындар? Орташа доптар барма? Олардын түстері қандай? Енді әр қайсының бір үлкен, бір орташа, бір кіші допты алып өздеріңнің үйшіктеріңе (шеңбе) қойыңдар.
7.Тапсырманы орындауда дәлдік пен дұрыстығына көп көңіл бөлінгені дұрыс.
8.Баларды өздерінің және қасындағылардың қозғалыстарын бағалауға үйрету керек.
6


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет