ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Геология» 5В011600 – «География» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары


Жер мен оның қабығының заттық құрамы



бет2/9
Дата09.06.2016
өлшемі3.71 Mb.
#124621
1   2   3   4   5   6   7   8   9

5. Жер мен оның қабығының заттық құрамы.

Жердің орташа химиялық құрамы метеориттердің орташа құрамының шамасындай деп саналады. Осы элементтер жоғарыда айтылған жер қабаттарында түрліше тараған.

Мантия қабаты кремний тотығына кедей, магний мен темірге бай тотықтардан тұрады. Тығыздығына қа­рағанда, жер ядросының тегі таза темір мен никель қоспасынан түзілгенге ұқсайды.

Жер қабығының құрамы. Жер қабығының құрлықтар құраған ең үстіңгі 10—15 км қабатының ғана нақты химиялық құрамын анықтай аламыз. 6000 химиялық анализді пайдаланып, осы қабаттың орташа құрамын есептеп шығарған американ ғалымы Ф. Кларк болды. Әрине, кейінірек ол санлар талай рет түзетілді. Дегенмен Ф. Кларктың 40 жыл сарп еткен еңбегін бағалап, атақты геохимик Л. Е. Ферсман жер қабығындағы әp элементтің проценттік мөлшерін оның кларкы деп атауды ұсынды. Қазіргі деректер бойынша, жер қабығының құрамына ең көп тараған — сегіз элемент. Олардың жалпы мөлшері салмақ процентімен есептегенде 98 проценттен асады.

Оттек - 46,50 Кальций — 5,79

Кремний- 25,70 Магний - 3,23

Алюминий – 7,65 Натрий— 1,81

Темір — 6,24 Калий - 1,34

Қалғандарының шамасы, %: Ті —0,52; көміртек 0,46; сутск - 0,16; Мп — 0,12; күкірт - 0,11. Қалған аталмаған элементтер бар-жоғы 0,37 шамасында ғана.
Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

1.Күн жүйесінің пайда болуы туралы көзқарастар.

2. Жердің пішіні қандай?

3. Жердің ішкі құрылысына не кіреді?.



Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4.

2 дәріс. Тау жыныстары туралы жалпы түсінік.



Мақсаты: Тау жыныстары,олардың түрлері туралы жалпы түсінік беру.

Жоспар:

  1. Магмалық тау жынысы

2. Шөгінді тау жынысы

3. Метаморфтық тау жынысы

2 дәрістің конспектісі

Тау жыныстары туралы жалпы түсінік.

Тау жыныстары дегеніміз бір немесе бірнеше мине­ралдың табиғи агрегаттары. Бірнеше минералдан түзілген тау жыныстарын полиминералды (грекше «по­ли»—көп), жалғыз минералдан тұратын мономинералды (грекше «моно»— біреу) деп жіктейді. Тау жыныстарының минералдық құрамы, ішкі құрылысы және жер қойнындағы жату пішіні олардың пайда болу жайын көрсетеді. Жыныстың құрылысын оның құрылымы (структурасы) мен түзілімі (текстурасы) анықтайды.

Құрылымы деп тау жынысының кристалладану құрамында минералдық түйіршектердің абсолюттік және салыстырмалы мөлшерін, олардың пішінін, ішкі құрылысының өзгешелігін айтады. Түзілім (текстура) ұғымына тay жынысы бөлшектерінің кеңістікті өзара толтыру, онда орналасу жайын көрсететін ұйғарым кіреді.Жаралу тегіне сай барлық тау жыныстары үлкен үш топқа бөлінеді: 1) магмалық, 2) шөгінді, 3) метаморфтық.

1. Магмалық (грекше «магма» — қамыр, коймалжың) жыныстар магманың (күрделі құрамды силикатты қамырдай иленіп, балқыған заттың) кейінде қатып, кристалдануынан пайда болады. Егер магма жер астында кептеліп қалып, күшті қызу мен қысым әсерінен баяу (ендешс толык.) кристалданса, оларды интрузивтік (латынша «интро»— ішкі) немесе енген (внедрившиеся) тереңдік жыныстар дейді. Жер бетіне төгілген магманы лава дсп атайды да, оның қатаюынан пайда болган магмалық жынысты эффузивтік (латынша «эффзио» — төгілу, құйылу) немесе төгілген (излившийся) вулкандық жыныс деген ат қояды. Жанартау өзегін толтырған жыныстар кейін көкке атылып олардың күл-сынықтары, үгінділері жер бетіне үйілуінен құрылғанын пирокласты (грекше «пирос» — от, «класт» — үгінді) жыныстар дейді.

Магмалы тау жыныстар кремний қышкылының тұздарынан құралады. Соның мөлшеріне қарай олар төрт топка бөлінеді де олардың әрқайсының аты екі сөзден тұрады: І-орында интрузивінің атауы, екіншісі — оның эффузивтік үйлестігінің атауы.

I) Қышқыл магмалық жыныстарда SiO мөлшері 65процснттен артық. Оларға кварц пен дала шпаттарына бай гранит-липарит (риолит) тобы жатады.

2) Орта жыныстарға (Si02 шамасы — 65—52%) дио­рит—андезит тобы жатады. Олар да кварц жоққа тән, плагиоклаз (көбі) бен 15—30% қоңыр түсті амфибол, пироксен, биотит минералдардан құралады.

3) Негізгі жыныстарға құрамында 52—42% Si02 бар габбро—базальт тобы жатады. Олар негізгі плагиоклаздар (битовнит, анортит) мен 30—52% пироксендерден тұрады.

4) Ультранегізді жыныстардың химиялық құрамындағы Si02 мөлшері 42%-тен кем перидотит-пикрит тобы жатады. Олар темір. магнийге бай силикаттардан — оли­вин, пироксен құралады.

Қышқыл және орта магмалық жыныстардың шегінен жеке дара бөлініп, сілтілі жыныстар тобы сиенит-трахит шығады.Оларда бос кварц жоққа тән, құрамына К— Na-лы дала шпаттары мен амфиболдар, нефелин кіреді,

2. Шөгінді жыныстарға жер бетіндегі әр түрлі экзогендік процестер әрекетінен үгіліп, ысырылып, еріп, сонынан шөккен жыныстар тобы жатады. Жаралуына сәйкес олар үш топқа бөлінеді: 1) кесекті (үгінді),2) химиялық (хемогендік), 3) органогендік.

Кесекті жыныстар түпкі жыныстардың механикалық жолмен бұзылып, үгіліп. шайылуынан пайда болады.Құрылымына (кесектерінің мөлшеріне) қарай олар тағы үшке бөлінеді:

1) ірі кесекті қолсымалы, сусымалы, дөңбек, малта, қиыршық жинақтар немесе цементтелген (конгломерат, брекчия, гравелит,

2) құм, кұмтас, құмай (алевролит), 3) балшық (аргиллит).

Химиялық шөгінділер деп су ерітінділерінен тұнып шөккен жыныстар жинағын атайды. Олар құрамындағы минералдарға сәйкес әктасты (ізбестас, доломит, мергел), сульфатты (гипс, ангидрит), галогенді (ас тұзы, калий тұздары), алюминийлі (бокситтер), темір тотықты (қоңыр теміртас), кремийлі (опока, яшма, кремний-тақтатас), фосфатты (фосфориттер) түрлерге жіктеледі. Саз, балшық жыныстардың бірсыпырасы да химиялық жолмен түзіледі.

Органогендік жыныстар жан-жануарлардың, өсімдіктердің дене қалдығынан, кейде олардың тіршілік әрекеттерінен пайда болады. Оларға ізбес құрамды әк тастар, қабыршықтастар, кремиийлі диатомиттер, радиолияридтер, көміртек каустобиолиттер (грекше «каутоси жанар, «биос» — өмір) — шымтезек, коңыр және тас көмір, мұнай жанар тақтатастар жатады. Көбінесе хемогендік және органогендік жыныстар бірге, аралас пайда болады.

Шөгінді тау жыныстары қазіргі жер қабығының массасының 10 процентін құрап, онын бет аумагының 75 процентін жауып жатыр.

3. Метоморфтік тау жыныстары Жердің терең қойнауларындағы жоғары қызу мен күшті қысым магма жапсарларындағы қызу мен газ, булардың әсерінен өзгеріп, қайтадан жаралған (грекше «метаморфозис» — өзгеру) жыныстар тобын айтады. Бұлар слюда хлорит, талкь сиякты минералдарға бай болғандықтан әдетте сұр жасыл түсті келеді және құрылысы әрдайым толық кристалды, тақталанған, бір бағытта параллель бейімделген пішінге көшеді.

Метаморфтік күш (қысым мен температура ) өскен сайын тақтатас, филлит, кристаллы тақтатас, гнейстер, амфиболиттер (темір, магний тотықтарына бай) жыныстар реті құралады. Метаморфизм әсерінен кварцті құмтастан кварциттер, әктасты жыныстардан мәрмәрлар көмірлі жыныстардан графитті жыныстар пайда болады. Магма жапсарында одан бөлініп шыққан су буы, әp түрл газдар реакциясы әсерінен ізбестастардан скарндар, балшық-құмды жыныстардан мүйізтастар (роговик), бокситтен корунд жыныстары түзіледі. Өзін-өзі метаморфтау әсерінен базальт тұқымдастар амфиболиттерге,

өте негізді жыныстар (дуниттер) серпентиттерге (змеевиктерге) көшеді.

Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

1. Тау жыныстары дегеніміз не?

2. Тау жыныстарын қанша түрге бөлеміз?

3. Магмалық тау жыныстары қалай түзіледі?

4. Шөгінді тау жыныстары қалай түзіледі?

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4.
3 дәріс Минералдар туралы жалпы түсінік.
Мақсаты: Минералдармен және олардың түрлерімен, Жер қабығының құрылысымен танысу.

Жоспар:

1. Минералдың классификациясы.

2. Минералдардың физикалық қасиеті.

3. Жер қабығының құрылысы.


3 дәрістің конспектісі

Минералдар туралы жалпы түсінік.

Элементтер жер қабығында көбінесе минералдар құрайды, өте таза(саф) күйінде де кездеседі. Минерал деп физикалык қасиеттері мен химиялық құрамы көбінесе тұрақты, табиғи химиялық қосындыларды атайды, оларды қолдан да жасайды. Қазірде минералдар саны үш мыңға жуық. Олардың басым көпшілігі кристалды денелер, тек біpeн-сараны ғана аморфты (грекше «аморфос» — пішінсіз) түрінде кездеседі. Минералдардың кристалдық құрамы оның геометриялық дұрыс көпжақты қасиетіне байланысты анықталады. Табиғи кристалдың пішіндері әр түрлі. Мысалы, ас тұзы (галит) нағыз текше сияқты; тау хрусталы (кварц) екі ұшы пирамидамен үшкірленген алты қырлы призмалар түзеді ; магнитті теміртас (магнетит) сегіз қырлы октаэдр пішіндес, ал гранаттер үнемі он екі жақты фигура құрайды. Кристалдардың тұрақты пішін түзуі оның ішкі құрылысына (кристалдық торына) бейімделген .Тор ішіндегі кристалдардың әрқайсының құрамындағы атомдар, иондар, молекулалар сол минералға тән заңдылықпен орналасады. Бұған минералдың пішіні ғана емес, кейбір басқа қасиеттері де тәуелді болады. Минералдың кристалдық кұрылымы физика-химиялық және термодинамикалық жағдайлармен тығыз байланысты. Мысалы, таза көміртектен тұратын екі минералды— графит пен алмасты алайық. Ең жұмсақ минерал графит алты қырлы табақша кристалдардан тұрады; ал ең қатты минерал — алмас болса текше тәрізді кристалдар түзеді.

Химиялық құрамы бірдей заттардың кристалдық торын (яғни пішіні), өзгеше кристалдар түзу қабілетін п олиморфизм (грекше «полиморфоз» — көп пішінді, көп түрлі) дейді. Ішкі бөлшектері бірыңғай заңдылықпен орналасқандықтан, кристалдар анизотропт минералдарды изотопты (тең қасистті) дейміз.

1. Минералдың классификациясы (жіктелуі). Тау жыныстарын құрауда жер қабығындағы минералдардың тек 50 шақтысының ғана маңызы бар. Оларды жыныс түзуші деп атайды, Қалғандарынын көбі шамалы ғана қоспа ретінде жынысқа кіреді, оларды акцессорлық (латынша «акцессориус» қосымша) дейді.

Минералдар қазірде химиялық құрамы мен кристалдық құрылымына қарай жіктеледі. Жалпылық пән бағдарламасына кіретін тау жыныстарын құрайтын мине­ралдар төмендегіше бөлінеді:

1) Таза (саф) элементтер класы. Олар алтын, күміс, мыс, платина, күкірт, графит, алмас т. б.

2) Сульфидтер — металдардың күкіртпен қосындысы олар көптеген металдардың басты рудалары: пирит (күкірт колчеданы) FeS2, халькопирит (мыс колчеданы) — CuFeS2 , галенит (қорғасын жылтыры) — PbS, сфалерит (мырыш алдамышы)ZnS т.с т.б

3) Галоидтер — галоген-сутек қышқылдар тұзы: галит (ас тзы) NaСl, флюорит (плавик шпаты)­Сa F2, сильвин — КCl т.б

4) Окидтер мен сулы оксидтер: кварц— SiO, ақық— SiO2*Н2О, темір кендері — магнетит (магнитті теміртас) — ҒеО * Fе2Оз, гематит (қызыл теміртас) – Ғе2Оз, корунд — Аl2Оз, лимонит— (қоңыр теміртас) — Ғе2Оз*nH2O және басқалар.

5) Карбонаттар: кальцит (ізбесті шпат) CaC03, доломит —CaCO3*MgCO3, малахит- CuСОз*Си(ОН)2, азурит — 2CuC03*Cu(OH)2.

6) Фосфаттар: апатит Са5(РО4)з-(F, Cl, ОН); оның топыpaқ сияқты жабық кристалды түрін фосфорит деп атайды.

7) Сульфаттар: гипс — CaS04-2H20, ангидрит (сусыз деген мағыналы сөз)—CaS04, барит (ауыр шпат) — BaS04.

8) Силикаттар класына жер қабығында ең көп орын алған жыныс құраушы, өте күрделі құрамды, әсіресе магмалық және метаморфтық жыныстар түзетін минералдар жатады. Олар кварцпсн бірге жер қабығының 90 проценттен артық салмағын береді, силикаттардың барлығының кристалдық торының негізіне төрт валентті SiО4 тобы кіреді. Силикаттардан оливин (Mg, Fe)Si04, пироксендер тобы— (Na2Ca, MgFe)2Si20, амфиболдар (оларды сулы пироксендер ретінде карауға болады), слюдалар (калийлі ақшыл мусковит пен серицит, темір-магнийлі қарасы — биотит), серпентин (змеевик) — MgISi4О. Талкь — Mg3lSi40|6| (ОП)а, хлориттер (магний мен темірдін сулы күрделі алюмосиликаты), топырақ іспетті балшық—каолинит AUJSmOi | (()11)в, да­ла шпаттары—калий—натрийлы ортоклаз -К(А18ізОв), ізбесті — натрийлы плагиоклаздар тобын оқып, айыра білу керек.

Плагиоклаздар деп су мен сүттің әp шамадағы қосындысы секілді изоморфты минералдардың жалғасуын айтады. Олар — альбит, олигоклаз, андезин, лабрадор, битовнит, анортит. Осы қатардың шеткі сапында натрилы плагиоклаз — альбит— Na(Al2SiaO«), кальцийлі гноклаз — анортит — CaJAUS^O-i тұр. Реттегі қалған аралық минералдар осы екеуінің үздіксіз қоспасы. Екеуінің химиялық формуласынан көретініміз— кремний тотығының мөлшері альбиттен (68,8%) анортитке (13,28%) кеми береді. Соны ескеріп сол жақ шеттегі альбит пен олигоклазды қышқыл, андезин мен лабрадорды орташа қышқыл, битовнит пен анортитті негізді плагкоклазді деп жіктейді.

Изоморфизм — (грекше «изос» — тең, «морфэ» - пішін, форма) —деп жаңағы плагиоклаздардағы сияқты тектес құрамды химиялық қосындылардағы элементтердіңдің бірін-бірі ауыстырып, кристалл пішіндері бірдей қосынды минералдар сапын құру қабілетін айтады. Біздің үлгімізде натрий мен кальций бірін бірі кез келген қатынаста алмастырады.

Минералдардың жаралу тегін гректің генезис (тууы, жаралуы, тегі) деген қысқа бір сөзбен айтады. Пайда болу жағдайына қарай минералдар екі үлкен топқа бөлінеді; эндогендік (грекше «эндос» — ішкі) минералдар жер қабығының ішкі жағы мен жоғарғы мантиядағы магмалық және метаморфтық процестсрмен байланысты. Экзогендік (грекше «экзо»— сыртқы) немесе гипергендік (грекше «гипер» — үстінгі, беткі) минералдар жер қабығының үстінгі бет жағында үгілу-тозу, тұну, шөгу кезінде пайда болады. Эндогендік және экзогендік минералдардың келесі жіктелуі осы пәннің кейінгі тарауларында сөз болады.

Минералдардың парагенезисі. Ежелгі кен қазушылар-кейбір минералдар тобының әрдайым бірге кездесетінін байқаған. Осындай минералдардың бірге табылуын, яғни бірге жаралуын олардың парагенезисі (грекше «паpa» — жаны, қасы, жапсары) деп атайды. Әр түрлі жаралу процестерінде тек өзіне ғана тән минералдар тіркесі (парагеиезисі) сай. Мысалы, түсті металдар кенінде галенит, сфалерит, халькопирит күміс бірге кездеседі. Кварц желілерінде алтын болуы мүмкін. Минералдардың парагенезисі кен іздеуде жол көрсетіп отырады .Мысалы, Саха-Якутиядағы көптеген алмас кеніштеріне «жол көрсеткен» оның серігі (парагенезисі) қызыл гранат—пироп болды.



2.Минералдардың физикалық қасиеттері

Минералдардың түсі — бірден көзге ілінетін нышаны. Минералдың түсі ұдайы етене тұрақты болуы мүмкін, мысалы малахит жасыл, азурит көк. Көбінесе әр түрлі себептерден (әсіресе қоспалардан) түсі өзгеріп те отырады. Мысалы, кварц мөлдір, ақ, сұр, күлгін,торғын, қара да болады. Керісінше, әр түрлі минералдар, бір түске боялады. Мысалы, гипс те, кальцит те, галит те қызғылт түсті болуы мүмкін. Қайсыбір минералдардың түсі өзінің бетіне сәуле түсуіне байланысты неше түрлі реңмен құлпырып тұрады. Мысалы, халькопиритті оңға-солға аунатса алтындай сары беті күлгін, көк,жасыл, шұбар түске айналады. Лабрадордың жасылтым қара бетінен көк түсті құбылу байқалады, сондықтан оны «ай тасы» деп те атайды.

Минералдың түсін мүмкіндігінше дәл айқындау керек. Ол үшін түсін күнделікті белгілі заттардың түсімен салыстырып айтады: сүттей (жұмыртқадай) ақ, лимондай (сабындай) сары, кірпіштей, не қан қызыл т.с. с. Көбіне реңін қос сөзбен дәлдеген де дұрыс: ақ сұр, жасылтым сұр, қара сұр.

Минералдардың дағы (сызығы) деп олардың майда ұнтағының түсін айтады. Дағы минералдың төл түсіндей (мысалы, магнетиттің сынығы да, ұнтағы да қара) немесе басқа түсті де (пириттің кесегі —қоладай сары, ұнтағы — қара) болуы мүмкін. Сфалериттің түсі әр түрлі, ал дағы қашанда өз түсінен бозырақ. Бояуы қою минералдар үшін олардың ұнтағының реңі— өте маңызды сипаттамасы. Мөлдір тұнық минералдардың ұнтағы ақшыл келеді.

Минералдардың жылтырлығы -өз бетінде сәулені шағылыстыруын,ендеше сәулені сындыру қабілетіне байланысты. Минералдар жылтырлығына қарай былайша жіктеледі: металдай, беті саф металдай жарқырайды (пирит, халькопирит, галенит т. б.); металша (графит, гематит); алмастай өте күшті жарқырайды (алмас, кейде сфалерит); шыныдай, шынынын бетіндей жарқыл, тұнық, шамалы мөлдір, жымдасуы жетік минералдарға (сутас, кальцит, ас тұзы, дала шпаттары) тән; майдай (дұрысы тоң май жаққандай) ойыс сынықты минералдарға (кварц, нефелин) тән; жібектей, қылқанды, шудалы минералдардан (гипс-селенит) көрінеді; тана­дай (перламутр), ұлудың қабыршағының ішкі бетіндей жарқырайды (гипс).

Жабық кристалды, аморфты сынығы кедір-бұдыр минералдардың беті топырақтай; кемік агрегаттардын беті күнгірт келеді. Mинералдардың пішіні (габитусы). Минералдардың басым көпшілігі кристалл болғандықтан, олардың әрқайсысының тек өзіне тән геометриялық пішіні бар, пішініне қарап оларды былайша жіктейді:

1) Изометрлі — жан-жағынан қырларынының ұзындығы біркелкі. Мысалы, пириттің текшелері, кальциттің ромбоэдрі, магнетиттің октаэдрі; 2) бір бағытта ұзын: призмалар, бағана, сырық, ине-қылқан, қылшық тәрізді. Мысалы: гипстің қылтанақтары, кварцтың сырықтай ұзын призмалары; 3) қос бағытта бойлаған пішіндер. Олар жапырақ, табақша, тақташа, қабыршақ пішінділер. Мы­салы, гипстің, бариттің табақшалары, слюдалардың, хлоиттердің жапырактары, қабыршақтары.

Кристалдардың жымдасуы деп олардың механикалық күштен (мысалы ұру) жазық беттерге шытынау қабілетін айтады. Бұл құбылыс кристалдың ішкі торына байланысты. Жымдасу дәрежесі беске бөлінеді: аса жетік — минерал жымдасу жазығына сай оп-оңай жұқа жапырақ —қабықшақтарға жіктеледі; мысалы, слюдалар, графит, хлориттер; жетік — ұрып-соқса минералдың жымдасу бағыттары шытынайды. Олар кальцит, гипс, барит, дала шпаттары, ас түзы. Жетік жымдасқан бейруда минералдардың синонимдеріне «шпат» (грекше табақша) деген сөз кіреді.

Минералдардың кристалдық жақтары мен жымдасу жазық беттерін шатастырмау керек . Мысалы, пириттің кристалдық текшелерінің жақтары теп-тегіс айнадай жарқырайды, ал жымдасуы жетіксіз болғандықтан, сынықтары кедір-бұдыр, 2) Жымдасуын байқау үшін минералды ұрып-соғудың керегі жоқ, өйткені сіздің қолыңыздағы әрқашан да минералдың сынығы деп саналады.

Орташа жымдасу—минерал сынығында тегіс жым­дасу жазықтарымен қатар, оған қатынасы жоқ кедір-бұдыр беттер де көрінеді, мысалы, дала шпаттарынан, пироксендерден; жетімсіз жымдаскан мннералдар (күкірт, оливин) сынығынан тегіс тузу жазықтарды көре алмайсың, сынықтары ұдайы кедір-бүдырлы; минералдарда жымдасу қасиеті мүлде жоқ болса (кварц, магне­тит, аморфты минералдар) сынық беті ойыс (мүйіздің сынығындай), бұжыр болады. Мұндайда крнсталдың жымдасуын тым жетіксіз дейді.

Минсралдардың жымдасу жазығы бірнеше бағытта кездесуі мүмкін: слюдалардікі бір-ақ бағытта, галенит, кальциттіц жымдасуы ұш бағытта, гипстің жымдасуы бір бағытта тым жетік, басқа бағытта орташа, үшінші бағытта жетіспеген.Кристалдың торына (ол өзгермейді) байланысты болғандықтан , минералдың жымдасу сипаты өте қажетті қасиет. Кристалдарда жымдасуынан басқа жіктелу жарықшақтары байқалуы мүмкін (мысалы, гематиттін). Олар шынынын бетіндей тегіс емес, жарқырауы да көмескі, параллель бағытта жиі-жиі жіктеледі.

Моос шкаласы

1. Талкь Mg3[Sі4O10] (ОН)2 6. Ортоклаз К [AlSi3O8]

2. Гипс CaS04-2H20 7. Кварц Si02

3. Кальцит СаСОз 8. Топаз Ai2 [Si04] (F, ОН)2

4. Флюорит СаF2 9. Корунд А1203

5. Апатит Са3 [PO4] (F,C1,ОН) 10. Алмас С

Сонымен 0оса 0олда бар мынадай заттардың қаттылығын пайдалануға болады: тырнақ — 2—2,5; шыны—5, болат бұйым (ине, пышақ жүзі) — 4,5—5.

Минералдың қаттылығын анықтау үшін оның жазық бетін Моос шкаласындағы минералдардың үшкір ұшымен тырнайды. Егер оның бетіне әжім түссе, оның қаттылығы эталондағыдан кем болғаны, сызық түспесе онын өзі қатты болғаны.

Минералдарды сипаттағанда олардың тығыздығын да (меншікті салмағын) байқау абзал. Ол үшін алақандағы минералдың салмағын шамалайды: тығыздығы 3,0 г/см3-ге шейін болса — жеңіл, 3,0— 4,0 г/см3-лерін— орташа, одан көбірек көрінсе ауыр деп есептейміз. Біраз жатыққан соң осылайша шамалау қиын болмайды. Металдардың қосындылары көбіне ауыр-болады (пирит, галенит, сфалерит, магнетит т. б.). Eсте сақтау керек: минералдың салмағын алақанда ұстаған үлгіде ол жалғыз болса ғана шамалаймыз.Бұлардан басқа сипаттамалар минералдарды анықтауда қосымша рөл атқарады. Десек те кейбір минералдың өзіне тән ерекше қасиеттері болады. Мысалы сынғақ, (морт) деп минералдың пышақпен кескенді (тілгенде) уатылып, ұнтақталатын қасиетін айтады, олар: пирит, магнетит. Алтын, күміс сияқты саф минералдар қатты затқа салып, ақырын соққанда созылып қақталады.

Басқа бір минералдар майыстырғанда пішінін өзгертеді де, сырт күштен босатқаннан кейін қайтадан қалпына келеді. Мұны минералдың серпімділігi дейді. Мысалы, слюдалардың (биотит, мусковит) жапырақшалары. Ал оларға ұқсас хлориттердің жапырақ-қабықшалары майыстырғаннан кейін бұрынғы қалпына келмейді. Асбестің жінішке талшықтары жіптей иіруге көнеді, ал селенит (гипстің қылқанды түрлері) морт сынады.

Аздаған минералдың магниттік қабілеті бар. Олар құбылнаманың тілін немесе темір ұнтақтарын өзіне тартады (немесе кейін тебеді). Магнетит —осындай минерал (атауы да айтып тұр).Карбонат құрамды минералдар бетіне тұз қышкылын тамызса «быжылдап» не «шымырлап» қайнайды. Себебі олардан көмір қышқыл газы бөлініп шығады (шампандағы немесе минералды судағыдай):

СаСОз+2НС1 = СаСІ220+С02.

Кейбір галоидті минералдар ( ас тұзы, сильвин) суға салса ериді және ащы дәмі бар.

Минералдардың агрегаттары. Минералдардың кристалдары жалғыз-дара сирек кездеседі, көбіне олар өзара немесе бір-бірімен бірігіп кристалданады да, оларды агрегаттар дейді.Друза деп сырықша ұзын кристалдардың бір бетке бір ұшымен өсіп шоқталған түрлерін (мысалы, кварц, гипс) айтады. Егер уақ кристалдар бір-біріне қырымен жанасып өссе, ондайын «щетка» дейді.

Дендриттер деп тастың жазық тегіс бетіндегі өсімдіктердің ұсақ бұтақ-жапырақтарының танбасы (мысалы, мүктің) сипатты агрегаттарын атайды (мысалы саф мыс, марганецтің сулы тотықтары).

Конкрециялар (жұмыршықтар) минералды заттардың бір орталық нүктедсін біртіндеп өсе келе жабысуынан түзіледі. Олардың пішіні көбіне жұмыр келеді де ішкі құрылысы қабыршақтанып немесе радиалды бағытта сәулеленіп бітеді (мысалы, лимонит, фосфориттер).

Егер кішігірім конкрециялар біріне-бірі жабысып өссе бүйрек тәрізді агрегат дейді. Диаметрі сантиметр шамасындағы домаланған агрегаттарды (мысалы, бокситтер) пизолиттер, диаметрі 1-2 миллиметрге таяу қауызды тарыдай түрлерін оолиттер (мысалы, кальцит, лимонит) деп атайды.

Ерітінді баяу буланған жағдайда жыныстың қуыстарын, қабырғаларын жауып өскен агрегаттар бауыр, сау­ыс, сүңгі, бүр, бүршік тәрізді болады (кальцит, гипс, ма­лахит).Айтылғандарға қосымша, жыныс бетінде минералдардың қабықшалары, қайызғақтары, қаспақтары, жұғын-жолақтары да кездеседі (лимонит, малахит, азу­рит).

Ерітіндіден кристалданған минералдар қауырт өссе, бірін-бірі ығыстырып, сыйыса алмай түйіршіктер құрады (галенит, пирит, сфалерит, магнетит, ас тұзы). Мұндайда егер кристалдар пішіні табақша, тақташа болса жапырақша, қабықша агрегаттар түзіледі (слюдалар, хлориттер), сорайған жіңішке кристалдардан (гипс-селенит, кварц, кальцит) сояу, ине, қылқан, талшық, шуда агрегаттар түзіледі.

Өте уақ, тек микроскоппен ғана көрінетін кристалдар агрегатын жабық кристалды дейді. Кристалдар кеңістіктің әр бағытында үймелеп тығыз агрегаттар түзсе, оны нығыз (сом) агрегатты дейді.Аморфты мннералдың жиынтықтар біркелкі тығыз не қопсыған топырақ тәрізді, күңгірт жарқылды, ойыс сынықты не сауыс агрегаттар (мысалы, лимонит, бокситтер) түзеді.

3.Жер қабығының құрылысы.

Жер қабығының ішкі құрылысына байланысты оны екі типке — континенттік және мұхиттық бөледі. Континенттік қабық — үш қабаттан құрылады:

I) шөгінділер қабаты; 2) гранитті-метаморфтық ;З) базальттық (базиттік), Қазіргі кезде бұрғылау және шахтылар арқылы тек шөгінді қабаттың құрама-құрылымын білеміз, гранитті-метаморфтық қабаттарда жер бетіне көне құрылымдарда — қалқандарда (щит) шығады. Жер қабығы мантиядан Мохо шегімен айырылатыны жоғарыда айтылды.

Сейсмикалық толқындардың жылдамдығы орташа шамамен шөгінділср қабатында 3-5 км/с, гранитті—гнейсті қабатта 5,5—6,5 км/с, базальт қабатында 6,6-7,2 км/с. Кейінгі екеуін сейсмикалық Конрад шегі жіктейді (толқын жылдамдығы 6,5—6,6 км/с). Yш қабаттың әрқайсысының да қалыңдығы тұрақты емес. Шөгінді қабатының қалыңдығы нөлден (Балтық, Алдан т. б. қалқандар) жазықтарда 5 километрге жетеді, тек жекелеген ойыстарда (Каспий ойпаты) 8—10 километрден асады. Таулы аймақтар мен оларды етектеген ойыстарда бұл қабат 15— 20 км. Гранитті-метаморфтық қабаттың қалыңдығы жазық ойпаттарда 15—20 км; таулы аймақтарда 20- 25 км-ге жетеді. Базальтты қабаттың қалындығы осылайша 10—20 км-ден 25-35 км-ге өзгереді.

Мұхиттық тип өзінің қалыңдығымен де, құрамымен де континенталдық типтен тым өзгеше. Оның қалыңдығы 5—12 км. орташа шамасы 5—7 км, ал гранитті-метаморфтық қабаты атымен жоқ. Мұхитты қабатта үш­ке жіктеледі: 1) бірінші (жоғарғы жұқа —жүздеген метр—100 м) мұхит-теңіз шөгінділерінен тұрады да сейсмотолқындар жылдамдығы 3 км/с-ден кем; 2) қалыңдығы не бары 1 —1,5—3 км ортаңғы екінші қабатта бұрғылау деректерінше шамалы ғана кремнийлі және карбонатты жыныстар қабаттасқан базальттан тұрады; сейсмотолқын жылдамдығы 4- 4,5 км/с шамасында; 3) үшінші қабатшасының қалыңдығы 3,5-5 км, сейсмотолқындар 6,3—6,4 км/с жылдамдықпен өтеді. Қабатша негізді және өте негізді интрузив жыныстардан түзілген.

Габбро жыныстар кейде амфиболитке шейін метаморфталған.

Бейнеленген екі типтен басқа аралық субмұхиттық және субконтиненталдық типтер бар. Субмұхиттық тип шеткі және ішкі теңіздердің терең науаларына (Каспий теңізінің оңтүстік қауасы, Қара, Жерорта, Охот теңіздері) тән. Бұл типтің өзгешелігі— алдымен тым қалың (4- 10 км. кейде 15 20 км) шөгінді жыныстар қабаты бар. Ол тікелей қалыңдығы 5—10 км базальт қабатының бетінде жатыр. Жалпы қалыңдығы 10­ 20 км. Субконтинентальдық тип аралдық доғалар (Алеут, Курил т. б.) мен құрлықтар шегінде кездеседі. Ол материктік типке ққсас, бірақ қалындығы шамалы 20—30 км ғана.
Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

1. Минералдар неше түрге бөлінеді?

2. Минералдардың физикалық қасиетіне не кіреді?

3. Жер қабығының құрылысына сипаттама.



Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4.

4 дәріс Жердің жасы мен жылнамасы. (Геохронология).


Мақсаты: Үгілу қабатының дамуымен танысу.

Жоспар:

1. Палеомагнитттік шкала.

2. Абсолюттік жылнама.

3. Гелогиялық кезеңдердің қысқаша сипаттамасы


4 дәрістің конспектісі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет