ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Геология» 5В011600 – «География» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет4/9
Дата09.06.2016
өлшемі3.71 Mb.
#124621
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Эол аккумуляциясы (шөгінділер). Жел айдаған үгiнділер алғашқы орнынан алыстаған сайын әуелі құмды, содан соң құмдақ, одан әpi тозаң түрінде жер үстінде шөгеді. Теңіз, өзен жағалауларынан құм шөгінділерін көтеріп, олар әр түрлі жал-жал қырқалар түзеді.Эол шөгінділерінің түстері әр түрлі дегенмен capғылт, сұр өңдepi басым келеді. Шөгінділер үнемі қиғаш бағытта қабатталады да желдің үрлеген бағытына еңкіш не едәуір тіктеу (30е) құлайды. Шөгінділерінің үйілу жылдамдығы да едәуір. Құм жиектегі кеменің палубасына 60 жылда 1,7 м құм шөккен. Кейде бip тәулікте 3 см құм үйіледі.

Шаң-тозаң шөгінділерінен лесс жаралады. Ол capғылт түсті, жұмсақ, көбікше-кеуек, негізінде кварц және басқа силикатты минералдардың тозаңынан түзілген жыныс. Құрамына 5—6% кальцит кipeдi де, ол пішінi өзгеше әр түрлі конкрециялар құрайды. Лёсстерде қабаттану байқалмайды, бұзылған шақта лёсс жынысы тік жарларға бөлшектенеді. Лёсстер көбінесе басы қарлы тау етектерінде кездеседі және Украинадан бастап Орта Азия, Кавказ сырты, Ауған жерін басып, Оңтүстік Қытайға шейінгі далалық белдеулерде жайылған. Қалыңдығы 100 метрге жетеді. Осы лёсс шөгінділерінің жаралу жолын академик Л. В. Обручев былайша түсіндіреді. Tөpттік кезеңінде Еуразия материгінің теріскейін қалың мұз жауып, оның алдыңғы тұсында шөл дала орын алған. Мұз үстінен үнемi суық жел соғып, ол мұздың үйінділерінен майда үйінділерді айдап апарып, оңтүстіктегі шөл далаға шөктірген.



Шөлдер. Эол шөгінділepi әcipece шөлдерде көп және қалың. Шөлдер жер бетінде 10°- 45° ендіктер арасында орналасқан солтүстік және оңтүстік eкi белдеу құрайды. Жалпы ауданы 15—20 млн км2.

Шөлде атмосферадан түсетін ылғал мөлшері тым аз- жылына 200 мм-ден кем. Ыссы және құрғақ ауаға байланысты ондағы булану мөлшері түсетін ылғалдан 10—15 pет артық. Содан келіп грунт сулары қашанда болсын тік көтеріліп, буланып тұрады. Жол-жөнекей ылғал жыныс арасынан темір-марганец тотықтарын epiтіп әкеледі де ылғал буланған шақта әлгі тотықтар тас, жар, құз бетінде қоңыр, қара өңді жарқыраған жұқа қабықша түзеді. Оны шөлдің қақталу қабығы (корка пустынного загара) деп атайды. Тотықтар неше түрлi нәзік, әдемі шөп бұтақтарының жапырақтарының кейпіне ұқсайды. Оларды темip-марганец суды тотықтарының дендриттері (грекше «дендрон» — ағаш) дейді. Желдің геологиялық әрекетіне байланысты шөлдер дефляциялық және аккумуляциялық типтерге бөлінеді.

Дефляциялық шөлдерді Орта Азия мен Қазақстанда қырат, Африкада гаммада деп атайды. Олар cүйip, неше түрлі пішінді жар, қойтастардан тұрады. Олардың түбінде қара түсті қапталу қабығымен жабылған ipi-ұсақ кесек тастардың үйіндici жиналады. Бетпақдала осындай шөлге жатады. Құм үйілген аккумулятивтік шөлді Орта Азия мен Қазақстан тұрғындары шaғыл, құм (Қарақұм, Мойынқұм, Қызылқұм т. б.) дейді де олардың саз-балшықты ойыс бөлімдерін тақыр, лесс жыныстыларын адыр, ұлпа тұз араласын сор деп бөледі. Ең аумақты шөлдер— құмдар. Тек қана бұрынғы КСРО аумағында олардың ауданы 800 000 км2. Құмдар негізінен өзен аңғарының шөгіндісін жел айдап қууынан пайда болған. Мысалы, Қарақұм ерте замандағы Әмударняньң, Мойынқұм Талас пен Шу өзендерінің шөгінділерінің електеніп ұшуынан жаралды. Құмдардың қалыңдығы ондаған метрге жетеді.

Құмдардың өзіне ғaнa лайықты жер бедерлері болады. Олар мыналар: Бархандардың беті жарты ай пішіндi, оның eкi қияғы жел ескен бағытты көрсетеді. Жел жақ бетінің ылдиы 10—15°, қарсы жақ бeтi 30- 35°еңкіш. Қырқасы cүйip, биiктiгi 15 метрге дейін жетеді. Кейде, мысалы, 1ле өзенінің жағалауындағы Қалқан төбе 70 метр биік келеді. Екі қияғының арасында жел ұйытқығандықтан қораланған ойма шұңқыр пайда болады.



Бархандар жалғыз немесе тізбектеліп орналасады. Keйінгілерінің жалдары жел бағытына көлденең тұрады. Тізбек қыратының ұзындығы 3—5 километрге созылады, дегенмен ұзындығы 20 км, көлденеңі 1 км қырлар да байқалады. Биіктігі 100 метрге жететін жоталардың арасы 1,5—2 км.

Тізбек жалдар —ұзын, бeттepi жазық, желдің ең тұрақты бағытын бойлай жаралады. Ұзындығы бipнeше километр, биіктігі 15-тен 30 метрге дейін жетеді. Са­хара құмында 260 м биік қырқалар да көрінген. Қырқа араларының бip-бipiнен қашықтығы 150- 300 метрге шейін, ол арадағы ойдан құм үрленіп өседі де шұраттары мезгіл өткен сайын тереңдей түседі.

Құм үйiнділерi бұта, дөңбек тас секілді тосқауылдардың жел жағында пайда болады. Олар ретсіз орналасқан кішігipiм, жел бағытымен аздап созылған дөңгелек шоқалақтар құрайды. Баурайлары симметриялық біркелкі, биіктігі құм жолындағы-тосқауылдың бойына сәйкес 1 —10 м шамалы.

Құм үйінділері жалғыз шөлде ғана емес, ipi өзен сағаларында, теңіз-көл жағалауларында кездеседі. Жел қуған жағалау құмынан қырқа беті дөңгеленген дөңдер (дюны) түзіледі. Олардың баурайлары асимметриялық пішінді: жел жақ беті 5—12°, ық жағы 30— 35° eңкіш, биіктігі 5—30 м. Көбінесе дөңдер қатар тізбектеліп, тұрақты жел бағытына көлденең үймеленеді. Маңында бұта, шөптер жетік болатындықтан олар құмды бекітеді де дөңдер көбінесе айнымай, өз пішінін сақтап қалады. Сипатталған құм жалдар, шоқалақтар шөлді құрайтын өзгеше эолдық ландшафт түзеді.

Эол иiрiмдерi құм арасында ең жиі және үнемі тарағап микрорельеф формасы. Олай деп құм үгіндісінің ирелеңдеген ұсақ тізбектерін атайды. Олар бархан, дөңдердің жел жақ бетінде түзеледі. Солардың жел қуып сусуынан келіп, қиғаш шалыс қат-қабаттар түзіледі. Жел құм түйіршіктерін үрлеп сусытып, ық жағына айдайды. Cөйтіп, құм жел бойымен жыл сайын бірнеше сантиметрден ондаған метрге көшеді де жолында тұрған үйлерді, ағаш-бұталарды, қала берсе ipi мекен-жайды көміп тастайды. Осылайша кеме Мысырдың Луксор, Кар­ман қалалары түгелдей құм астында қалған.

Тақырлар құмды өлкені жағалайды және құм арасындағы ойпаң жерлерде жайылады. Олар —көбінесе суалған көлшіктердің, қақтардың, өзендердің түбі. Жазық бетіндегі саз-балшық құрғай келе көп бұрышты жарықтармен бөлшектенеді. Сонда бетi қабыршақтанып, ұнтақталып шаңға айналады. Оны жел ұшырып кетеді де тақыр тереңдей түседі.

Адырлар тастақ шөлден жел айдаған лесс шөгіндіден олардың шет жиектерінде түзіледі. Адырлар беті айқыш-ұйқыш, әр түрлі жыра, жылғалармен жырылып, жықпылданады.

Сорлар. Грунт суларының деңгейі жоғары болған шақта ол буланады да epiген тұздары топыраққа аралас үлпе борпылдақ ретінде шөгеді. Ақшыл сұр, бетінде түк өспеген көз шағылған сордың келбеті жолаушыға жабырқаңқы-ақ. Сорлар қазақ даласында, Орта Азия шөлдерінде жалпақ тараған.Сор бетінен де acпaнғa тұз ұшады.

Эол әрекетінің маңызы. Жел әрекеті адамзатқа қашанда болсын зиян келтіруде. Оның кеселінен жерді құм басады, үй- құрылыстар қирайды, құмға көміледі. Көлік жолдары icтеп шығады т. б. Осындай қасіретке адамдардың өздері де кінәлі мысалы, орман-тоғайды шауып тастаиды. Содан жер бетінің 30% шамасы құмға айналып келеді; бұл процесс жыл сайын 6 млн гектар пайдалы жерден айырып отыр. Амударияның жағасында тұрған Төрткөл қаласын бip уақытта түгел құм басты. Жepi құнарлы Украинада дефляция әсерінен көптеген егіндік жерлер қаңырап бос қалды. Қазақстанның тың жерлерін көтергеннен-ақ қара дауыл тұрып, топырағын көкке ұшырды.

Адам қоғамы желдің жағдайсыз әсерімен күресіп келедi. Ол үшін ағаш, бұта сексеуіл eгin, құмның жолын бөгейді, оның күші мен бағытын өзгерту үшін әр турлі қалқан-қорған орнатады, құм бетін битуммен бекітеді.

Жер бетінің ағын суларының геологиялық жұмысы.

Беткі суға атмосфера лық жауын-шашыннан бастап ipi өзен ағыстарына шейін жатады. Олардың құрлық бетіндегі денудациялық жұмысы алуан түрлі. Сол себептен ағын суды жер бейнесінің мүсіншісі дейміз. Беткі су жер бедерін бұзады да оны үнемі аласартып отырады. Ағын судың жұмысы оның көлемі мен жылдамдығына тікелей байланысты. Ол жұмыс судың шаюынан, кeмipiп-жыруынан, шайындыны төмен тасымалдауынан, ақыр аяғында оны жинап-үюден құралады. Осының барлығын бipіктipiп флювиалдық (латынша «флювио» — ағым, тасқын) процестер деп атайды.

Беткейдің көлкіме ағыны. Жауын-шашын, қар еруі кезінде көлкіген су күші мардымсыз, сонда да сорғалап аққан су үгілу-тозу кезінде пайда болған майда үгіндіні беткейден төмен ығыстырып, шайып жуады. Соны алаңдық шаю дейді, шайылған жумасы тау-төбенің бөктepi мен етегінде жиналады да оны делювий (латын­ша «делюо» — шаямын) деп атайды.

Делювий шөгінділер етекті жамшыдай (шлейф) көмкереді. Оның ең қалың жepi де осы етекте болады. Teгістіктен шаю салдарынан баурайдың тіктігі біртіндеп еңкіштеніп, кейде ойысталып кетеді. Делювий үйіндісінің жоғарғы басында құм, кала берсе түйіршік, малта жиыны болса, төменгі етегінде майда сазды, құмайт жыныстардан түзіледі. Сол сияқты жазық далаларда да ұсақ үгінділер орын алады. Оған далалы өлкенің шөбі селдір болуының да әсері бар. Лайлы су сорғалап, тік етектегі ipi қорымдар кесектерінің арасын бітейді. Бұдан көретініміз, делювий шөгінділері қат-қабатқа жіктелмейтін біртұтас, жұмырланбаған, түйіршіктерінің өлшеміне қа­рай сұрыпталмаған, арасында жануар, өсімдік қалдықтары жоқ жыныс үйіндісінің құрамынан тұрады.

Тұрақсыз ағынның әрекеті. Біркелкі тегістікті шаю жер беті жазық болғанда ғана орын алады. Әдетте жер үстінде табиғи жолмен немесе адам әрекетімен жаралған әр түрлі шұңқыр, өр-жылғалар жиі кездеседі. Оларға құйған су ағысы күшейіп, бетті ойып, жыртып әкетеді. Осы әрекетті эрозия (латынша «эродо— жырту, кемipy, сою) дейді. Соның салдарынан жыралар туады. Басында пайда болған кiшi-гipiм ойыстарға жауын-шашын жинала келе күшейіп, ойыстың бeтi мен шетін орып кетеді. Жыра өз бойынан төменге қарай да, ең басынан да өсе бастайды. Ол шақта жыраның бойлық қимасы өте тік түбі де ойлы-қырлы, сағасы аспалы болады да түпкі эрозия күшті бойлайды. Келесі күшті жауын неме­се қар күрт ерiген кезде ағын жыраның жар басын жоғары қарай әpi жырып-сойып кете барады. Сөйтіп жыл сайын жыруы су айырыққа қарай өсе түседі. Жыраның осылайша ұлғаю процесін кepi (peгрессивтiк) эрозия дейді. Жыралар жан-жағына да тармақтана ке­ле көп аумақты жыртып өтеді.

Жыралау эрозиясының қаркыны көп жағдайға — климатқа, жер бедеріне, жердің геологиялык құрылысына, өciмдік жамылғының қою, селдірлігіне байланысты.Кейде адамның шаруашылық әрекетінен де, мысалы, eгіндікті дұрыс жыртпау, туады.Жер бетінің жұмсақ жыныстардан түзілген аймақтарда сай-салалар сілемдері тез өседі.Мысалы, Дон өзенінің

төменгі даладарында жыралар жыл сайын 1 -1,5 метрге өседі, ал Кавказ етегінде жылына 2—3 метрге жетеді. Украинада әpбip 100 шаршы километр жерде 100 -150 км жыра сілемдері бар.

Таулы өлкелерде де ауық-ауық су тасқындары өтеді. Күшті жауын немесе қар кенеттен еріген шақта таудың барлық сай-салалары, аңғарлары cyға толады да қатты ағыспен төмен құлдилайды.Ұлы Абай осы әсерді былайша бейнелейді.Асау Терек долданып, буырқанып, Тауды бузып, жол салған, тасты жарып…



кім қақтықса жолымда күйреткенмен…

Екі езуім көпіріп айқайласам,

Шын құтырсам, шың тасты тербеткенмін…

Жол-жөнекей алапат тасқын дөңбек, малта, қиыршық тастарды, құм-лайды қоса ағызып, жолындағының барлығын күйретеді, жайпайды. Тасқын тау етегіне жеткен кезде оның ағыс жылдамдығы кенет басылады да ағын көптеген тарамдарға бөлінеді.Содан күші шұғыл кеміген тасқын ағызып әкелген жыныс бөлшектерін бөктерге жайып салып шөктіреді.Осы жыныстар жиынтығын ысырынды конус дейді. Оның тау жақ үшкір бұрыштарында ipi дөңбек, шала жұмырланған малталар, кесектер жиналады. Етектен алыстаған сайын құм, құмайттар шөгеді. Ысырынды конустың сыртқы шегін шаң-тозаңнан түзілген леес, леес тұқымдас тұнбалар алады. Шөгінділердің осы түрлерін ғалым А.П. Пав­лов пролювий (латынша «пролюо» - жуып-шаю) деп атады. Сол себептен алдыңғы майда түйірлі шөгінді келесі зор тасқынның ipi үгінділерімен көміледі.Kepiсінше, одан кейінгі мардымсыз тасқыннан олардың бетін ұсақ түйірлі келесі шөгінділер жабады.Сөйтіп,осылайша кездескен жағдайдан өте күрделі қабаттасу құралады.

Климаты қуаң Орта Азия мен Қазақстанның тау ciлемдерінің бөктерінде әр жыра, ағыны тұрақсыз өзен аңғарларының ысырынды конустары бір-бірімен жалғасып, тау етегінде біртұтас кең еңкіш жазық түзеді. Ысырындыны құрайтын шөгінділердің көлемі айтқысыз мол.

Мысалы, 1921 жылы Kiшi Алматы өзенінің сел тасқыны Алматы маңына 2,5 млн м3 шөгінді, ал 1973 жылы құрылған тосқауыл бөгетке дейінгі үйіндінің көлем 4- 4, 5 млн м3-ге жетті. Қала тұсындағы пролювий қабатының қалыңдығы 1000 метрге жақын. Aридті өлкелерде қала берсе өзендердің өзі де етектен шыға бере құрып кетедi- буланады, шөгіндіге сіңеді. Сондай ағынның қалған ысырынды конустарын құрдым ден атайды. Өзеннің құр аңғарларын қазақтар «Еспе» (вади) дейді.



Өзеннің геологиялық жұмысы. Адамзаттың тіршілігі үшін өзендердің маңызы ауыз тола айтарлықтай: «өзен жағалағанның өзегі талмас». Өзен суы ауыз судың, өндіріске қажетті судың, жер суарудың, қуатты және таза электр энергиясының басты көзі.

Өзен суы жер бетіндегі және жер астындағы сулардан құралады. Өзеннің суы жыл маусымына байланысты сабасы жоғары немесе төмен болады. Жазғытұрым қар кілт ерігенде өзендер жағасынан шығып, Қазақстан жерінде бip-eкi айда өзен суының 70—80 проценті ағып өтеді. Жаз аяғында сабасы ең төменге түсіп, қайырланып жеке қарасуларға бөлшектеніп қалады. Биік таулы қар (мұз) суымен қорланатын өзендердің биік сабасы керіciншe шілде кезінде болады.

Сабасы толған кезде су көлемі 5—20 есе өседі, ағыс жылдамдығы су деңгейi төмен кезде жазықтардың iрі өзендеріңде ceкундінe 1-1,5 м (сағатына 3- 5 км), таулы өлкелерде 3—5 м (сағатына 15- 45 км) шамасында. Өзен арнасының ең терең жерінде ағыс қатты болады да, жағалау және түп беттерінде судың сүйкеліп қақтығысуынан ағыс баяулайды. Өзеннің бойында да оны ылдиы өзгepiп, қайраң, апан тұстарында ағыс жылдамдығы кемиді. Өзен сағасында су ауытқып, теңселіп, құйынша (турбулентті) ағады. Соның салдарынан су ирелендеп, оның барлық массасын түбінен бетіне дейін алмастырады, үгінділерді көтеріп, сүйреп, сыпырып отырады. Өзен суының күшін оның энергиясы (тipi күш) дейді. Ол судың массасы (m) мен ағысының жылдамдығы (v) тікелей байланысты: К=mv2/2 . Неғұрлым ocы екі сан артық болса, соғұрлым өзеннің жұмысы да күшті. Kейінгici: 1) эрозиядан (жырып-кеміру). 2. Эрозия мен үгілуден пайда болған және epiгeн заттарды тасымалдаудан, 3) аккмуляциядан (шөгуден) құралады. Өзеннің тipi күшi К мен ағызған «жүгінің» (Т) арақатынасына байланысты 3 түрлі жай туады:

1) К>Т — эрозия басым болады, бұл жас және жаңғырған таулы өлкеде үстем;

2) К=Т— эрозия мен аккумуляция өзара тең;

3) К<Т — аккумуляция басым,

Осы аралық қатынас өзеннің тұла бойында және мезгіл сайын өзгеріп тұрады.

Эрозия пpoцестepi оның бағыты мен арақатынасы өзен аңғарының даму сатысына байланысты. Эрозия екі түрге бөлінеді: түпкі (тереңдік) эрозия салдарынан ағыс түбін сойып, орып тереңдете түседі, бүйip эрозия салдарынан жағалау бұзылып, аңғар кеңи түседі.

Түпкі эрозия, өзен аңғарының бас жағында тереңдік эрозия басым болады. Тасқын тау жыныстарын бұзып-жарып, өзеннің құятын көл немесе теңіз деңгейіне тепе-теңдік бойлау қимасын жасайды. Өзен құятын бассейннің деңгейінен төмен қарай түпкі эрозия болуға тиic eмес. Содан осы деңгейді қзеннің эрозия базиci деп атайды. Өзеннің бастапқы (жас) кезінде оның аңғары кepi эрозия арқылы эрозия базисінен жоғары қарай қалыптасады.

Әдетте өзен аңғарының бойы үш бөліктен тұрады. Жоғарғы бөлігінде эрозия терендеп және жоғарғы су айырық бетке қарай жылжиды. Өзеннің орта шенінде ағын энергиясы көтерген үгіндіні тасымалдауға жұмсалады. Өзен төменгі тұсында аккумуляция басым болады.

Бүйірлік эрозия. Өзеннің бойлау қимасы жатықталғaн сайын түпкі эрозия біртпідсп баяулайды да бүйір эрозия күшіне кіреді. Өзен арнасының бойында бойлау ағыстан көлденең бағытты ағыстар туады. Олар әуелi су түбіне жетеді де жағаға қарай ұрынады. Содан cу түбі шайылып, үгінді жағаға соғылады. Онын бip шамасы жара бойында шөгеді де арна жиегінде қайрағдар

Түзеді. Өзен суы қайраң жиегіне соқтырып, ағыс жылдамдығы баяулайды да, алдынан кездeceтін кедергіні «сезгендей» олай-бұлай буландап ирелендей бастайды. Арна өз жағасын кеміре береді.

Тасымалдау (транспортировка). Өзен ағыны жол-жөнекей бұзылған жыныстар түйіршіктерін төмен тасымалдайды. Бұл құбылыс үш турлі болады: 1) су түбінен сүйретіп, сыру; 2) суда қалықтаған лай; 3) судағы epi-тінді түрінде. Жыл сайын барлық өзендер арқылы 1 млн тонна үгінді сырылып қалықтау жолымен 12,7 млн тон­на, epiтіндi ретінде 3,6 млн тонна тасымалдайды. Түбінен сырылған және оған ерген лайды өзеннің қатты ағыны деп атайды. Бұл сан өте аумақты. Мысалы, Амударния өзенінің қатты ағыны жылына 570 млн тон­на. Еділдікі— 43 млн тонна лай ағызады. Өзен түбінен сүйретілген кесек түйiршiктер диірмен тасындағыдай түбін тағы да жыртып, кeмipiп, түпкі эрозияны күшейте түседі. Олардың өзі де сынып, қажалып, жумырланып, малта тасқа, жұмыр қиыршыққа, құмға айналады. Түптен ысырылып тасылмалданатын кесектердің массасы ағын жылдамдығының алтыншы дәрежесіне тең. Сондықтан да кесектердің көлемі тау өзендері мен жазық өзендерінде әр түрлі. Дөңбек тасты тасымалдау үшін ағыс жылдамдығы 4,87 м/с, малта үшін — 1,62 м/с, ipi құм үшін— 0,21 м/с-ге жетуі қажет. Тау өзендерінің аңғарында шөгінділер көбінесе малта — кейде дөңбектастардан тұрады. Жазықтықтағы өзен аңғарында құм жинағы басым келеді.

Ерітінді ретінде өзен суына әр түрлі карбонаттар (60%), содан соң кремнийлі тотықтар, шамалы ғана темір, марганецтің сулы тотықтары кіреді.Жақсы epiгiш сульфатты және хлорлы тұздар қуаң климатты өлкелердің суында басым.



Аккумуляция (шөгінді).Өзен ағымының бастапқы эрозиясы басым сатысында-ақ оның аңғарының кейбір тұстарында үгінділер шөге бастайды. Тасқын кезінде су молайып, ағын ескен шақтарда үгінділер -қайтадан ысырылып, төмен көшеді.Өзеннің бойлау қимасы жатықталып, аңғары кеңи түскен кезде оның арна жиектерінде енді аумай-көшпей орнында қалатын шөгінділер жиналады. Keйінгілері әуелі аңғардың төменгі тұсында шоғырланады да өзеннің бойлау қимасы тегістелген сайын орта шенінде де үйіледі. Өзен аңғарында үйілген ағын шөгінділердің жинағын аллювиалдық ш ө г i н д i л е р немесе қысқаша а л л ю в и и (латынша «аллювио» —үйінді,салынды деп атайды.Олар ipiлi-ұсақты, әр түрлі іріктеліп, жумырланған кесек жыныстардан тұрады.

Өзен аңғарлары.Өзен аңғарларының даму жолында онын морфологиясына сай бірнеше және 6ipiздi сатыларын байқауға болады.Бірінші сатысы түпкі эрозия басым кезіеде болады да оны жас шаңы деп атайды.Ол кезде арна бойында кайраң, табалдырық,сатылар, саркырамалары бар тік таулы аймақтарда өтеді. Бұл тұста ағыс күшті болған соң терең аңғарлар түзіледі.Көлденең қимасының пішініне қарай олар бірнеше түрге бөлінеді. Шаттар (қапшaғайлар) —қысталан терең, тік жақ бетті аңғарлар. Каньондар деп терең,тік бетті,көлденең қимасы латынның V әрпіне ұқсас шатқалдарды айтады. Қаттылығы, беріктігі әртүрлі, оның үстіне жазық бағытта қабаттасқан жыныстарды су сойып өткен жағдайда ондай аңғарлардың беті жағы сатыша кемерленіп жаралады: денудациядан беттері тегістелген қатты жыныстардың беттерінде террасаға ұқсас жазық алаңшықтар пайда болады да кемерінде тік жарлар құрайды.

Кейінгі сатыда аңғардбүйірлік эрозия күшейе түседі,ағыс бір беттен екінші бетке аушақшып,өзен ирелеңдей түседі.Содан келіп өзен ойымдары (меандралары) пайда болады. Ағыс инерциясымен түзу бағытта ағуға тырмасады,ал арнасының бағыты өзгерген кезде су жарқабақтың ойыс бетіне қарай сусып, жылдамдығы артады.Содан арна тереңдей түсіп,жаға кеміріліп, тік жарға айналады да ол жыл сайын құлап,сыртқа шегіне береді,аңғар кеңи түcеді.Су бетіне қарай құлайды да,әуелі ойыс бетке қарай ығысады,сол жерде су иірімделіп келе қарсы дөңес бетке ұрады. Ағыс қатты тұстан су көтерген құм, қиыршық-малта тастар енді осы дөңес бет шенінде үйіледі. Сөйтіп, су жағалық қайраң, жал түзіледі. Қайраңның ұзындығы мен ені өсе келе, ол тек тасқын кезінде ғана ағынға көміліп,су сабасына келгенде құрғап, ең төменгі кемер құрайды. Осыны жайылма террасасы деп атайды. Жайылма түзілген кезде өзен аңғарының көлденең қимасы түбі жазық жәшік пішінді болады да өзен дамуының бұл сатысын толысқан кезі дейді.Өзен иірімдері аңғардың төменгі бойында да түзіледі, ойдымдардың иіндігі арта түседі.Тасқын кезінде екі иірімнің қылтасын су жарып кетеді де арнасы түзіледі, иірімі шетте жеке-жеке ойдым апандарғы-қобыларға (старица) бөлініп қалады .Үлкендері көлге айналады де оның түбіне лай-балшық шөгеді,өзін шөп,бұта басып кетеді,кішігірімдері жаз бойы құрғап, орнында иінді апан қалады.





6-4-сурет, Өзен қобыларының біртіндеп ығысуының ықшам сызбасы(а,б)

А — бастапқы сатысы кезекті сатыларда біртіндеп ығысуы,Б-ойдымның түзілуі


Өзендердің аңғарының кеңеюіне және жаға беттерінің асимметриялық қимасы түзілуіне жер шарының өз бетімен айналуы да ықпал жасайды. Орыс ғалымы К. М. Бэр солтүсік жартышарда бойлық бағытта ағатын өзендердің (Еділ, Енесай, Ертіс, т. б.) оң жағасы кашанда болса биік, жарлы, ал қарсы жиегі төмен ойпат болатынын байқаған. Оңтүстік жартышарда, керісінше, өзеннің сол жағасы биік жарлы, оң жағасы ойпаң болады.Аңғардың осылайша жаралуы жердің тәулік айналуының ықпалынан: жер бетіндегі жазық бағытта қозғалған дене (су) солтүстік жартышарда оңға ұрынады,оңтүстік жартышарда солға ығысады: экваторда ол күш нөлге тең. Содан жазықпен аққан су 6ip жағына сусып, арнасып жырып отырады.Әрине, кейде аңғар асимметриясы басқа себептерден де туады: ағын өткен жердің кұрамы, олардың эрозияға төзімділігі, қыртыс кұрылысы, жер қабығының көтерілуі, кейбір климат жағдайы т. б.

Аллювий және жайылманың құрылысы. Аллювий — құрлықтағы шөгінділердің ең 6ip маңызды түрі. Ол өткен барлық дәуірлерде кездеседі, дегенмен ең кейінгі төрттік кезең қабаттарындағы оның орны тіпті басқаша.Төрттік кезеңде аллювий аумақты жазықтар, өзен террасаларын түзеді. Өзен арнасының түбіндегі шөгіндіні арна аллювийі дейді.Жазық аймақта ол негізінде қоқыстан шайылған кұмнан тұрады. Оның табанында түйірлігі әр түрлі құмға қосымша малта, қиыршық тастар,өсімдіктердің үзіліп-жыртылған қалдықтары кездеседі. Одан жоғары көлбеу бағытта қабаттасқан, 6ip жаққа қарай еңкіш ұсақ құм және кұмайт шөгінділер жатады. Арасында су сабасына түскенде жаралған лайлы құмайт линзалары кездесуі мүмкін. Жазғытұрымғы тасқын жайылма бетіне тегіс тарап, оның бетінде ағыс өте баяу болатындықтан құмайт (алеврит), балшық-саз шөгеді. Олардың арасында көптеген өсімдік қалдықтары, қала берсе, шымтезск линзалары кездеседі. Қабаттасуы шамалы жатық толқын тәрізді болып келеді. Оның үстіне өзен сабасына түскенде жайылма бетінде топырақ, өсімдік тамырының іздері қалады. Осындай шөгіндіні жайылма аллювийі дейді.

Аллювийдің қалындығы ағынның ең төменгі және жоғарғы cағасының биіктігімен өлшенеді. Жазық далада оның қалыңдығы 10—15 метрден 30 метрге жетеді. Аллювийдің тік қимасынан арналық, жайылмалық түрлерінің бірнеше рет алмасып тұратынын көреміз.Тауқыратты аймақтарда ағынның күштілігінен болғандықтан арна аллювийі басым болады да ол су сүйреткен ipi кесектерден (деңбек, малтатас) тұрады. Жайылма шөгінділері жоққа тән, ол тек өзен арнасы 6ip себептен кеңіген тұста ғана түзіледі. Жайылма бетін жиі-жиі бүйірінен құйған ысырынды конустың пролювий шөгінділері басады.

Жайылма бетінің бедерінен үш геоморфологиялық элемент байқалады; I) Арна үймесі оның жиек шетінде түзіліп, негізінде кұмнан тұрады.Үйіндісі жайылма бетінен биік. 2) Жайылманың орталық беті —eң кең тұсы. Беті әр түрлі апан-ойдымдармен жықпылданған.Құмдақ жыныстарын жел көтеріп,бетінде эол дөңдері де пайда болады. 3. Терраса кемерінің табанындағы тұсы. Арнадан алыс болғандықтан оның бетіне ең майда, жұқа Құмайт-лай аллювий шөгеді. Көбінесе бұл тұс— көне арна апандары. Сол себептен шалшық, батпаҚ, бұлақ жайлайды. Кейінгісі биік террасадан шыққан жерасты суларының көзінен туады.

3. Жер асты суларының геологиялық әрекеті. Пайда болуына байланысты жерасты суларын бipнeше типтерге бөледі:

I)Инфильтрациялық су атмосфера ылғалының су өлкізгіш қабатқа сіңуінен түзіледі. Оның осылайша жаралуының дәлелі мол жауын-шашын немесе қар суынан кейін құдықтардағы су деңгей көтеріліп, құрғақ маусымда (жылда) деңгейінің төмендеуі.

2)Конденсaциялық (қоюлану) су ауадағы будың жердей жыныс қуыстарында, жарықтарында шық тәрізді қоюлануынан түзіледі. Бұл құбылыс әcipeсе жауын-шашыны кем, ал булану артық шөлде байқалады. Жыныс ауадан гүpi тез салқындайды да бу оның бетінде қоюлана түседі. Содан құмның төменгі қабатындағы ащы грунт үстінде тұщы су линзасы қалкып тұрады. Малшылар құм жиегінен кішігірім құдық қазып, сол тұщы линзаны пайдалана біледі.

3)Седиментациялық (латынша «седиментум»—тұндырма, шөгінді) судың жыныс шөккен кезде арасына ciңiп қалған теңіз суын айтады. Жыныс талай өзгеркке түскен кезде ішідегі су да өзгереді. Өйткені ол жыныспен қоса үстінен жаңа шөгінділермен көміп, жоғары температура мен қысымға және жыныс тығыздалып, су алмасуы қиындайды. Сондықтан ондай суды кеміген су деп те атайды. Айтылган үш топтың суын біріктіріп, вадозды (латынша «вадере»— шарлау, кезу) сулар деп атайды.

4) Ювенилi (латынша «ювенилис» - балғын) деп магмадан бөлініп шыккан суды айтады. Магмадан бөлінген су буы терен тектоникалық жарықшақтарды бойлап жоғары көтерілген кезде қоюланып, ыссы газдар мен өзгеше түрлі қосындыларға бай суға айналады. Ол жол-жөнекей вадозды сулармен де қосылады.

Жер асты суларының типтері. Жер қабығындағы жағдайына байлайысты жерасты сулары арынсыз (беті ашық) және арынды (артезианды) топтарға бөлінеді. Арынсыздарын қалқыма (верхо-водка), грунт, пласт аралық топтарға бөледі.

Қалқыма су ауа жететін аздаған терендікте жауын-шашынның жерге сіңуінен түзіледі. Расында ол су ciңipгiш шөгінділердің линзасында (балшық арасындағы құмдақ, қиыршық) уақытша толысқан, аумағы шамалы су. Оған қанық қабаттың қалыңдығы 0,5 метрден 2-3 метрге жетеді. Қалыңдығы мен су мөлшері жазғытұрым қар ерігенде және күзгі жауын-шашын кезінде өсіп, жаз және құрғақ жылдары суы азайып, тіпті құрғап қалады. Қалқыма суды ауылды мекендерде ауыз су ретінде пайдаға асырады.

Грунт сулары кең тараған. Олар жер бетінен төмен қарай алғанда ең бірінші су сіңіргіш қабатта іркіледі.Су жинайтын аудан қопсық немесе жарықшақ және қуысты шөгінділер тараған жерден басталады. Грунт суының жоғарғы деңгейін(айнасын) және астындағы су сіңірмейтін төсемесін айырады. Су шыланған шөгіндіні сулы горизонт(қабат) дейді. Оның қалыңдығын грунт суының айнасынан бастап су өткізбейтін табанына дейінгі аралықпен өлшейді. Бұл сан грунт суының жол бойында табанының ой-қырына және атмосфералық ылғалдың аз-көптігіне байланысты өзгеріп отырады. Грунт суының беті ашық, арынсыз. Ол жер бедеріне сай, соны қайталап, төмен қарай жылжиды. Жердің тарту күшіне байланысты жыра, сай, өзен, көл, теңізге қарай аққан грунт суы олардың кемерлі беттерінде тума-бұлақ ретінде жер үстіне шығады. Осындай жерді жер асты суының суағар немесе французша дренаж аймағы дейді.

Ағыс жылдамдығы жыныстың су өткізгіштік қабілеті мен айна бетінің ылдилығына байланысты.Субетінің еңкіштігін оның қысымы градиенті (сатысы) деп атайды.

Грунт суының деңгейі, көлемі сапасы аймақтың ауа райына, алдымен жауын-шашын мөлшеріне тәуелді.Жауын-шашын мол болған жылдары су деңгейі көтеріледі де, құрғақ жылдары төмен түсіп тереңдейді. Осыған байланысты грунт суының дебиті (французша«дебит»-өнім)мен химиялық құрамы да өзгеріп тұрады.

Табиғи жағдайларды грунт суы мен көл-өзен және басқадай су қоймалары арасында гридавликалық байланыс болады.Ылғал мол климатты аймақтарда грунт сулары өзен-көлге қарай ағады да деңгейі соларға қарай еңкіш келеді.Өзен тасығанда оның жағалауынан су жынысқа сіңіп, грунт суының днңгейі қарсы бағытқа (өзенне кері) көлбейді.Өзен сабасына түскен соң еңкіштігі қайта қалпына келеді.Қай жағдайда, қай жерде болсын грунт суынын деңгейінің биіктігін біліп отырудың маңызы зор. Сол үшін құдықтардың, скважиналардың су деңгейін жүйелі түрде өлшеп, оның биіктігін көрсететін арнаулы гидроизогипс (грекше «изос»-тең, «гипсос»-биіктік) карталары жасалады. Елді сумен жабдықтау, жер суару, әр түрлі бөгеттер салу үшін грунт суларының режимін білудің маңызы зор. Барлық жағдайда жерасты суларының режимінің өзгеруін дәл болжау қажет. Ол үшін біздің елде грунт суының деңгейінің, температурасының, химиялық құрамының, шығымының, ауа райы мен жер беті суларының деңгейін ұқыптап, ретті түрде бағалап отыратын гидрогеологиялық режимді станциялар жүйесі жұмыс атқарады.

Пластаралық арынзыз судың грунт суынан айырмасы олар екі су өткізбейтін қабат арасында орналасады да көбінесе жер бедері ой-қырға жырымдалған аймақтарда пайда болады.Олар қашан да болсын ағысты келеді.

Арынды, немесе артезиян сулары да пласт аралық суға жатады. Бірақ, кең аймаққа жайылып, жергілікті өзен, сай түбінен төмен орналасады. Артезиан деген сөз Францияның ықылым Артезия деген өлкесінің көне есімінен қалған. Бұл жерде Еуропада алғаш рет құдық арқылы өздігінен төгіліп тұрған қысымды суды пайдаланған екен.

Арынды су қалыптасуына жер қыртысының атасу сияқты төмен иінді құрамдары тым қолайлы. Олар артезиян бассейындерін құрайды.Бұлар үш аймаққа бөлінеді: 1)су жинайтын, 2)су ағатын 3)ағынды.

Су жинайтын аймақ деп су сіңіргіш қабаттың ең биік жер үстіне шыққан тұсын айтады. Ол тұста жауын-шашын су өткізгіш қабатқа сіңеді де бассейннің орта шеніне қарай пласты бойлап төмен ағады, сөйтіп су сіңіргіш қабатты толтырып, геростатикалық қысым түзеді.

Су төгетін немесе дренажды деп су жинайтын ауданнан гипсометрлік биіктігі төмен, су бетке шығатын тұсын айтады. Екеуінің арасында арыны қалыптасатын ең кең аймағы орналасады. Су деңгейінің биіктігі мен қысым күші жинау және төгілу аудандарының биіктігіне тәуелді. Егер қимасынан кейінгі екі деңгейін түзу жазық сызықпен қоссақ, сонда судың қаншалық шапшың көтерілетін биіктігін көреміз. Арынның осы деңгейін пьезометрлік (грекше «пиезо»-қысамын) деңгей дейді де ол биіктік метрмен өлшенеді. Егер пьезометрлік деңгей жер бетінен жоғары болса су құдық, скважинадан шапшын төгіледі.

Артезиан бассейні деп белгілі бір геологиялық құрылымға (ойысқа) жайылған, асты-үстіне су өткізбейтін қабаттармен қапталған су сіңген қабатты айтады. Оның ауданы жүздеген, мыңдаған шаршы км жетеді де ең кеңдері жазық аймақта орын тебеді. Мысал ретінде Қазақстан аумағындағы Қызылқұм, Мойынқұм, Арал-Каспий, Торғай, Зайсан, Іле т.б. бассейндерін атауға болады. Қазақстан өлкелеріндегі артезиян алаптарындағы жерасты суының қоры 7 триллион текше метрге тең( Балқаш көлінің су қорынан 17 есе артық).

Жер асты суларының химиялық құрамы. Жерасты суларының құрамы судың жаралу тегіне, оның алмасу жағдайына және қоршауындағы тау жыныстары мен өзара әрекеттеріне байланысты.Жерасты суы аққан жолында жыныстар арасын ерітіп, тұзға қанығады. Еріген заттардың көлеміне қарай тұщы, ащы, тіпті тұзды болады.

Еріген тұздардың жалпы мөлшерін оның жалпы минералдануы дейді де оны бір литр судағы грамм немесе миллиграмм (г/л, мг/л) өлшемімен көрсетеді.Жер асты суларының химиялық топтарын еріген басты аниондар мен катиондар мөлшерімен және олардың үйлесу қатынастарынан белгілейді. Суда аниондардан HCO3-,SO4 - - ,CL-, Катиондардан Ca++,Mg++,Na+ көп тараған. Солардың үйлесу қатынасына судың сілтілігі, ащылығы, кермектігі сияқты негізгі қасиеттері байланысты. Аниондарға қарай суды үш класқа ажыратады: 1)гидрокарбонатты, 2)сульфатты, 3)хлоридті және осылардың күрделі аралас түрлері: гидрокарбонат-сульфатты, сульфат-хлоридті т.б.Катиондарының ара қатынастарына сай бұлардың әрқайсысы натрийлі, калцийлі, магнийлі немесе аралас магний – кальцийлі, кальций натрийлі, кальций-магний –натрийлі т.б. түрлеріне бөлінеді.

Жерасты сулары минералдануының күшеюі мен құрамы су ағынының алмасуына, әр түрлі температура мен қысымға сай жыныс қабаттарымен өзара әрекеттеріне байланысты. Минералдануы күшті терең су қабаттарында аниондар мен катиондарға қосымша бор, бром, йод, литий, радиотиктивті элементтер, газдар кездеседі. Олар әсіресе мұнай мен газ кендерінде көп кездеседі де өздерін өндірістік мөлшерінде бөліп алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет