1.Палеомагниттік шкала.Геология —тарихи ғылым, сондықтан оның негізгі мақсаттарының бірі— Жердің тарихын кезеңдерге жүйелеп, өткенді қайтадан қалыптастыру. Ал өткен геологиялық заман тарихының жалғыз ғана құжаты жыныс қабаттары. Кейінгілерінің кезектес жүйелерін, бір-бірімен арақатынастарын зерттейтін геология ілімінің саласын стртиграфия (латынша «стратум» — қабат) деп атайды. Бұл табиғаттың ұлы кітабы —жыныс қабаттарының қайсысы астында, қайсысы орта шенінде, ал қандайы үстінде екенін анықтап және құрамына қарай, ол қабаттарды бір жерден келесі аймақка қуалап, жалғастырып отыруға мүмкіндік береді. Тay жыныстарының қабатталу зандылығын 1669 жылы Николаус Стено көрсеткен еді. Ол зандылық — төмен жатқан қабаттың жасы кері, керісінше, үстіңгі қабат астындағысынан гөрі жас. Сөйтіп, жыныс қабаттарының салыстырмалы (жас, көне) жасын айырамыз да бұл тәсілдерді салыстырмалы стратиграфия дейміз.
Шөгінді жыныстар ішінен өсімдіктер мен жан-жануарлардын тасқа айналған қалдықтаран табуға болады. Ал Ч. Дарвиниің эволюциялық іліміне сәйкес геологиялық тарихти организмдер өзінің күнелту күресі жолында үнемі дамып, жетіліп отырады. Кейбір организмдер тобы жер тарихының бір кезеңдерінде біржола өшіп, керісінше, жетілген басқа топтары өніп-өркендей бастаған. Ендеше өшкен флоралар (өсімдік дүниесі) мен мақлұқаттар (фауна) қалдықтарына қарап, оларды жүйелей келе жыныс қабаттарының салыстырмалы жасын анықтауға болады. Осы тәсіл палеонтологиялық (грекше «палеос» — көне, ықылым, «онтос»— тірі жан, «логос» — ілім) не биостратиграфиялық әдіс деп аталады. Әдісті алғаш рет XVIII ғасырдың басында ағылшын инженері В. Смит ұсынды да, кейінірек әйгілі ғұламалар Ж. Кювье мен А. Броньяр дамытты. Әзірше бұл тәсіл салыстырмалы геохронологиялық негізгі әдісі.
Сөйтіп, өсімдіктер мен жан-жануарлардың қалдықтарын жинастырып жүйелей- жіктей келе шөгінді (кейде вулкандық) жыныстардың кейінгі 700 млн жылда қалыптасқан салыстырмалы жасы анықталады. Палеонтологиялык әдісті қолданғанда организмдер тобының барлығы бірдей жарай бермейді. Ол үшін, біріншіден, организм топтары геологиялық тарихта шамалы мерзімде ғана өсіп-өрбіп-өшуі керек; екіншіден, ондай топтар барлық мұхит-теңіздерде немесе құрлықтарда кең жайылуы керек. Осы талаптарға сай келетін топтарды жетекші қалдықтар деп атайды. Мысалы, теңіз шөгінділері ішіндегі ең жетекшілсрі — граптолиттер, иінаяқтылар, басаяқты моллюскалар, құрлық шөгінділер үшін динозаврлар, құстар, адамзат тіршілігінің тобы. Салыстырмалы жылнама жасау үшін микрооргонизмдердің және өсімдіктердін спорасы мен тозаңдарының маңызы зор. Өйткені олар жыныстың кішкентай сынықтарынан да табыла кетеді.
Сонымен геологиялық замандардың жалғыз ғана құжаты — жыныс қабаттары. Алдымен соларды жіктеп,әр тізбегіне ірілерінен ұсақтарға (ірісінің бөлшектеріне) бағынышты келесі аттар қойылған: эратема (т о п) —жүйе — бөлім — ярус; былайша айтқанда, ірі топтардың әрқайсысы жүйелерге, олар бөлімдерге, кейінгілер ярустарға жіктеледі. Екінші тұрғыдан терілген қабат бөлшектерінің әркайсысына саймасай олардың жаралған мезгілдері қажет. Сондықтан оларға дәлмедәл мезгілдік (хронологиялық) терминдер қолданылады: эратема — эра, жүйе — кезең, бөлім —дәуіp, ярус — ғасыp. Бұл жерде ешқандай қайшылық жоқ. Оны кеңістік пен уақыттың өзара байланысының заңдылығы деп түсіну жөн. Тек мезгіл (уақыт) туралы сөз болғанда терминдердің екіншілері (эра, кезен, дәуір,ғасыр) қолданылады да, қабаттар жөнінде әңгімелесек,бірінші реттердегілері пайдаланылады. Осыны ұмытпай дұрыс қолдану керек.
Жер тарихын ірі-ірі бес эраға (эратемаға) бөледі. Олар: архей, протерозой, палеозой, мезозой, кайнозой. Атаулары жан-жануарлардың (грекше «зоон» — мақлұқат, тірі жан) даму сатыларына лайықты берілген: грекше — «архайос» — көне, ежелгі; «протос»— бірінші, алғашқы; «палеос» — байырғы; «мезо» — ортаңғы, аралығы «койнос» — жаңа. Архей мен протерозой эралары біріктіріп, докембрий (кейде допалеозой, криптозой) зоны деп атайды. Өмірдік нақтылы қалдықтары табылатын палеозой, мезозой, кайнозой эраларын біріктіріп, фанерозом (грекше «фанерос»— анық, айқын) зоны деп атайды.
Пермь жүйесі (кезені) таскөмір кезеңінен жас, триас кезеңінен көне деген ұғым; төменгі таскөмір дәуірі орта, не жоғары тас-көмір дәуірінен ерте деген сөз. Геохронологиялық шкаланың негізгі бөлімдері 1881 жылы Италияның Болонья қаласында II халықаралық геологиялық конгресте бекітілді. Шкала бойынша архей эрасы екіге бөлінеді: көне (3,5 млрд. жылдан әрі) және кейінгі. Протерозой эрасы да осылайша екіге бөлінеді де, жоғары бөлігін рифей мен венд кезеңіне жіктейді.
Кезеңдерге көбінесе алғашқы рет оның жыныстар жүйесі табылып, толық егжей-тегжейлеп зерттелген жердің атын кояды немесе сол өлкенің көне тұрған тайпаларының есімімем аталады. Мысалы, Пермь облысы (губерннясы), ордовиктер мек силур тайпалары. Таскөмір мен бор жүйелері арасында көзге көп ілінген жыныстар атымен аталады.
Фанерозой эрасына 12 кезең (жүйе) кіреді. Олардың индексі (символы) атының латынша жазылуынын бірінші әрпінен тұрады. Жүйелердің жынысын картадан тез ыңғаймен оқу (тану) үшін олардың әрқайсысының шартты бояулары бар.Әр кезең (жүйе) әрі қарай екі не үш (төменгі, орта, жоғарғы) дәуірге (бөлімге) бөлінеді де олардың индексіне өзінің кезек таңбасының төменгі тұсынан 1, 2, 3 цифрлары қосылып жазылады. Мысалы, төменгі пермь дәуірі —Р , жоғарғы дәуірі — Р2 немесе төменгі тас-көмір (Сі), орта таскөмір (С2), жоғарғы таскөмір (Сз) дәуірлері (бөлімдері). Кейінгілердің бояуы оларды біріктіретін кездер бояуымен белгіленеді. Тек төменгі бөлімін қою, жоғарғысын бозғылт қылып бояйды.
Келесі, одан да кіші геохронологиялық (стратиграфиялық) бөлшектерді ғасыр немесе ярус деп атайды да, олардың әрқайсысына жергілікті жағрафиялық ат қойылады. Мысалы, жоғарғы кембрий бөлімі біздін Қаратаудағы жер есімдерімен аюсоққан, ақсай, сондай-ақ тайпа атымен сақ, қазақ ярустарына (ғасырларына) жіктеледі. Бояу принципі айтылғанға сай, таңбалары бөлім индексінің төменгі оң жақ тұсынан латынша жазылуының бірінші әрпінен (кейде 2 әріптен) құралады; мысалы, {3S — жоғарғы кембрийдің сақ ярусы.
Жердің магнит полюстарының бағыты мен күшінің геологиялық тарихта ауытқып тұратыны жөнінде жоғарыда сөз болған. Магнит өрісі полярлық жайының өзгеруі жыныс ішінде «жазылып», «есінде» сақталып қалады. Полюстер бағытының айну кезеңдерін жүйелей келе палеомагниттік шкала да жасалады. Ол стратиграфиялық шкалаға қосымша көмекші ретінде, әсіресе мұхит түбіндегі магмалық жыныс-тарды жасына қарай жіктеу үшін қолданылады.
2. Абсолюттік жылнама деп жыныстардың жасын бәрімізге дағдылы астрономиялы өлшеммен — жылмен салауды айтады. Абсолюттік жылнама алдымен жыныстың, минералдың жаралған немесе олардың метаморфтік өзгеріске ұшыраған мезгілін анықтайды.
Абсолюттік жылнаманы анықтаудың да бірнеше тәсілі бар. Солардың ішінде ең дұрысы, дәлі, тура мәңгілік сағаттай жүріп тұратын тәсілі табиғи радиоактивтік ыдырау құбылысына негізделген. Бұл әдіс әсіресе магмалық және метаморфтік жыныстардың жасын анықтаудың өте бағалысы.Элементтердің химнялық қасиеттері бірдей болғанымен атомдық массалары өзгеше түрлерін элементтердің изотиптары деп атайды.
Минерал пайда болғаннан бастап ыдырау процесі үнемі жүріп тұрады және ыдырау жылдамдығы бір қалыпты тұрақты сан. Аналық изотоптың тек жартысының ыдырау мерзімін жартылай ыдырау кезеңі деп атайды. Ол сан кестеде берілді. Оларға заттық концентрацнясы, қысым, температура — ешқайсысы ыкпалын жүргізе алмайды. Яғни радиоактивтік ыдырау жанартау өңешіндегі балқыған лава ішінде де, полюстің қатты аязында да, мұхиттың тұңғиық түнегінде де, мың батпан тас қысымында да біркелкі жүріп түрады. Сондықтан да гелогтар радиоактивті тәсілді «геологиялық сағат» деп келістіреді де абсолюттік жылнама деп атайды. Айта кету керек, көп элементтердің ыдырау мерзімі жердің тарихындай өте ұзақ. Ірі құбылысқа ұзақ өлшем де керек.
Бұл жайдан алғанда да радиоактивтік жыл санау тиімді-ақ. Зерттеуге қай элементтің радиоактивтік изотопы мен оның туындысын алғанымызға байланысты радиоактивтік әдіс уран —қорғасын, калий —аргон, радиоактивтік көміртек, қорғасын-қорғасын т. б. аталады.
Жер қабығының барлық 4,0—4,5 млрд жасын кәдімгі күнтізбекті бір жылға теңесек, сонда:
— архей мен протерозой эралары 30 қыркүйекке шейін созылған болады;
— жер үстінде тіршілік мамыр айының басында пайда болды;
— палеозой екі айға (қараша, қазан) тен;
— мезозой желтоқсанның бастапқы үш аптасымен, кайнозой оның ақырғы аптасымен өлшенеді;
— төрттік кезеңі ақырғы бір тәулікке де жетпейді;
— адамзат 31 желтоқсан күні кешкі сағат 8-де пайда болған;
— адам қауымының барлық заттық мәдениетінің тарихы жаңа жыл алдындағы құттықтау айтылатын 5 минутке тең.
Салыстырмалы геохронология мен абсолюттік жылнаманың қалыптасуының apaсында 150 жыл шамалы уақыт жатыр. Ал палеозой эрасынан бастап кезендердің ұзақтығын салыстырсақ (төрттік кезеңін былай қойғанда), орта есеппен 50 млн жыл саны көзге түседі. Ендеше тәуелсіз туған салыстырмалы жылнаманың «жаны бар», оның негізгі табан-тірегі дұрыс деген ұйғарым туады.
3. Геологиялық кезеңдердің қысқаша сипаттамасы.
Архей эрасы. Архей жыныс қабаттары арасында шөгінді, әсіресе магмалық жыныстар бар. Олардың барлығы дерлік жоғары температура мен қысым кеселінен күшті метаморфизмге ұшыраған. Жыныстары ішінен микроскопта ғана көзге ілінетін балдырлар мен бактериялар табылды. Олардың ең байырғылары Оңтүстік Африкадан табылған, абсолюттік жасы 3,2 млрд. жыл екен. Архей эрасы бұдан 4,5 млрд жыл бұрын басталып, 2,6 млрд жыл бұрын аяқталды.
Протерозой эрасының жыныстары археймем салыстырғанда кемірек метаморфталған және түрлі-түрлі. Қабаттары ішінде балдырлар қалдықтарынан түзілген әктастар, көмір, темір тектес жыныстар бар. Олар сол кезде бактериялардың, көк жасыл балдырлардың кең тарағанының айғағы.
Жоғарғы протерозойды рифей (Орал тауының байырғы атауы) деп атайды, сол кезде балдырлар үдере дамыған. Олардың қалдықтарына қарап рифей қабаттарын уақ бөлшектерғе жіктеуге мүмкіндік болды.
Венд қабаттарының табаны астыңғы жыныстардан ұдайы шалыс жатады. Жыныстары да, организм қалдықтары да әp қилы. Олардьң арасынан радиолярийлер, губкалар, медузалар, таспа құрттар, буынаяқтылар кездеседі. Осыларға қарағанда венд кезеңі протерозойдан палеозойға жақын сияқты. Дегенмен табылған мақлұқаттардың сауыты мен скелеті болмаған, тек жыныс бетінде таңбалары сақталған. Біраз өлкелерде, соның ішінде Жоңғар Алатауында, Қаратауда, Ұлытауда мұзарт шөгінділері—тиллиттер табылды. Ас тұзы мен сульфаттар кездеседі. Ендеше, атмосфера мен гидросфера қалыпқа келіп, қазіргі іспетті климаттық белдеулер болғаны.
Палеозой эрасы. Кембрий кезеңінде скелетті мақлұқаттар — архоциаттар, трйлобиттер, губкалар, иінаяктылар т. б. дүниеге келді, балдырлар кең жайылды. Жетекші жануарлар болған солар арқылы кембрий қабаттарын жіктеп, әр құрлықтардағыларын өзара салыстыра аламыз. Қаратаудағы кембрий қабаттары қазірде жер жүзіне эталон болып, сол жерде геологиялық заказник ашылды. Кембрий кезеңінен бастап Жердің магниттік полюстерінің алмасуы байқалады.Бұл құбылыс та кембрий жыныстарының стратиграфиясын сын құруға жөн береді.
Ордовик кезеңінде құрлықтар едәуір төмен майысып, фанерозой зонындағы теңіздердің ең көп жайылған заманы болды. Сол себептен кезең кезінде теңіз мақлұқаттары мен өсімдік дүниесі басым: трилобиттер мен граптоиттер кемеліне келді, коралдар, моллюскалар кластары тарады, кезең ішінде алғашқы өсімдіктер (пенлофиттер) құрлыққа шықты.
Силур кезеңінде теңіз лала гүлдері өрби түсті, алғашқы омыртқалы жануарлар (балықтар) пайда болды. Бұрынғыша граптолиттер, иінаяқтылар, коралдар кең тарады.
Девон кезеңінде құрлық бой түзеп, теңіздер кейін шегінді. Қайтқан теңіздер жағалауында жалпақ шығанақтар қалып, олардың түбінде эвапориттер шөкті. Климат қуаң тартып, ауқымды аймақтарда қызыл түсті шөгінділер көп тарайды. Осыншама күрделі құбылыстар организм дүниесі де өзгеріске ұшырады. Құрлықта псилофиттер кең өріс алды да, соңынан папоротниктер тарады. Мақлұқаттардан насекомдар, өрмекшілер, құрт шаяндар пайда болды. Кезең бойында балықтар — caуыттылар, саусақ қанаттылар, қос тыныстылар тез дамып, девон кезеңін балықтар «ғасыры» деп атайды. Кейінгілерден жоғарғы девон дәуірінде қос мекенді жануарлар шықты. Теңіз жануарлары силур дәуіріндегідей, тек трилобиттср мен граптолиттердің түрлері кілт азаяды.
Таскөмір кезіңінің ортасынан бастап қатпарлы таулар көтерілді, теңіздер шегінді. Климат жағдайы ылғалды болып, батпақты кең ойпаттар тарады да ну орманды жазықтар үстемдік алды,. Оларда ағаш тәрізді папоротниктер, плаундар, қырықбуындылар, жалаңаш тұқымдылар өсті. Кейінгілерден кезең соңында қылқан жапырақтылар пайда болды, Бауырымен жорғалайтын жануарлар дүниеге келді, шеміршекті, бара келе сүйекті балықтар өрбіді. Кезең бойында граптолиттер, трилобиттер, көне коралдар, сауытты балықтар, псило-фиттер құрып кетті. Бұрынғыдай иінаяқтылар, төрт cәyлелі коралдар, теңіз лала гулдері, қарапайым фораминиферлер отряды теңіздерде үстемдік құрды. Моллюскалар теңізбен қатар құрлықты да жайлады, насекомдар өрбіп, алып имеліктер аспанга ұшты. Таскөмір кезеңінің орта шегінен бастап оңтүстік жартышардағы құрлықтарды қалың мұз басты.
Пермь кезеңінде жер үстінде құрлық үстем болды. Солтүстік жартышарда климат құрғақ болып, әсерінен эвапорпт және қызыл түсті шөгінділер кең аймақтарда тарады. Оңтүстік жартышарда таскөмір кезеңіндегі мұзарттар әрі өріс алды. Пермь кезеңінде тас-көмір кезеңінің мақлұқат-өсімдік дүниесі бұрынғысынша кең жайылды. Теңіздерде фораминиферлер, иінаяқтылар, теңіз лала гүлдері, мүк тәріздестер жетекші орынға шықты, аммониттер отряды дами бастады. Құрлықты аң іспетті рептилиялар жайлап-төстеді. Жоғарғы пермь дәуірінде палеозой эрасына тән барлық организмдер тобы өшіп, құрыды. Олар: коралдардың, мүк тәріздестердің ірі топтары, теңіз лала гүлдері, иінаяқтылар, амфибиялар, өсімдік дүниесінен — ағаш мішіндес папоротниктер, плаундар. Сөйтіп, тірі дүниенін келесі сатысы — мезозой эрасы басталды.
Триас кезеңінде жер үстімде пермдегідей құрлық үстем болды, оның климаты да жылы, құрғақ болды. Мақлұқаттардан теңіздерді басаяқты моллюскалар — аммониттер, қосжақтаулы моллюскалар, алты сәулелі коралдар жайлады. Рептилиялар тез дамып, суға жүзетін түрлері — ихтиозаврлар жаралды. Алғашқы сүтқоректілер пайда болды. Өсімдік дүниесінен жалаңаш тұқымдылар (қарағай, шырша) басым болды. Жерде дұрыс бағытты магнит өрісі тарады.
Юра кезеңі жер тарихындағы теңіз үстем болғaн мерзім деп саналады. Содан келіп климат та жылы, ылғалды болды. Теңіздерде аммонитеттердің, белемниттердің жаңа тұқымдары пайда болды. Бауырымен жорғалайтындар тез өрбіп, алып жыртқыш және шөпқоректі динозаврлар («үрейлі кесірткелер») жайылды. Олардың ұшатын түрлнрі де шығып, кейін солардан тісті құстар жаралды. Құрлықта жалаңаш тұқымдылардың— папоротниктер, гингко, цикада тектестері ну орман құрды.
Бор кезеңінде теңіз шарпуы үстем болып, юра кезеңіндегі жан-жануарлар одан әрі дами түсті. Алты сәулелі коралдар, алып аммониттер, жуан сауытты қос-жақты моллюскалар кемеліне келді, белемниттер, теңіз кірпілері, сүйекті балықтар, фораминиферлар өрбіді. Бұрынғыдай алып динозаврлар жайылды. Кәдімгідей тіссіз құстар пайда болды. Кезеңнің ортасынан бастап гүлді өсімдіктер — шамшат, емен, қайың, тал, лавр, магнолия кездеседі. Енді олардың заманы туады. Бор кезеңінің соңында кенеттен алып рептилиялар, аммониттер, белемниттер, коралдар құрып бітеді. Сүт қоректілер мен гүлді өсімдіктердің заманы кайнозой эрасы туады.
Палеоген кезеңінде жануарлар қауырт өрби бастады. Құрлықта сүт қоректілер үстем: алғашқы жұп және тақ тұяқтылар, маймыл тектілер пайла болды. Кезең соңында ет тұмсықтылар зіл (мамонт), піл мен қал-талылар отрядтары шықты. Мұхит-теңіздерде фораминиферлер, бауыраяқты және қосжақтаулы моллюскалар кең жайылды.
Неоген кезеңінде жас тау жүйелері — Альпі, Карпат, Қырым, Кавказ, Памир, Гималай — шыңданды, Тынық мұхиттың жиегінде жанартаулар бой түзеді. Салдарынан мұхит деңгейі күшті тербелісте болды. Неоген жүйесін саралау үшін ет тұмсықтылардың, аюлардың, иттердің, жылқының, адам тәрізді маймылдардың маңызы зop. Флорасы қазіргіде, олар жылы және салқын климатты топтарға жіктелді.
Төрттік (антропоген) кезеңі әлі аякталған жоқ, қазір де өтіп жатыр. Оның ең бір өзгешелігі— солтүстік жартышарды неше дүркін мұз басканы. Әуелі теңіз деңгейі төмен құлдырап, құрлықтар көлемі ұлғай-ды. Мұз басу кезінде суыққа төзімді, жүндері қалын зілдер, мүйіз тұмсықтар пайда болды. Төрттік кезеңінің ең басты оқиғасы— адамзат пайда болып, оның неше сатыдан өтіп дамуы. Солардың мәдениетінің заттық қалдықтарына сүйеніп, төрттік жүйесі стратиграфиялық тұрғы-
дан жіктеледі. Геологияның жылнамалық шкаласының маңызы өте зор, ол Жердің ұзақ тарихындағы барлық болған-өткен оқиғалардың кезегін саралауға мүмкіндік беретін негізгі өзегі. Геологиялық зерттеулер алдымен стратиграфиядан басталады.
Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:
1. Абсолюттік жылнама не үшін қажет.
2. Геологиялық кезеңдерді атап беріңдер?
Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4.
№5дәріс Жердің сыртқы( экзогендік) динамикасы.
Мақсаты: Жердің сыртқы (экзогендік) динамикасымен таныстыру.
Жоспар:
-
Желдің геологиялық әрекеті.
-
Жер бетінің ағын суларының геологиялық жұмысы.
-
Жер асты суларының геологиялық әрекеті.
-
Мұздық пен мұз суының геологиялық жұмысы жер бедерінің құруы.
№5 дәрістің конспектісі
Жердің сыртқы (экзогендік) динамикасы.
Жер тарихындағы барлық өзгерістер екі түрлі күш әсерінен туған. Ішкі күштер жинағын эндогендік, сыртқы динамиканы экзогендік деп жинастырады. Олар, әрине, қашанда болса бір-біріне ықпалын тигізіп отырады да ішкі күштердің әрекеті өктем орын алады.
Эндогендік процестер әсері— жер қойнауына магмалы заттар мен су буы және газдардын кіруі, жер қабығының пішіні мен құрылымының өзгеруі, жер бедерінің өзгеруі. Тау жыныстары жер бетіне шықкан кезде тереңдегі қыртыстардан тым басқаша физикалық-химиялық жағдайға ұшырайды да әр түрлі факторлардың әсерінен бұзылып, шайылып, көшеді, қайта шөгеді. Осы өзгерістердің жинағын денудация (латынша «денударе» — ашылу, жалаңаштану) деп біріктіреді.
1. Желдің геологиялық әрекеті.
Ежелгі гректер жел құдіретін Эол деп атаған, сондықтан желдің геологиялық жұмысын эол әcepi дейді. Ол ысқырғaн ауа толқынының тау жыныстарына көрсеткен күш-кимылына байланысты. Содан жыныстар бұзылады, үгіледі, құз беттеpi мүжіліп, тегістеліп, қашаланады. Пайда болған үгінді желмен көтеріліп, бip жерден келесі жерге ауып көшеді де жел басыла келе жер бетіне үйіледі.Эолдык әсер желдің типі мен жылдамдығына бағы
нышты. Ауа массасы көбінесе жердің бетін жағалай соғады. Жел күші мен «кылығы» ақылға сыймайды десек те болады. Бірнеше мысалдар айта кетейік. Құйын тұрғанда ол тауықтардың жүнін, жастықтың тысын көз ашып жұмғанша жұлып әкетеді, орманды, үйлерді кұлатып, көліктерді аударып кетеді. 1904 жылы Мәскеу қаласының үстінен өткен құйын бірнеше секунд арасында өзеннің 120 000 тонна суын «қылқып алып» өзен түбі сәл шақ құрғап қалыпты. 1953 жылы тамыз айында Ростов қаласының үстінен өткен құйын ғасырлар бойы аман тұрған Кремльдің төбесін қиратып, маңындағы Неро көлінің 10 млн тонна суын «жұтып» кеткен. Құйын өзі сорып алған құм, шаңмен қоса барлық заттарды 10— 13 м/с жылдамдықпен көтеріп әкетіп, оларды ондаған километр алысқа апарып тастайды. Сонан соң көмбеден аршылған теңгелер, судан сорылған балықтар мен бақалар, қираған асханадан «қымкырылған» шұжықтар (Австралия, 1989 жылғы ақпан) аспаннан жерге жауып, көрген жұртты таңқалдырады.
Тозаң құрамына карай дауыл қара, коныр, сарғылт, қызыл, қала берсе ақ та болады. 1992 жылы Жамбыл облысының Байқадам ауылында аспаннан қызыл шаң жауған. Keйбip дауылды жел үнемі 6ip бағытта, 6ip мезгілде соғады. Мысалы, Сахарада туатын хамсин солтүстік бағытта тура 50 күн үрлейді. Оңтүстік Ауған шөлінен теріскейге соғатын «aуған» желі 40 тәулік iшінде 1—3 кун аялдамамен гуілдейді. Eбi дүлей желі Жонғар қақпасын бойлап, оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай 3-7 тәулікке шейін соғады; жалпы алғанда 70— 100 күнге созылып, жылдамдығы 60—80 м/с жетеді. Ебi қазан-ақпан айларында нығайып, жаз бойы саябырлайды. Eбi желі туралы тұңғыш ғылыми деректі Шоқан Уәлиханов жазды.
Жел күші жазықтан гөpi биіктіктее күшті, ендеше оның әрекеті таулы жерде айқын көзге түседі. Жел әрекеті әcipece құрғақ климатты, тәуліктік ,маусымдық температуралары ауытқымалы аймақтарда кушті, сондай-ақ өсімдігі селдір, ендеше жыныс беті ашық жерлерде қатты келеді. Ондай өлкелер — шөл дала, тау басы, теңіз жағалауы.
Ауа aғысына шарпылған үгінділер ерте ме, кеш пе әйтеуір бip мезгілде жер бетіне түсіп, үйіледі. Желдің геологиялық жұмысы мынадай процестерге бөлінеді: 1) тау жыныстарыньң бұзылып-мүжілуі (дефляция мен корразия); 2) үгілген затты кетеріп әкетіп, көшіpy; 3) эолдык аккумуляция — үгіндіні үйіп шөгіндіру.
Дефляция және корразия. Дефляция (латынша үрлеу, үрлену) деп жер бетіне шыққан тау жыныстарының жел әсерінен бұзылу, үгілу, артынан үрленіп ұшу процестерін айтады. Егер ауа ағыны ылғалға немесе құм-шаңға қанық болса оның бұзу қабілеті де басым болады. Қатты бөлшектер арқылы қажап бұзуды корразия (латынша қашау, қырлау, жону) дейді.
Дефляция әcipece қапталды шаттарда, құз тастардың жарықтарында, шаң-тозаңды құйындар жиі өтетін шөлдердің ойпатында жақсы көрінеді. Бұзылу-тозу арқылы пайда болған қопсыған борпылдақ, үгіндіні жел көтереді де ұшырып әкетеді. Содан ойпаң әрі қарай тереңдей түседі. Осылайша пайда болған Каспий сыртындағы Қарақия шұңқырының тереңдігi 300 метрге жетеді де, түбi қазірде Каспий теңізінің деңгейінен төмен. Тау жыныстары жұмсақ болса аумақты жердің топырағын, бетін жел қағып кетеді, оны жазықтық дефляция дейді. Жазықтық дефляция әсерінен кейін өзгеше микрорельеф бедерлері пайда болады. Маңғыстау маңында жұмсақ жыныстарды жел үгіп, айдап кетеді де олардың арасындағы қатты, берік шар тәрізді конкрециялар мүжілмей сақталады. Содан жазық бетінде кісі бойынан биік конкрециялық шарлар, бағаналар, «саңырауқұлақтар» өрген қойдай «жайылып» жатыр.
Корразия әрекеті де аз емес. Жел айдаған миллиондаған құм түйіршіктері жартас бетіне соғыльп, оларды тырнап, қашап, қырнап, мүжіп, бұзады, тегістейді. Шөл далада жел бағыттары көбіне тұрақты болады. Содан құм бетінде жаткам тас кесектер құммен, желмен қашалып, сүйірленіп келе біртіндеп үш жақты сүйіp призманың пішінін береді. Оларды эол үшжақтылары, кейде неміс сөзімен дрейкантеры деп атайды. Геологиялық шөгінділер арасындағы өткен дәуірдің шөл жыныстары мен желдің басым бағыттарын анықтау үшiн олардың маңызы зор.
Жел қаққан жартастардың пішіндepi олардың құрамы мен құрылысына тығыз байланысты. Жел таңдап жүріп тығыздығы шамалы жыныстарға үйіріледі де олардан неше түpлі қуыс, терең айғыз шұнқырлар, сақиналы бағаналар қашап шығарады. Берік жыныстар бетінен бағаналар, отырған құс, басынан дулығасын шешпей ұйықтап жатқан батыр, сақалы ұйысқан шал, ілмиген мыстан, шеккен түйе, бақа жұрт келе жатқан танк,қақпа-дарбаза, қамалдар т. б. елестейді. Желдің осылайша қатты, берік жыныстарды бөліп, қақпалау жұмысын эолдік қажау (препарировка) деп атайды. Желмен көтерілген жеке құм-қиыршықтар кішкентай ғана жарықшаққа, бұжыр бетке соғылып, оны бұрғыдай тесе бастайды; бip түйіршігі түссе, «бұрғылау» әрекетін келесі «шептің» құм түйіршігі жалғастырады. Ақырында жартас бетінде қабырғалары теп-тeгic ұя –шұңқырлар қалады.
Тасымалдау. Жер бетіндегі ұсақ сусымалы тозаң, шаң, құмды жел үрлеп көтереді де оны бүкіл жер жүзінде тасымалдайды. Мысалы, 1883 жылы Индонезиядағы Кракатау жанартауы атқылағанда оның күлі үш жыл бойында жерді екі рет айналып, аспанда ұшып жүрген Тасымалдау жолының алыс-қашықтығы үгінді түйірінің көлеміне (ауырлығына), олардың пішініне, сондан-ақ жел күшіне байланысты. Жел қаншалық жылдам ессе,оның тасымалдау әрекеті соғұрлым басым: 3—4 балдық жел (жылдамдығы 4,5—6,5 м/с) шаң-тозаңды көтереді 5—7 бал (9,5—15,5 м/с) болса, құм ұшады; 8 балды жел (19,0 м/с) қиыршық тастарды көтереді. Ipілey кесекте де құйын, дауыл кезінде жер бетінен көтеріліп біpнеше метр жерге аунап, домалап отырады. Эол тасымалдаудың басты құрамы құм үгінділер. Олар көбенесе жер бетінен 3—4 метр биіктікте ұшады. Сонда құм бөлшектер бip-бipiмeн соғылысып, қақтырысып, гуілдеген дыбыс шығады, соқтыққан құм сынып, қырналып, тегістеліп, жалтырайды. Кварц түйіршіктері ең бip қаттысы болғандықтан эол құмы құрамының негізгі бөлшегі содан тұрады.Құм, тозаңның қаншалық алысқа жететінін көрсететiн бip-eкi мысал келтірейік. Ауған шөлдерінен ұшкан шаң біздің Қарақұмға жетіп шөгеді. Қарабұғаз шығанағының суалған түбінен көтерілген тұзды тозаң Каспий теңізін басып өтіп, Әзербайжанның бау-бақшаларын «тұздаған» көрінеді. Кувейттің өртке шалдыққан мұнай скважиналарының күйесі бip-екi айда Гималай басының қарын қарайтып отыр. Сондай-ақ Арал түбінен ұшқан тұз 2000 км-ге жетеді екен.
Желмен көшкен құм мен шаңның мөлшері өте мол. Сахара шөлінен Жерорта теңізі жағалауына жыл сайын 4 млн тонна шаң қонады. Құрлықтан тек қана мұхит бeтiнe түскен эол шаң-тозаңының бip жылғы мөлшері 1,6 млрд тоннадан астам көрінеді. Арал теңізнің табанынан қазірде жыл сайын 7 млн тонна тұз ұшатын болыпты.
Достарыңызбен бөлісу: |