ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені «ортағасырлар тарихы»



бет18/19
Дата23.02.2016
өлшемі1.38 Mb.
#11166
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

4. ХҮІ- ғасырдан бастап Италияның экономикалық құлдырауы басталды. ХҮ ғасырдың соңында-ақ италиян өнеркәсібінде құлдыраушылық элементтер байқалған еді. Тіпті, Италияның өзінде флоренция шұғасы (мауыты) ағылшын шұғасымен алмастырыла бастады. Ағылшындардан бөлек Франция мен Германияда да өнеркәсіп өрледі. Нидерланды ХҮІ ғасырдың өн бойында сауда жағынан ғана емес, өнеркәсіптік жағынан дамып отырды.

Ұлы географиялық ашулар Италия қала-республикаларының экономикасына үлкен нұқсан келтірді. Венеция аса бай көпестік республика болып қала берді, бірақ оның мұхиттық саудадағы ролі жоқтың қасы болды. Италиян қалаларының саудасы Таяу Шығыспен шектелді. Сауда мен өнеркәсіптен ығыстырыла бастаған италиян буржуазиясы көбіне көп банкілік - өсімқорлық операцияларға назар аудара бастады. Капиталды жұмсаудың басқа формасы жер сатып алу болды. Буржуазия жерлерді сатып алып дворяндарға айнала бастады. Өнеркәсіптің құлдырауы мануфактура жұмысшыларына да әсер етті. Олардың көпшілігі қайтадан қаладан деревньяларға қоныс аударды. Ірі жер иелеріне айналған Италияның буржуазиясы өндірісті дамытуды қолға алған жоқ. Олар да, дворяндар сияқты жерді ұсақ шаруаларға і шартпен пайдалануға берді (испольщина). Осылайша, дамудың белгілі бір кезеңіңде Италияда кері процесстер, яғни феодалдық қатынастардың орнығуы жүрді.

ХҮІ- ғасырда Италия саяси жағынан бұрынғысынша бытыраңқы ел болып қала берді. Солтүстіктегі ең ірі мемлекеттер: Венеция, Генуя, Милан, Савойя және Пьемонт герцогтықтары; Орталық Италияда – Флоренция республикасы (1531 жылдан Тоскана герцогтығына айналды) мен папа мемлекеті; Оңтүстіктегі неаполитан корольдығы (Сицилия құрамында) болды. Бұлардан бөлек ондаған ұсақ тәуелсіз иеліктер сақталынды. Барлық республикалық құрылыстар монархиялық институттармен алмасып жатты.

Бытыраңқы Италия тоқтаусыз айла–шарғылардың, дипломатиялық астыртын күрестің, үлкенді–кішілі ұсақ ұрыс–керістердің ошағы болды. Мұның барлығы ірі мемлекеттердің Итальян істеріне араласуына түрткі болды. 1494- жылы Француз королі Карл ҮІІ дің Италияға басып кіруімен әртүрлі үзілістермен 60 жылға созылған “Италян соғыстары” кезеңі басталды. (1494-1559) Соғысқа түрткі болған “Анжуй мұрасы” үшін күрес болды. Италияның Неопалитон корольдығы ХІІІ- ғасырдың екінші жартысынан “Анжуи” династиясына қарайтын(фр). Ал 1442- жылдан Арагон (Испан) әулетіне өткен еді. 1494- жылы Неаполитан королі Ферранте І Арагон қайтыс болғаннан кейін, оның орны босап қалды. Француз королі өзінің “Анжуй мұрасын” қайтарып алғысы келді. Италян соғыстары, тек 1559 жылы “Като – Комбрези” бітімімен аяқталды. Француздардан бөлек Италияға Испандар және герман феодалдары ұмтылды.

“Като–Комбрези” бітімі бойынша Италияның көпшілік территориясында испанияның үстемдігі сақталынды. Италия экономикалық және шаруашылық жағынан әбден күйзелді. Милан герцогтығы, Неополитон королдығы (Сицилия мен Сардиния) Испанияға өтті. Ірі мемлекеттердің ішінде дербестігін сақтаған Савойя герцогтығы, Генуя республикасы, Венеция, Тоскана және Папа облысы ғана болды. Ұсақ мемлекеттерде:

Парма герцогтығы мен Пьяченца, Модена, Мантуя, Феррара, Урбино герцогтықтары, Монферрат маркграфтығы, Лукка және Сан Марино республикалары – тәуелсіздігін сақтады.

Италиядағы реформация қарсаңындағы діни идеялық қозғалыс Д. Савонаролланың (1452–1498) қызметімен байланысты. Бұл моральдың тазалық жолындағы күрес болды. Реформациялық қозғалыстың ошақтары Лукка, Флоренция, Венеция, Ферраре, және т.б. қалаларда орналасты. Италиядағы реформациялық қозғалыс интеллектуалдық қозғалыс деңгейінде қалып қойды. Елдің бытыраңқылығы, реформациялық қозғалыс бытыраңқылығы ,католык шіркеуінің жеңісін қамтамасыз етті.

Әдебиеттер:

1. Гусарова Г.П. Город и деревня в италии на рубеже позднего средневековья М., 1983г.

2. История Италий. В 3т., М., 1970г. 1т.

3. Дживелегов А.К.Творцы итальянского Возрождения. В 2 кн., М., 1998г.

4. Искуство и культура Италии эпохи Возрождния и Просвещения.,М.,1997г.

5. Чиколини Л.С. Социяльная утопия в Италии ХҮІ начало ХҮІІ в., М.,1980г.

6. Культура и общество Италии накануне нового времени. М.,1993г.

7. Рутенбург В.И. Народные движения в Италии в ХІҮ – ХҮ вв. Л.,1958г.

8. История средних веков. С.П. Карпова. М.,2003г.

25 – Лекция. ХҮІ ғ – ХҮІІ- ғасырдың бірінші жартысындағы Европадағы халықаралық қатынастар.
1. ХҮІ ғасырдағы Европадағы халықаралық қатынастардың дамуы.

2. ХҮІ – ХҮІІ ғасырдың бірінші жартысындағы Европа мен Осман империясы.

3. Европа отыз жылдық соғыс жылдарында.

4. Вестфаль бітімі қорытындылары.
1. ХҮ – ғасырдың соңынан бастап Европа халықаралық қатынастардың жаңа сатысына көтеріліп, ол негізінен ұлттық мемлекеттердің қалыптасуы ерекшеліктерімен айқындалады. Халықаралық экономикалық қатынастардың әлемдік жүйесі қалыптаса бастады. Европа мемлекеттері мүдделерінің Азияда, Африкада және Америкада қақтығысуы – Европа саясатына ықпал етті. Ұлы географиялық ашулар халықаралық байланыстарды кеңейтті, рынокты жаңа өнімдермен толықтырып, Европадағы өндірістің дамуын ынталандырды.

Европаның саяси картасы да үнемі өзгеріс үстінде болды. ХҮІ–ғасырдың басында Англия, Франция, Испания, Португалия, Дания мен Швеция ұлттық мемлекеттік біртұтастығы түрғысынан алып қарағанда елеулі табыстарға қол жеткізді. ХҮІ– ғасырдың екінші жартысында ұлт–азаттық қозғалысының нәтижесінде Нидерландыда – Құрама провинциялардың республикасы пайда болды. Мұнымен бір уақытта нақ осы ХҮІ – ғасырда классикалық орта ғасырлық империя – Карл Ү- ің Габсбургтердің державасы пайда болды және ыдырады. Орта ғасырлық саяси мәдениеттің, саяси түсініктер күнінің өткендігін бұл фактор көз жеткізе көрсетті. Карл Ү өзін католиктік әлемнің ең жоғарғы діни және светтік императорымын деген түсініктің жетегінде кетіп, ұлы гегемониялық түсініктің тұтқынында қалып қойды. Қалған Европа мемлекеттері ұлттық мемлекеттік нақты саясат жүргізуге көшкен кезде, Габсбургтар мән–мағынасыз гегемониялық саясатын жалғастыра берді. Ақырғы соңында, бұл саясат елді апатқа ұшыратты.

ХҮІ – ғасырда сыртқы саясатта конфессиялық фактор екінші кезекке ығысты. Саяси негізде коалициялардың құрылуы Европа саясатын секулеризациялауды дайындады. 1648 жылғы Вестфаль бітімінен кейін европа дипломатиясы біржолата секулеризацияланып, Жаңа заманның дипломатиясына айналды. Дипломатиялық қызмет саласы, тұрақты елшілік институты қалыптасты. Бұл жүйе ХҮ – ғасырдың 60 – 70 жылдары Италияда пайда болды. ХҮІ– ғасырдың ортасына қарай бұл жүйеге Европа елдерінің көпшілігі тартылды.

ХҮІ–ғасырдың екінші жартысынан бастап халықаралық құқықтық қатынастар қалыптаса бастады. 1582- жылы жарыққа шыққан Бальтазар Айаланың “Соғыс және әскери істер құқы туралы” еңбегінде елшілік құқыққа ешкімнің қол сұқпайтындығы туралы ілім дамытылды. Ал Альберико Джентилидің “Елшілер туралы” (1585) еңбегінде дипломатиялық практика мен оның нормалары жүйеге келтірілді.

ХҮІ – ғасырдағы саяси және әскери жанжалдардың негізгі себебі, жаңа мемлекеттер “ұлттық мүдде” тұрғысынан саясат жүргізіп, ол орта ғасырлық династиялық принцип дәстүрлеріне қайшы келді. Орта ғасырлық династиялыұ принцип бойынша, некелік немесе мұралық жолмен бір мемлекеттің иелігі, этникалық және территориялық алшақтығына қарамай екінші мемлекетке өте беретін. Жаңа жағдайларда – жас ұлттық мемлекеттер бұған көнгісі келмей, үлкен саяси - әскери жанжалдар тудырып отырды. (Мұны Карл Ү – нің империясынан көруге болады).

Ең бірінші кезекте үлкен мемлекеттердің арасындағы қарама–қайшылықтар алға шығып, оған ұсақ және орта мемлекеттер объективті түрде тартылып отырды. Ірі мемлекеттердің арасындағы қақтығыстар асқына келіп, жалпы европалық жанжалдарға ұласып отырды. Олардың қай қайсысы болсада басқа бір мемлекеттің үстемдік етуіне жол бергісі келмеді. Бір монархиялық елдің басқа біреудің есебінен күшейіп кетуі, қалған мемлекеттер тарапынан қарсы қозғалысты туғызды. Осылайша күштердің орналасуының бастапқы жағдайы қалпына келтірілді. Бұл үрдіске ене бастап бірте бірте халықаралық қатынастардың басты принципі – саяси тепе теңдіктер жүйесін қалыптастырды. ХҮІ ғасырда Европада үлкен соғыстарды туғызуға қабілетті халықаралық қайшылықтардың үш негізгі түйіні қалыптасты: 1. бір жағынан Испанияның, екінші жағынан Франция мен Англия мемлекеттерінің арасындағы сауда және отарлық мүдделердің қақтығысуы. Бұл ХҮ– ғасырдың соңы мен ХҮІ– ғ. бірінші жартысында “Итальян соғыстарына” алып келсе, ХҮІ– ғасырдың екінші жартысында Испания–Англия соғыстарын туғызды. 2. Европа елдері мен Осман империясының арасындағы қарым қатынастар. 3. Солтүстік Европа елдерінің арасындағы Балтық теңізіндегі үстемдік үшін күрестері.

Франко–габсбург және англо– испан қарама қайшылықтарының негізінде бір жағынан, Карл Ү нің Европалық үстемдікке ұмтылуы жатса, бұл саясат екінші жағынан Франция мен Англияның ұлттық мемлекеттік мүдделеріне қайшы келді. Италиян соғыстарына Габсбургтар мен Франциядан бөлек барлық дерлік европа елдері қатысты: Италияның өз мемлекеттері, Рим папасы, Англия мен Дания, сондай–ақ Осман империясы т.б. Соғыстың барысында көптеген бітімдер мен одақтар жасалынып, олар саяси тепе теңдікті сақтауды реттеп отырды. Италиян соғыстары Францияны үлкен халықаралық абыройсыздықтарға душар етті. Италиян жерлерін қосып алуға деген оның дәмесі ақталмады. Кото – Камбрези бітімі (1559ж )бойынша Франция үш Лотарингия епископтығын (Мец, Туль, Верден) өзіне қосып алды.

Европа елдерінің көпшілігі “Италиян соғыстарынан” қолдары босамай жатқанда Пиреней түбегінде Испания мен Португалияның арасында отарлық иеліктер төңірегінде қызу күрес жүріп жатты.

Ағылшын–испан қарама қайшылықтарының негізінде Атлантикадағы сауда монополиясы жолындағы тартыстар жатты. Бұл қайшылық 1588- жылы үлкен соғысқа алып келіп “Жеңілмейтін армаданың жеңілісімен”аяқталды, яғни Англия жеңіске жетті.” Англияның континенттегі саясатының негізінде Франция мен Габсбургтардың арасындағы тепе теңдікті сақтау жатты. Ол үнемі екі жақтың қайсысы әлсіз болса, соған жәрдем беріп отырды. Англия, Британия аралдарында да мән мағынаға толы, мақсатты саясат ұстанып, өз ықпалын еселеп өсіріп отырды.

Европа елдерінің арасындағы сауда бәсекелестігі түптеп келгенде әлеуметтік– экономикалық даму деңгейімен анықталды. Англияның жеңіске жетуі күш алып келе жатқан ерте капиталистік қатынастардың салтанат құруының басы еді. ХҮІ – ғасырдың соңына қарай батыс европадағы халықаралық қатынастарда күштердің жаңаша орналасуы айқын көрінді.Италиян мемлекеттері мен Испанияның рольі төмендеп екінші кезекке ығыстырылды. Ұлттық мемлекеттер мен ыдыраған Габсбургтер державасының арасындағы жаңа қарама қайшылықтар ХҮІІ – ғасырда жаңа қақтығыстарды туғызды.

Халықаралық қайшылықтардың үшінші түйіні Солтүстік батыс Европада – Балтық теңізіндегі сауда үстемдігі үшін жүрді. Алғашында Скандинавия елдері “ганза” - неміс қалаларының сауда одағына қарсы бірігіп күресті. Бұл күресте Скандинавия елдері Дания мен Швеция жеңіске жетті. Алайда, бұдан кейін екі ел арасында Балтық теңізі үшін күрес шиеленісіп отырды. Саудадағы бәсекелестік Дания мен Швецияның арасында үлкен соғысқа әкеліп тіреді (1563-1570). Оның барысында саяси аренаға жаңа күштер –Поляк – Литва және Москва мемлекеттері шықты. Европа саясатының субъектілері кеңейе түсті.

2. ХҮІ – ғасырдың басында Осман империясы аса күшті әлемдік державалардың бірі болды. ХҮІІ – ғасырдың ортасына дейін Порта (Осман имп-сы) Европаға жаулаушылық соғыстар жүргізіп отырды. Осман империясы Европа мемлекеттері өміріндегі маңызды фактор болды. Европа саяси фразеологиясында Осман мемлекеті Европа елдерінің “табиғи жауы” ретінде қаралды. Соғыстар мен бірге дипломатиялық қарым қатынастарда жүріп отырды. ХҮІ – ғасырдың соңына дейін Стамбулда неғұрлым дамыған Европа елдерінің тұрақты дипломатиялық миссиялары пайда болды.

Европа мен Порта дипломатиясының қалыпты қызмет етуіне кедергі жасаған тағы бір нәрсе, түріктер өздеріне бітім сұрап келген елдердің барлығын бағынғандық, мойынсұнғандық деп білді, сөйтіп тұрақты алым салықтарды талап етті. Бұл көптеген келіссөздердің шырқын бұзып отырды. Осман дипломатиясы бір елмен келіссөз жүргізіп жатқан кезде үшінші бір елдің кепіл болуында қаламады. Тек Сүлеймен І Кануни (1520-1566) тұсында ғана түрік дипломатиясында уақытша ілгерілеушілік болды. Стамбулдағы шетел елшілерінің қауіпсіздігіне де ешқандай кепілдік берілмеді. Ал бұл уақытта Европада елшілердің жеке басының қауіпсіздігі үрдісі барынша қалыптасып жатқан еді. Сондықтан Европа елдері түрік сұлтандарына да, дипломатиясына да ешқандай сенімі болған емес. Европаның христиандық елдерінде бүгінгі тілмен айтқанда түрік әлемінің имиджі төмен болды.

ХҮІ– ХҮІІ – ғасырларда түріктерге қарсы көптеген іс – шаралардың ұйымдастырушысы Габсбургтер мен Рим папалары болды. Бірақ Европа елдерінің арасындағы қарама қайшылықтардың күшті болғаны сондай, олар арғы замандардағыдай түріктерге қарсы біріккен крест жорықтарын ұйымдастыра алмады. Бұл әсіресе, Италиян соғыстары кезінде айқын көрінді. Ол олма европа корольдықтары түрік сұлтандарын басқа бір Европа елдеріне қарсы соғысу үшін көмекке шақырып одақ құрып отырды. Мысалы, 1510- жылы император Максимилиан І Венецияға қарсы соғысу үшін түрік сұлтаны Селим І ұсыныстар жасаумен болды. Ал, 1513-1514 жылдары Венеция Европалықтарға қарсы күресу үшін түрік сұлтанынан көмек сұрады. Сонымен ХҮІ – ғасырдың басынан бастап түріктер Европалықтар үшін табиғи жау ғана емес, европадағы жанжалдарда потенциальды одақтасы болды.

Фердинанд І Габсбург түріктерге қарсы бірігіп күресу үшін, тіпті бауыры император Карл Ү көндіре алмады. 1529- жылы түріктер Венаны қоршады, ал 1541- жылы Венгрияны жаулап алды. Бұл оқиғалар Европалықтарға қатты әсер еткенімен, олардың ішкі қайшылығы бірігіп күресуге мүмкіндік бермеді. Фердинанд І-і 1547- жылы сұлтанмен келісім жасап оған Венгрияны беруге мәжбүр болды. Мұнымен қоса Фердинанд жыл сайын 30 мың алтын флорин төледі. 1547- жылғы бітім Сүлеймен Кануни мен Карл Ү-нің арасындағы соғысты тоқтатып европалық маңызға ие болды. Император бұл бітімді ішкі Шмалькельден соғыстары үшін пайдаланды. 1568- жылы Габсбургтар мен Портаның арасында бітім жасалынды, алайда бұл түрік агрессиясын тоқтата алмады. 1570-1572 жылдары және 1593-1604 жылдары түріктер мен европалықтардың арасында ірі соғыстар жүрді. Папа Пи Ү-нің инициативасымен түріктерге қарсы халықаралық одақ – “Қасиетті Лигасы” құрылып, оның негізін Венеция, Испания, Папа, Мальта ордені және Италиян қалалары құрады. Дон Хуан Австрийский басқарған одақтастар әскері Коринф шығанағындағы Лепанто деген жерде (1571) түрік флотын талқандады. Алайда, европалықтар жеңісін пайдалана алмай, олардың арасында жік пайда болып “Лига” ыдырап кетті. Кипр аралы Түріктердің қарамағына өтті.

1593- жылы түріктер Габсбургтерге қарсы жаңадан соғыс ашты. “он бес жылдық” соғыстың барысында (1593-1606) европа елдерінің Портаға қарсы коалиция құру мәселесі қайтадан көтерілді. Папа Климент ҮІІІ-нің “Қасиетті Лиганы” қайтадан жандандыру әрекетінен ештеңе шықпады. Алайда, жеңімпаз соғыстар жүргізуге европа елдерінің ішкі қайшылықтары мүмкіндік бермеді. 1604- жылы Венгрияда Иштван Бочкай басқарған антигабсбургтік қозғалыс басталды. Венгрияның бөлініп кетуінен сескенген император Рудольф ІІ Түркиямен келісімге келуге мәжбүр болды. (1606. Вена бітімі). 1606- жылғы Житваторок бітімі он бес жылдық соғысты қорытындылады.Европа елдерімен Осман империясының арасында кезекті үзіліс орнады. ХҮІІ – ғасырдың басында Түркия Иранмен күресте көптеген жеңілістерге ұшырады. Иран шахы Аббас І – Азербайжанды, Арменияны, шығыс Грузияны, Қурдстанды, Месопотамияның бір бөлігін жаулап алды. ХҮІ– ғасырдың екінші жартысында Осман империясы алғаш рет Ресеймен де қақтығысты. Азов теңізі жағалауын жаулап алған түріктер 1568 жылы Астраханға жорық жасады, жорық сәтсіздікке ұшырады. Келесі орыс казак – түрік қақтығыстары ХҮІІ – ғасырдың 30-40 жылдары болды.

ХҮІІ – ғасырдың екінші жартысында Түркияның Европа елдерінен, Ресейден жеңіліске ұшырауы, оның құлдырауын Осман әскери – казармалық империясының артта қалғандығын білдірді. Тек, Европа елдері арасындағы қарама қайшылық Осман империясының уақытша орасан зор территорияда орналасуын қамтамасыз етті.



3. Ұлы географиялық ашылулар мен сауда жолдарының өзгеруі Германияның экономикалық дамуына қолайсыз әсер етті. ХҮІ –ғасырдың екінші жартысында бұл неміс саудасының құлдырауынан көрінді. Неміс қалаларының Ганза одағы Нидерланды мен ағылшын өнеркәсібі мен саудасының бәсекесіне шыдамай ыдырап кетті. Гамбург, Любек, Бремен сияқты неміс қалалары өздерінің экономикалық ролін сақтағанымен – Амстердам және Лондонмен салыстыруға келмейтін. Германия негізінен аграрлық елге айналып, оның өнімдері экономикасы дамыған елдерге шығарылып отырылды. Англия, Франция, Нидерланды сияқты елдерде ХҮІ – ғасырда крепостниктік біржолата жойылса, Германияда сол қалпында мызғымай тұрды, үстем өндіріс тәсілі болды.

ХҮІ – ғасырдың өн бойында Германияның саяси бытыраңқылығы сақталып қана қойған жоқ, сонымен бірге күшейе түсті. Саяси бытыраңқылық князьдардың арасында бітпейтін территориялық жанжалдарды ушықтырып отырды. Жергілікті шіркеулердің жергілікті князьдарға бағындырылуымен (“кімнің билігі -соның нанымы”) олардың билігі бұрынғыдан да күшейе түсті. Реформациядан кейін князьдардың арасындағы күрес қолайлы идеологиялық формаға ие болды. Князьдардың протестанттар мен католиктерге бөлінуі қақтығыстарға сырттай “идеялық” сипат беріп, елдің территориялық бытыраңқылығын тереңдете түсті. Князьдардың императормен күресі де діни алауыздықтармен бүркемеленіп отырды. Император бұрынғысынша елдегі католиктік партияны басқарды және папамен нығыз байланыста болды. Неғұрлым ірі князьдардың көпшілігі протестанттар – лютерандар, қалған бөлігі кальвинистер болды.

Шын мәнісінде тәуелсіз князьдық абсолютизмнің орнауына дейін алып келген князь өкіметінің күшейгендігіне қарамастан, императордың билігі әлі күшті еді. Олар Германияны басқарған жоқ, бірақ олардың күші орасан зор мұралық жерлерде еді. Габсбургтар германияда ғана емес, онан тыс жерлерде де билік құрды. Испан габсбургтары – австро–герман габсбургтарына үнемі қолдау көрсетіп отырды. Карл Ү – нің әлемдік гегемония туралы армандары мұралықпен Филип ІІ-ге өтті. Филипп ІІ-нің тұсында Испания әлсіреді, соған қарамастан Габсбургтар қажет болған жағдайда күштерін біріктіре алатын еді. Император католик шіркеуінің де мол қолдауына ие болды. Император осыншалықты қолдауға ие болғанымен князьдардың қарсылығын басып, елді бір орталыққа бағындыра алмады. Өйткені, оның күрес әдістерімен тәсілдері түпкілікті қате еді.

Отыз жылдық соғыс көптеген жанжалдардың қатты асқынуының нәтижесінде басталды және оған европа елдерінің барлығы дерлік тартылды. Габсбуртер әулетінің орталықтандыру саясаты ірі княздар мен кейбір көрші елдердің, ең бірінші кезекте Францияның мүдделеріне қайшы келді; Чех жерінде соғыс ұлттық тәуелсіздік мәселелерімен байланысты болды; Испания мен Францияның Батыс Европада гегемондығы жолындағы бәсекелестігі де жалғасып жатты. Халықаралық жағдайдың шиеленісуінде испан-голландия күресі, Швеция, Польша, Дания мен Ресейдің Балтық теңізіндегі бәсекелестігі, Ресейдің поляк интервенциясына қарсы текетіресулері де елеулі үлес қосты. Қарама - қайшылықтардың, оқиғалар мен есімдердің күрделі түйінін тарқатудың өзі өте қиын. Атап өтетін жәйіт, аталған қарама қайшылықтардың көпшілігі, олардың табиғатының қандай болғанына қарамастан Германия территориясында шешіліп жатты. Соғысқа қатысушы барлық елдер өздерінің тонаушылық мақсаттарын көздей отырып, оны жасырып отырды. Олар біресе “жапа шеккен” неміс протестанттарына көмекті желеу етсе, екінші жағдайда католиктерге беретін жәрдемді желеу етті. Сондықтан отыз жылдық соғысты Германия тарихына байланысты қарастырған дұрыс. Әсіресе, нақ Германиядағы күштердің орналасуы мен қарама қайшылықтар сипатын түсіну айрықша маңызды. Қарама қайшылықтардың әбден асқынуы – отыз жылдық соғысқа алып келді.

1618-1623 жылдары отыз жылдық соғыстың чех немесе чех – пфальц кезеңі жүрді. Ол Габсбургтерге қарсы Чехия, Венгрия, Австрия жерлеріндегі көтерілістерден басталады. Көтерілісшілерге неміс протестанттық княздарының униясы, Трансильвания, Голландия, Англия мен Савойя көмектесті. Неміс княздары католиктік Лигасының, Испанияның, Рим папасының, Польшаның, Таскананың және Генуяның көмегімен Габсбургтер көтерілістерді басып жаншып, неміс протестанттарын талқандады. Неміс протестанттық княздарының ұйымы – “Евангелия униясы” (1608) мен Чех феодалдарының арасындағы үйлесімді қимылдың болмауы осындай нәтижеге алып келді. Евангелия униясы мүшелерінің ішінде де бірлік жоқ еді. Олардың көпшілігі уния жетекшісі Фридрих Пфальцкйдің күшейіп кетуінен секем алды.

Протестанттардың арасындағы алауыздықты, өзара сенімсіздігін пайдаланып, Католик лигасының қолбасшысы Тилли тез шабуылға шығып, 1620- жылы Праганың түбінде чех және пфальц әскерлерін талқандады. Чех королі неміс курфюрі Фридрих Пфальц әуелі Чехиядан,сонан соң Германиядан қашып кетті. Чехияда қатаң реакция басталды. 1621 жылдың 21 маусымында Прагада көтерілістің 27 басшысы көпшілік алдында өлтірілді. Чехияда католик шіркеуі толығымен қалпына келтірілді.

Габсбургтердің жеңісі, алайда императорды емес, Чех жерлерін өзара бөлісіп алған князь католиктерді күшейтті. Императордың жеңіске жетуі Францияны да қатты мазалады. Нидерланды 1621 жылдан бастап Испаниямен соғыс жағдайында болды. Күйеу баласы Фридрих Пфальцкйдің тағдыры ағылшын королі Яковты да толғандыра бастады. Осылайша, ішкі Герман мәселелері үлкен халықаралық үндестік алды. Ришельенің бастамасымен 1625 жылы австрия және испан Габсбургтеріне қарсы Үштік Одақ құрылды (Англия, Голландия, Дания). Соғыстың барлық материалдық шығынын Англия мен Голландия көтеретін болса, соғысты жүргізетін Дания корольі Кристиан ІҮ – болды. Сөйтіп, соғыстың екінші дат кезеңі (1625-1629) басталды. “Үштік Одақ” елдері протестанттық князьдар жағында соғысып, оған Трансильвания мен Швецияда қосылды. Алайда, бұл жолы да протестанттық лагерь жеңіліске ұшырады. Ол “Валленштейн феноменімен” түсіндіріледі.

4. Келіссөздер Вестфалияның екі қаласында – Оснабрюке мен Мюнстерде жүрді. Оснабрюкеде императордың елшілері швед елшілерімен және протестанттық князьдармен келіссөздер жүргізсе, Мюнстерде императордың елшілері француз үкіметімен келіссөздер жүргізді.

Вестфаль бітімі бойынша жеңімпаздарға жаңа территориялар қосылды. Швеция Батыс Померанияны және Шығыс Померанияның бір бөлігін – Штеттин қаласын, Рюген аралын, Портты қала Висмарды, Бремен архиепископтығын (Бремен қаласын емес) және Верден епископтығын алды. Швецияға сондай – ақ 5 млн. талер көлемінде үлкен контрибуция төленді. Франция Эльзасты алды (Страсбург қаласынсыз) және оның жоғарғы Лотарингияға деген құқы біржолата бекітілді (Мец, Туль және Верден қалалары). Германияның ішінде Бранденбург курфюрлығы өз иеліктерін өсіріп – Шығыс Померанияны, Магдебург архиепископтығын және бірнеше облыстарды алды. Лужицкі жерлері Саксонияға өтті. Баварияға жоғарғы Пфальц беріліп, оған 8-і курфюрлік құқ берілді. Вестфаль конгресі бойынша империялық княздардың дербес сыртқы саясат жүргізуіне құқ берілді. Осылайша, европа дипломатиясының жол беруімен Германия саяси бөлшектенді. Вестфаль конгресінің маңызды дипломатиялық актілерінің бірі бұрыннан бар екі мемлекеттің ресми түрде мойындалуы болды. Олар Швейцария одағы мен Голландия болды. Вестфаль бітімінен кейінде Франция мен Испанияның арасындағы соғыс жалғаса берді. Ол 1659- жылғы Пиреней бітімімен аяқталып, Испания Францияның пайдасына бірқатар шағын территорияларды беруге мәжбүр болды, атап айтқанда, оңтүстікте – Руссильона; Испан Нидерландысындағы шекаралық аудандар және шығыста – Лотарингияның бір бөлігі.

Отыз жылдық соғыстан көп ұтқан Франция мен Швеция болып шықты. ХҮІІ- ғасырдың екінші жартысы мен ХҮІІІ – ғасырдың басында бұл екі ел халықаралық дипломатияда жетекші роль атқарды. Ең ұтылған және зардап шеккен ел Германия болды. Германия едәуір территориясынан айырылып қана қойған жоқ – ұзаққа созылған соғыстан елдің экономикасы, шаруашылығы күйзелді. Солтүстік Шығыс және Оңтүстік Батыс Германияның тұрғындары екі есе, кейбір елді мекендерде он есе азайды. 1618- жылы Чехияның халқы 2,5 млн. болса, осы ғасырдың ортасында 700 мыңға кеміді. Ел қаңырап бос қалды. Жүздеген селолар мен елді мекендер жермен жексен етілді. Ғасырлық өндірістік дәстүрлері бар Саксония мен Чехияның кен орындары істен шықты. Соғыс жылдары неміс қалаларының саудасы мен өнеркәсібі онан сайын құлдырады. Вестфаль бітімінен кейін Герман мемлекеттері европалық халықаралық қатынастар жүйесінде екінші қатардағы елдердің санын көбейтті. Бұрынғысынша елде феодалдық өндірістік тәсілі сол қалпынша сақталынып қалды. Германия басқа батыс европа елдеріне қарағанда – мемлекеттіліктің дамуы тұрғысынан алғанда көш кейін қалды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет