Жауап: Суға батырылған денені су осы денені ығыстырып шығарған судың салмағына тең күшпен кері итеретіні белгілі. Трубаны қайықтың қайықтың астына бекітті, одан оның отыруы азайып қалды.
-
Тура алмаға қарай
Жақсы мерген пароходтың бір бортында тұр, ал қарама-қарсыда нысана орналасқан. Пароход бірқалыпты тура қозғалып барады. Мерген тура нысананың ортасына көздеді: Ол осыған тигізе ала ма?
Жауап: Әрине, тигізеді
13.9. Өзендер неге сарқырайды?
Жауап: Орман өзендері нің сарқырау себебі, су ағыны біраз құлаған кезде ауа бөлшектерін ала кетіп оларды суға батырады, нәтижесінде көпіршіктер пайда болады. Осы көпіршіктердің жарылуымен өзендердің сарқырауын түсіндіруге болады.
-
Бөтелкені қалай бос қылуға болады? Бос шыны бөтелкеге түтін енгізілді. Бөтелкеден
түтінді қалай шығаруға болады, оған су немесе басқа да сұйық құймай.
Жауап: Сіріңкені өте тез жағы керек, ол қызғанша, оны бөтелкенің ішіне кіргізу керек. Түтін бірден шығып кетеді.
-
Шыбындары бар банка.
Ұйықтап жатқан шыбындары бар банканы өлшейік. Одан кейін оны шайқайық, сонда шыбындар ұшып кетеді. Банканы қайта өлшейік. Банканың салмағы өзгере ме?
Жауап; банканың салмағы өзгермейді . Ұшу үшін, наскомдар олардың салмағына тең бастапқы ауа ағындарын қоздыру керек.
-
Салқындау
Бөлмеде ыстық... Сіз өз жағдайыңызды біраз болса да жақсарту үшін, тоңазытқыш есігін ашып қойдыңыз. Сіздің бөлмеңіз салқындауы мүмкін бе?
Жауап: Сіз өз бөлмеңізді тек уақытша ғпнп салқындаттыңыз, түбінде бөлмедегі ауа одан да күшті қызды. Салқындату жүйесі, темратураны төмендету үшін күшті режимде жұмыс істейді, нәтижесінде жылу мұздатқыштың двигателінен келіп түседі. Осы жылуды жұту үшін салқын ауа жеткіліксіз, бөлме одан әрі қыза түседі.
-
Вертолет
Петербургтан ұшып шыққан вертолет солтүстікке 500км, одан кейін шығысқа бұрылып
тағы 500км, және ең соңында, батысқа бұрылып, соңғы 500км ұшты. Ол қай жерге қонды. Немес осы жерден солтүстікке (оңтүстікке, батысқа, шығысқа) қарай ма?
Жауап: ұшқан орнынан шығысқа қарай қонды. Жер меридиандары солтүстікке қарай жақындайды, ал вертолет квадрат бойынша емес, трапеция бойынша ұшты.
-
Сүтті кофе
Сіз таңертең жұмысқа немесе мектепке асығып барасыз. Столда 1 пиала ыстық кофе тұр, оны сіз 5 минуттан кейін ішуіңіз керек, Күйіп қалмас үшін не істеу керек: бірден суық сүт құю керек пе, әлде кофе осылай тұрсын ба?
Сүтті соңғы кезде қосу керек – кофені ішерден бұрын, айырмашылығы жоқ.
Жауап: термодинамикада былай деп айтылады: денелер арсындағы температуралар айырмасы неғұрлым көп болса, олардың (бұл жағдайда кофе және қошаған орта) арасындағы жылуалмасу соғұрлым қарқынды жүреді. Сондықтан, егер сүтті бірден қоспасақ, онда кофе тезірек суиды.
Қорытынды: күйіп қалмас үшін, сүтті кофеге неғұрлым кешірек құйған дұрыс.
-
Айда
Айдағы барлық заттардың салмағы Жердегіден 6 есе кем. Айда тұщы сулы көл бар деп есептеңіздер. Көлге пароход түсірілген, осы пароход жердегі осындай сулы көлдерде 3 метр батады. Пароход айдағы көлде қаншалықты тереңдікке батады? Осымен бірге тағы мынадай есепті шығарыңдар: жүзе алмайтын адам қай жерде тез батып кетеді- жердегі көлде ме, әлде айдағы көлде ме?
Жауап: Айда пароход Жерге қарағанды 6 есе жеңіл болады, суда да сондай. Егер Архимед заңын түсірсеңдер, онда пароходтың батуы өзгермейді – 3м күйінде қалатыны түсінікті. Жүзуші үшін де ештеңе өзгермейді. Онда да және мұнда да бірдей батып кетеді.
Жаңа информациялық технологияларда есеп шығаруда қолдану мүмкіндіктерін көрсету мысалдары.
Осы мүмкіндіктерді жалпыланған жоспарда әрбір оқу ісіне қатысты қолдану мүмкіндіктерін көрсетейік.
Есепті тұжырымдау:
-
табиғи тәжірибе видеофрагментінің негізінде (1-сурет)
-
фильмдер немесе мульфильмдер негізінде;
-
виртуальдық модельдер негізінде;
-
есепте көрсетілген есептік ситуациялар нұсқаларын модельдеу негізінде(2--сурет);
-
виртуальді модельдері, видеофрагментті, анимацияны, фотографияны, суретті тұжырымдалған есеп шартын бейнелеу үшін қолдану
1-сурет 2-сурет
Есеп шартын сараптау
-
қорда берілген есептер шартын сараптау үлгілерін көрсету;
-
есептер шартып сараптауда жеке тәсілдерді өңдеуде электрондық тренажерлармен жұмыс;
-
есептерді – сараптауды электрондық конструкторлармен жұмыс істеу негізінде жүргізу; есептерді интерактивті таңбаның функционалдық мүмкіндіктерін қолдану негізінде сараптау
Рис. 3
Рис.4
Есеп шартын жазу:
-
сандық «шешкіштерді» қысқаша жазу үлгілерін көсету үшін қолдану;
-
қор басқа объектілері мен суреттерін (графиктер, схемалар, виртуальдық модельдер және т.б) берілген жағдайда сипаттау үшін қолдану;
-
MS Paint, MS PowerPoint және т.б. суреттің графиктің графиктік көшірмесі үшін қолдану; (5-сурет)
-
Интерактивті тақта мүмкіндіктерін есеп шартын қысқаша жазуүшін қолдану;
Рис.5
Шешімін іздеу:
-
ЦОР іздеу жүйесі және интернеттегі фактілік ақпарат бойынша (ұғымдарды анықтау, физикалық заңдарды тұжырымдау, математикалық формулалар, таблица мәліметтерін тұжырымдау) өздігінен іздеу; (6-сурет)
-
ЦОР мәліметтері негізінде есеп шығару үлгісін көрсету;
-
Модельдермен оқыту сценариларын қолдану арқылы есептер шешу (7-сурет);
-
Есептер шешуде виртуальді эксперименттік жүйелерді қолдану;
-
Excel, Maple, Mathcad және т.б программаларды есептер шығаруда және жеке операцияларды орындауда және күрделі теңдеулер жүйесін шешуде қолдану;
-
өлшем бірліктерді ауыстыру үшін программаларды қолдану;
Рис. 6 Рис. 7
Шешімдерді тексеру:
-
есеп шығару барысында алдын-ала болжалдалуы қажет табиғи эксперимент, құжаттық және көркем фильм, иллюстрациалды физикалық эффектісінің видеофрагментін қөру (8-сурет);
-
есеп шешімдерінің қорытындысы бойынша күтілетін эффекті бейнелейтін модельді экспериметті орындау (9-сурет);
-
ЦОР аясында ұсынылған есптердің шешу үлгісін сараптау;
-
эксперименттік жүйеге жүгіну;
-
Maple, Mathcad, Excel және т.б. программаларының есептеу дәлдігін тексеру үшін, кері есп шешімін модельдеу және жеке шешу жағдайларын көрсету үшін қолдану (салдарлардың нақтылығын тексеру);
Рис. 8 Рис. 9
Т.Ж., жаңа информациялық технологиялар оқыту процесінде физикалық есептерді шешуді жаңа сатыға көтереді. Мультимедиялық виртуальды ортаның оқу объектілері және оның құралдары іс-жүзінде барлық оқу істері мен опреацияларын қарқынды қамтамасыз етеді.
Қоршаған ортада кездесетін есептер мысалдары.
Біз қармен жүріп келе жатқанда...
Аязды күні аяқ астындағы қар сықырлайды. Аяз неғұрлым көп болса, осы дыбыс соғұрлым өтімді болады. Өздерің бақылаңдар: -5С жоғары температурада сықыр естілмейді , -20С шамасындағы аязда ол өте күшті. Біздің аяғымыз астында не сықырлайды? Тек қар ғана осындай қасиетке ие ме?
Бұл сұраққа жауап бермес бұрын сықырлайтын қар туралы бір әуеской оқиғаны еске түсірейік.
1938 жылы июньде «Мосфильм» киностудиясы «Александр Невский» кинофильмін түсірді. Фильмнің негізгі эпизоды мұздағы шайқас. Оны ыстықта түсіру керек болды. Мосфильм маңындағы үлкен алаңды нафталин мен тұз қоспасымен сеуіп, кей жерлерін ақ бояғышпен сырлап қойды. Осы кезде актерлер олар жасанды қармен жүрген кезде, ол қатты аяздағы сияқты сықырлағанын байқадық. Осы тәжірибені тарелкада бірдей қабатта қан пен тұз салып, оны қисықпен ақырындап басатын болсақ, онда әлсіз сықыр естуге болады. Егер қант пен тұзды аздап сумен істесек, онда сиқыр тоқтайды.
Сонымен, сиқыр ұсақ кристалдардың үйкелісі мен бүлінуі нәтижесінде болады екен. Бір кристалдың бүлінуінің дыбысы естілмейді, олардың саны көп болса, қар, қантқ тұз сықырлауы басталады. Ал қатты аязда қар кристалдары қатты және сынғыш болып кетеді де, сықыр дауысы қаттырақ естіледі.
Біз коньки тепкен кезде...
Конькимен мұзда сырғанауың оңай екенін барлығымыз білеміз. Ал, альфатпен сырғанау мүмкін емес. Осы бақылау шанамен сырғанауға да қатысты.
Ғалымдар, конькимен сырғанаған кезде қар қысым әсерінен ериді де коньки жұқа су қабықшасымен сырғанайды. Су майлағыш болып қызмет атқарады. Қатты аяздарда су қысымы аз болады да сырғанау қиынға түседі.
Біз балмұздақ жеген кезде...
Оны дайындаудың тәсілі үлкен құпия болғанын еске түсірген дұрыс. Көптеген европалық сарайлар аспаздарының мұзды қолдануы бекер болды, себебі қаймақ, қант және жеміс шырындарынан тұратын қоспа тек суыды, қатқан жоқ.
Барлық құпия кәдімгі тұзда болды. Жасалған қоспаны тұз қосылған мұзы бар шелекее салса болғаны. Мұз бен қарға тұз қосып, температурасын өлшеңдер -20С болады, мұның себебітұз еріген кезде жылу жұтылады, осы жағдай температураның қосымша төментеуіне әкеліп соғады.
СОӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар
СОӨЖ тапсырмаларын дайындау барысында пән бойынша ұсынылған әдебиттерді байдалана отырып берілген сұрақты зерттеу қажет. Оқылған материалдар бойынша қысқаша конспект құрастырып, теориялық материалды қарастыру барысында қиындық туғызған немесе түсініксіз сұрақтарды белгілеу қажет.
СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар
Студенттерге физикадан берілетін жеке үй тапсырмасы олардың осы пән бойынша орындайтын өзіндік жұмысының бір түрі болып табылады. Студентердің өзіндік жұмысы деп, олардың оқытушының тапсырмасымен және бақылауымен, бірақ оның қатысуынсыз, ол үшін арнайы бөлінген уақыт ішінде орындайтын жұмысын түсінеді. Мұнда студенттер ақыл-ой жігерін қолдана және ой мен қимыл әрекеттерін қандай да бір формада (мысалы, есеп шығарғанда оның мазмұнын талдау, мазмұнды қысқа ұтымды тәсілмен жазу, шешудің оңтайлы әдісін таңдап алу және т.б.)білдіре отырып қойылған мақсатқа саналы жетуге ұмтылады.
Біз студенттерге физика пәні бойынша жеке үй тапсырмасы ретінде физикалық есептер ұсынамыз. Мұнда студенттердің тапсырманы өз бетімен орындау дәрежесін арттыру мақсатында олардың әрқайсысына мүмкіндігінше әр түрлі есептерді жеке варианттар бойынша береміз.
Студенттерге есептер шығартудағы мақсаттар мыналар: жаңа білімдер алдырту, білімді өз бетімен игеру іскерлігін қалыптастыру, білімді пысықтау және анықтау, білімді практикада қолдану іскерлігін қалыптастыру, практикалық сипатты іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық сипатты іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру.
Студент шығарған есепті бағалау өлшемін (критериін) анықтау үшін физика есептерін жіктеу(классификациялау) керек.
Физика есептері мына белгілер бойынша жіктеледі: мазмұн, мақсат, мәселені зерттеу тереңдігі, шешу тәсілдері , шарттың берілу тәсілдері, күрделілік дәрежелері және т.б.
Студенттер шығарған жеке үй тапсырмасын бағалау өлшемінің негізіне осы белгілердің бәрін алуға болады: физикалық құбылыстың негізгі мәселесінің мазмұнын құрайтын физикалық шамалардың, заңдардың молырақ қамтылуы; есептердің проблемалық (шығармашылық)деңгейі; мәселенің тереңірек талданып зерттелуі; шешу тәсілдерінің ең оңтайлысын таңдап алуы және т.б.
Әр студент орындайтын жеке үй тапсырмасына (бір жеке үй тапсырмасында физиканың бір бөлімі бойынша берілген 3-5 есеп болуы мүмкін) қойылатын максимал және миниамал баллдар силлабуста көрсетіледі. Әрбір жеке есептің шығарылуы бір есепке қатысты осы баллдар аралығында және айтылған өлшемдер (критерилер) бойынша бағаланады, сосын бүкіл тапсырмаға максимал және минимал баллдардың аралығында тиісті балл беріледі.
Максимал балл мысалы, «5» балл қатесіз және кемшіліксіз немесе бір ғана болымсыз кемшілікпен шығарылған есепке қойылады. Одан төменгі балл, мысалы «4» балл толық шығарылған, бірақ бірден аспайтын дөрекі емес және бір болымсыз қатемен немесе болымсыз қателер екіден аспаған жағдайда қойылады.
Одан төменгі балл мысалы «3» балл студент есептің тең жартысынан астамын дұрыс шығарғанда немесе дөрекі қатесі екіден (немесе дөрекі қатесі бірден және дөрекі емес қатесі бірден, сондай-ақ болымсыз қатесі бірден) аспаған жағдайда қойылады.
Тапсырма минимал баллдан төмен балмен бағаланған жағдайда ол студентке қайта шығару мақсатында қайтарылып беріледі.
Егер кейбір есептерді студенттің өз бетімен шығарғандығы күдік туғызса, онда одан оқытушы есепті қалай шығарғандығын түсіндіріп беруін талап ете алады. Бағаға көңілі толмаған студент оған қатысты оқытушыға тілегін білдіруіне болады.
1.Ғылыми ойлауға тән негізгі сипаттық белгілері: 1- объектінің, құбылыстардың диалектикалық қарама-қарсы қасиетерінің бір мезетте болу мүмкіндігін түсіну және диалектиканың қарама-қайшылықта алдын ала білу; 2- құбылыстардың өзара байланысын түсіну және осы өзара байланыстарды анықтай білу және сараптау; 3- объект немсе құбылысты даму барысында үнемі қозғалыста қарастыра білу; 4- белгілі жағдайларда білімнің тұрақтылығын, шыдығын түсіне білу; 5- сапалық және сандық өзгерістердің өзара байланысын түсіну; 6- ғылыми білімнің дамуында жоққа шығаруды көре білу
A. 1,2,4,5 B.1-6 C. 3,6 D.2,5 E. 2,3.4
2. Ғылыми ойлау үшін мына диалектикалық формула сипатты, 1- «ол да, басқа да (қарамақайшы) бір уақытта», 2- «ол да, басқа да, бір уақытта», 3- «немесе - немесе»....
A. 1 B.2 C. 3 D. 1,2 E. 1,2,3
3. Физика сабақтарында экологиялық оқытуды іске асыру жолдары:
A. Физикалық заңдылықтарды ауқымды атмосфералық құбылыстар негізінде түсіндіру ( циклондармен анти циклондардың тууы, жердің аййййналуының оның қозғалысына әсері және т.б.)
B. Тұрған жерде экологиялық мониторингті іске асыратын құралдармен комплекстерді демонстрациялау
C Адамның өндірістік іс әрррекетінің нәтижелерін көрсету мақсатында табиғатта сабақтар өткізу
D. Адам іс әрекетінің Эко жүйеге әсерін көрсететін фильм фрагменттерін демострациялау
E A-D жауаптары дұрыс
4. Оқыту мотивін былай деп қарастыруға болады:
A. Жеке тұлғаның интегралдық қасиеттері, яғни интелектуалдық еріктік, эмоционалды қасиеттерінің жиынтығы
B. Әр түрлі мазмұндағы және сипаттағы оқу іс -әрекетін тудыратын себептер
C. оқу іс-әрекетінің дер кездегі мезеті
D. танымдық қызығушылық
E. А-С жауаптары
5. Оқудың социалдық мотивтеріне мыналарды жатқызуға болады: 1. кең қоғамға пайдалы болу үшін, білім алуға ұмтылу,2. тар яғни басқалардың арасында белгілі бір орынға ие болуға тырысу, 3. социалдық бірлестік, яғни мұғалімдермен, оқушылармен және т.б бірігуге тырысу, 4. –жалпы, яғни таным әдістеріне қызығу, жеке жұмыс түрлеріне қызығу, 5- пәндік, яғни оқушыларды пән бойынша жаңа білімге ие болуға бағыттау, 6- өздігінен білім алушылық, яғни білімін өздігінен жетілдіруге бағыттау және оқу іс әрекетін өздігінен реттеу.
A. 1,2,3,4,5,6
B. 1,2,3
C. 4,5,6
D. 3
E. 4,6
6. Оқудың таымдық монтивтеріне мыналарды жатқызуға болады: 1. кең қоғамға пайдалы болу үшін, білім алуға ұмтылу,2. тар яғни басқалардың арасында белгілі бір орынға ие болуға тырысу, 3. социалдық бірлестік, яғни мұғалімдермен, оқушылармен және т.б бірігуге тырысу, 4. –жалпы, яғни таным әдістеріне қызығу, жеке жұмыс түрлеріне қызығу, 5- пәндік, яғни оқушыларды пән бойынша жаңа білімге ие болуға бағыттау, 6- өздігінен білім алушылық, яғни білімін өздігінен жетілдіруге бағыттау және оқу іс әрекетін өздігінен реттеу.
A. 1,2,3,4,5,6
B. 1,2,3
C. 4,5,6
D. 1,4,6
E. 4,6
7. Танымдық қызығушылықты дамытудың негізгі этаптары:
A. возникновение любопытствалюбознательностьэпизодический интерес
устойчивый познавательный интереснаправленность личности
B. возникновение любопытствалюбознательностьнаправленность личности
C. любознательностьэпизодический интерес устойчивый познавательный интерес
D. любознательность устойчивый познавательный интерес
E. эпизодический интересустойчивый познавательный интереснаправленность
личности
8. Мектептің физика пәнінің ерекшеліктеріне мыналарды жатқызуға болады:1- қоғамдық практикалық мәні; 2- оқылған құбылыстармен заңдардың логикалық анализін жасау жолымен жаңа білім алудағы жаңалық элементтері; 3- оқу материалының мазмұнының өмірлік мәнін; 4- алынған білімдердің практикада қолдану мүмкіндіктерін;5- зерттелген заңдылықтардан шыққан кейбір қорытындылардың күтпеген кезде кездесуі; 6- физикалық тәжірибелермен құбылыстарды көрсетуде эстетикалық қобалжудың пайда болуын
A. 2,4
B. 1,3,4,5
C. 1,2,3,4,5,6
D. 1,4
E. 2,5,6
9. Оқытудың әдістерінің репрадуктивті топшаларына мыналар жатады:
A. проблемалық баяндау
B. эвристикалық, зерттеулік әдістер
C түсіндіру – иллюстративтік, эффристикалық
D. түсіндіру – иллюстративтік
E. проблемалық баяндау , эвристикалық, зерттеулік әдістер
10. Оқытудың әдістерінің продуктивтік топтарына мыналар жатады:
A. проблемалық баяндау
B. эвристикалық, зерттеулік әдістер
C түсіндіру – иллюстративтік, эффристикалық
D. түсіндіру – иллюстративтік
E. проблемалық баяндау , эвристикалық, зерттеулік әдістер
11.Танымдық теорияның әдістеріне мыналар жатады:
A. абстрактылау, идеялизациялау, модееельдеу, ойша эксперименттеу, аналог әдісі, дедукция
B. идеализациялау
C. моделдеу, ойша эксперименттеу
D. аналог әдісі
E. абстракциялау, ойша эксперименттеу, дедукция
12. Оқыту құралдарын келесі негізгі топтарға бөлуге болады:
A. вербалдық, экрандық, дыбыстық, техникалық
B. вербальдық, көрнекілік, арнайы, техникалық
C. таблицалар, диаграммалар, схемалар, құралдар, суреттер, сызбалар
D. арнайы құрылғылар, экранды-дыбыстық оқу құралдары
E. оқулықтар, есеп құралдары, дидактикалық материалдар
13. Вербальді оқу құралдраына келесілерді жатқызуға болады:
A. экрандық, дыбыстық, экранды-дыбыстық
B. әртүрлі құрылғылар, құралдар, мультимедиалық құралдар
C. таблицалар, диаграммалар, схемалар, суреттер, сызбалар
D. мұғалімнің ауызша сөзі, оқулықтар, есеп кітаптары, анықтамалық материалдар, таратпа және дидактикалық материалдар
E. В, С, D жауаптарында көрсетілгендер
14. Көрнекілік оқу құралдарына келесілерді жатқызуға болады:
A. экрандық, дыбыстық, экранды-дыбыстық
B. әртүрлі құрылғылар, приборлар, мультимедиалық құралдар
C. таблицалар, диаграммалар, схемалар, суреттер, сызбалар
D. мұғалімнің ауызша сөзі, оқулықтар, есеп кітаптары, анықтамалық материалдар, таратпа және дидактикалық материалдар
E. А, В, С жауаптарында көрсетілгендер
15. Арнайы оқу құралдарына келесілерді жатқызуға болады:
A. экрандық, дыбыстық, экранды-дыбыстық
B. әртүрлі құрылғылар, приборлар, мультимедиалық құралдар
C. таблицалар, диаграммалар, схемалар, суреттер, сызбалар
D. мұғалімнің ауызша сөзі, оқулықтар, есеп кітаптары, анықтамалық материалдар, таратпа және дидактикалық материалдар
E. А, В жауаптарында көрсетілгендер
16. Техникалық оқу құралдарына келесілерді жатқызуға болады:
A. экрандық, дыбыстық, экранды-дыбыстық
B. әртүрлі құрылғылар, приборлар, мультимедиалық құралдар
C. таблицалар, диаграммалар, схемалар, суреттер, сызбалар
D. мұғалімнің ауызша сөзі, оқулықтар, есеп кітаптары, анықтамалық материалдар, таратпа және дидактикалық материалдар
E. А, В, С жауаптарында көрсетілгендер
17. Дыбыстық техникалық оқу құралдарына мыналарды жатқызуға болады:
A. радио, магнитофон
B. теледидар
C. теледидар, диапроектор
D. кинопроектор, магнитофон
E. кинопроектор, магнитофон, радио
18. Экрандық-дыбыстық техникалық оқу құралдарына мыналарды жатқызуға болады:
A. радио, магнитофон
B. теледидар
C. теледидар, кинопроектор, видеомагнитофон
D. кинопроектор, магнитофон
E. кинопроектор, магнитофон, радио
19. Мектептік физикалық құрылғылардың негізгі түрлеріне нені жатқызамыз?
А. Демонстрациялық құрылғылар
B. зертханалық құрылғылар
C. физикалық тәжірибе құрылғылары
D. демонстрациялық және зертханалық құрылғылар, физикалық тәжірибе құрылғылар
E. демонстрациялық және зертханалық құрылғылар
20. Физиканы оқытуда қолданылатын дидактикалық материалдар:
A. дыбыстық құралдар
B. статикалық проекцияға раналған құралдар
C. динамикалық проекцияға арнаған құралдар
D. дыбыстық құралдар, статикалық және динамикалық проекцияға арналған құралдар
E. дыбыстық құралдар, динамикалық проекцияға арналған құралдар
21. Динамикалық проекцияға арналған құралдарға жатады:
A. радио, дыбыстың магниттік жазбасы, слайдтар
B. суреттер, сызбалар, қағаздағы немесе түссіз пленкадағы тексттар
Достарыңызбен бөлісу: |