Сондықтан, сырт көзге қуатты әрі күшті көрінген алпауыт мемлекеттердің шөгуі
таңқаларлық оқиға болмаса керек. Бұрынғы Иран, Осман империясы,
Австрия
императорлығы да күйреді. Орыс патшалығы да жермен жексен болды. Бисмарк,
Вильгельм сияқты әйгілі адамдарды дүниеге келтірген Германия мемлекеті де
жеңілістің ащы дәмін татты.
Осы ретте қасиетті кітаптардың біріндегі мынадай тәмсілге назар аударсақ: Ерте
заманда зұлымдықпен ел билеген патша болыпты. Оның салтанатты сарайының
қабырғасында отпен жазылған мынадай сөздер бар екен: «Мане текел фарес!». Бұл
сөздердің мағынасы жұршылыққа түсініксіз болса керек. Ешбір адам түсіне алмаған
бұл жұмбақ сөздердің сырын сол заманның данышпаны –
Даниял былайша
түсіндірген: «Бұл от пен жазылған жазулар жақсылықтың нышаны болмаса керек. Не
де болса, ел басына күн туатын қиын – қыстау заманның келгендігінен хабар беріп тұр.
Бір кездегі дәуірлеген бұл мемлекеттің де дәурені өтті. Бұл тығырықтан шығар жол
жоқ.»
Ескі Рим императорлығы, XV Луидің Франция дәурені, Романовтардың орыс
патшалығы, Хохенцоллерндердің Германия мемлекеті, Хабсбургтардың Австриясы да
тығырықтан жол таппай, құрдымға кеткен. Тарих бұл мемлекеттер үшін өз үкімін
шығарды: «Мане текел фрес!»
Осының бәрін салиқалы ой таразысына салып, бір сәт ойланып көріңіз.
Жұлдызқұрт тәрізді жеке бастың қажеттілігінен аспайтын күнделікті күйбең тірліктің
құрдымына батып, саз балшыққа сүрінбейік. Керісінше, елдің ертеңіне елеңдейтін есті
ұрпақ тәрбиелеу жолында не істеу керек? Соны ойланайық! Тарихқа көз жүгіртсек,
онда тек императорлықтардың күйреуі ғана жазылмаған. Сонымен қатар, тығырықтан
жол тауып, жарқын болашаққа талпынған ұлттар
мен ұлыстардың тарихынан сыр
шертетін шығармалардың дүниеге келгенін күтеді.
Тарих – адамзат қауымына құмырсқаның ұясы сияқты бір жерде тұрмай,
өркениетпен өрілген әсем де, әдемі туындылар туғызатын мемлекеттердің мәртебесін
жоғарылата отырып, халықты басқарудың жолын көрсететін ғажайып ғылым.
10